Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата03.03.2017
өлшемі4,12 Mb.
#5985
  1   2   3   4   5   6   7

ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ

Құрылтайшы жəне 

шығарушы:

«Қазақ газеттерi» 

Жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

 Редакторлар кеңесiнiң  

Төрағасы   — 

Бас директор 

Жұмабек 

КЕНЖАЛИН

Бас редактор

Қуандық Түменбай

Бас редактордың 

орынбасары –

жауапты хатшы

Жарас Сəрсек

Редакция  алқасының 

мүшелерi:

Арман Қырықбаев

Бектұр Төлеуғалиев

Динар Нөкетаева

Мереке Құлкенов

 Нұрлан Оразалин

Өмірəлі Қопабаев

Сағатбек Медеубекұлы



Техникалық редактор

Жұмағазы Омарұлы

№5 (93)

2016


ЖАҢА ЗАҢ - 

ЖАҢА 


ТӘРТІПТІ 

ТАЛАП ЕТЕДІ

Елбасының  «Ұлт  жос-

пары» «Нақты 100 қадам» 

бағдарламасы 

аясын-


да  көптеген  жаңа  заңдар 

қолданысқа  еніп,  ағымдағы 

жылдан  бастап  күшіне  енді. 

Соның  бірі    2016  жылдың 

қаңтарынан бастап қолданысқа 

енгізілген  жаңа  Қазақстан 

Республикасы 

Азаматтық 

процестік  кодексте  өз  алды-

на  жаңадан  оңайлатылған 

(жазбаша)  іс  жүргізу  тарауы 

белгіленген.

Ўлт жоспары – наќты 100 ќадам

Серік БЕРДІБЕКОВ,

                                                                                                      

Маңғыстау облысы

Маңғыстау аудандық

сотының судьясы

Азаматтық  істерді  аз 

уақытта,  жан-жақты  толық 

қарау үшін аталған іс жүргізу 

тəртібіндегі 

осы 


аталған 

институттың 

орны 

ерек-


ше.  Азаматтар  мен  заңды 

тұлғалардың 

бұзылған 


2

 *«Үркер»*№52016

құқықтары мен заңды мүдделері уақытында 

сотта  қорғалып,  шешім  қабылдау  мерзімі 

негізсіз  созылмауы  тиіс.  Қазіргі  уақыта  

азаматтық  іс  жүргізудің  алға  қойған 

мақсаттары  мен  міндеттерінің  бірі  сотта  

істі қараудың тиімділігін арттыру, уақытты 

үнемдеу болып табылады.  

Осы    азаматтық  іс  жүргізудегі 

оңайлатылған  (жазбаша)  іс  жүргізудің 

ерекшеліктеріне  тоқталар  болсақ,  судья 

істерді  арыз  қабылданған  күннен  бас-

тап  бір  ай  мерзімде  оңайлатылған  (жаз-

баша)  іс  жүргізу  тəртібімен  қарайды. 

Істерді  оңайлатылған  (жазбаша)  іс  жүргізу 

тəртібімен  қарау  мерзімі  ұзартылуға  жат-

пайды.

Сот егер:



1) тарап бұл туралы өтінішхат берсе;

2) үшінші тұлғаның іске кіруі туралы 

өтінішхаты қанағаттандырылса;

3) қарсы талап қою қабылданса;

4)  осы  іс  бойынша  қабылданған  сот 

актісімен  басқа  тұлғалардың  құқықтары 

мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін бол-

са;


5)  дəлелдемелерді  олардың  тұрған 

жерінде қарап тексеру жəне зерттеу жүргізу, 

сараптама  тағайындау  немесе  куəның 

айғақтарын тыңдау қажет болса;

6)  қосымша  мəн-жайларды  анықтау 

немесе  қосымша  дəлелдемелерді  зерттеу 

қажет  болса  істі  талап  қою  ісін  жүргізу 

қағидалары  бойынша  жалпы  тəртіппен 

қарау туралы ұйғарым шығарады. 

 Істі талап қою ісін жүргізу қағидалары 

бойынша  жалпы  тəртіппен  қарау  туралы 

ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға 

тиіс  əрекеттер  мен  осы  əрекеттерді  жасау 

мерзімдері  көрсетіледі.  Іс  осы  Кодексте 

тиісті  санаттағы  істер  үшін  белгіленген 

мерзімдерде қаралуға тиіс. Істі қарау мерзімі 

талап қою арызы алғаш қабылданған күннен 

бастап есептеледі.

Мынадай:

1)  егер  талап  қою  бағасы  заңды 

тұлғалар  үшін – жеті  жүз  айлық  есептік 

көрсеткіштен,  жеке  кəсіпкерлер,  азаматтар 

үшін  екі  жүз  айлық  есептік  көрсеткіштен 

аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы 

талап қою арыздары бойынша;

2) талап қою бағасына қарамастан, та-

лап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай 

міндеттемелерін  белгілейтін  құжаттарға 

жəне (немесе) шарт бойынша берешекті рас-

тайтын  құжаттарға  негізделген  талап  қою 

арыздары бойынша;

3)  заңда  белгіленген  немесе  шартта 

көзделген  жағдайларда  сотқа  дейін  рет-

теу  тəртібімен  жасалған  дауды  (жанжал-

ды)  медиация  тəртібімен  реттеу  туралы 

келісімдерді орындау туралы;

4) «Нотариат  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  Заңында  белгіленген 

немесе  шартта  көзделген  жағдайларда 

сотқа  дейін  реттеу  тəртібімен  нотари-

ус  куəландырған  дауды  реттеу  туралы 

келісімдерді орындау туралы;

5)  тараптардың  тапсырма  шар-

ты  бойынша  адвокаттың  немесе  адво-

каттар  мен  тараптардың  қатысуымен 

«Адвокаттық  қызмет  туралы»  Қазақстан 

Республикасының 

Заңына 


сəйкес 

партисипативтік рəсім тəртібімен жасалған 

дауларды реттеу туралы келісімдерді орын-

дау туралы;

6)  заңда  белгіленген  немесе  шарт-

та  көзделген  жағдайларда  сотқа  дейін 

реттеу  тəртібімен  жасалған  кəсіпкерлік, 


3

инвестициялық  қызметке  байланысты  дау-

лар бойынша келісімдерді орындау туралы;

7)  заңда  белгіленген  немесе  шартта 

көзделген  жағдайларда  сотқа  дейін  реттеу 

тəртібімен  жасалған  сақтандыру  даулары 

жəне банктік қарыз шарттарынан туындай-

тын даулар бойынша келісімдерді орындау 

туралы;

8)  заңда  белгіленген  немесе  шартта 



көзделген  жағдайларда  сотқа  дейін  рет-

теу  тəртібімен  жасалған  тұтынушылардың 

құқықтарын  қорғау  саласындағы  даулар 

бойынша келісімдерді орындау туралы;

9)  заңда  белгіленген  немесе  шартта 

көзделген  жағдайларда  сотқа  дейін  реттеу 

тəртібімен  жасалған  зияткерлік  меншікке 

құқықтарды  қорғау  саласындағы  даулар 

бойынша келісімдерді орындау туралы;

10)  заңда  белгіленген  немесе  шарт-

та  көзделген  жағдайларда  сотқа  дейін  рет-

теу  тəртібімен  жасалған  неке-отбасылық 

қатынастар  саласындағы  даулар  бойынша 

келісімдерді орындау туралы;

11)  азаматтың  абыройына,  қадір-

қасиетіне  немесе  iскерлiк  беделiне  жəне 

заңды  тұлғаның  іскерлік  беделін  түсіретін 

мəліметтерді 

теріске 

шығаруды 

не 

бұқаралық ақпарат құралында жауапты жа-



риялау туралы даулар бойынша келісімдерді 

орындау туралы;

12)  заңда  белгіленген  немесе  шарт-

та 


көзделген 

жағдайларда 

дауларды 

сотқа  дейін  реттеу  тəртібімен  жасалған 

өзге  де  келісімдерді  орындау  туралы 

істер  оңайлатылған  (жазбаша)  іс  жүргізу 

тəртібімен қаралуға жатады.

2.  Осы  баптың  бірінші  бөлігінде 

санамаланған  талап  қою  талаптары  олар-

ды  оңайлатылған  (жазбаша)  іс  жүргізу 



Серік БЕРДІБЕКОВ. «Жаңа заң – жаңа тəртіпті талапты етеді»

тəртібімен қарау көрсетілмей қойылған кез-

де олар осы тараудың қағидалары бойынша 

қаралады.

Қазақстан  Республикасы  Азаматтық 

процестік кодекстің 146-бабына сəйкес      

1.  Талап  қою  арызы  нысаны  мен 

мазмұны бойынша осы Кодекстің 148 жəне 

149-баптарының талаптарына сəйкес келуге 

тиіс.


2. Сот талап қою арызын іс жүргізуге 

қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда 

істің  оңайлатылған  (жазбаша)  іс  жүргізу 

тəртібімен қаралатындығын көрсетеді.

3.  Сот  тараптарды  хабарландырып, 

жауапкердің  өзі  негіздейтін  құжаттар  мен 

дəлелдемелерді  қоса  беріп,  он  бес  жұмыс 

күні  ішінде  талап  қою  арызына  пікір 

(қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгілейді. 

Пікірге (қарсылыққа) оның көшірмелері та-

лап қоюшыға жіберілгенін растайтын құжат 

қоса беріледі.

4.  Сот  белгілеген  мерзім  өткеннен 

кейін  сотқа  келіп  түскен  пікір  (қарсылық), 

дəлелдемелер  жəне  өзге  де  құжаттар,  егер 

тарап  оларды  сот  белгілеген  мерзімде 

ұсынудың мүмкін еместігін негіздесе жəне 

олар  сот  шешім  шығарғанға  дейін  түссе, 

қабылданады.

5.  Пікірді,  дəлелдемелерді  жəне  өзге 

де  құжаттарды  ұсыну  үшін  сот  белгілеген 

мерзімдер  өткеннен  кейін  сот  тараптарды 

шақырмай  істі  оңайлатылған  (жазбаша)  іс 

жүргізу тəртібімен қарайды.

6. 

Сот 


тараптар 

ұсынған 


құжаттарда  баяндалған  түсініктемелерді, 

қарсылықтарды 

жəне 

дəлелдемелерді 



зерттейді жəне шешім қабылдайды.

7.  Істі  оңайлатылған  (жазбаша)  іс 

жүргізу  тəртібімен  қарау  кезінде  осы 


4

Кодекстің  сот  мəжілісінің  хаттамасы 

жүргізілмейді,  істі  қарау  кейінге  қалдыру 

қағидалары қолданылмайды.

Оңайлатылған  (жазбаша)  іс  жүргізу 

тəртібімен қаралатын іс бойынша қысқаша 

шешім  шығарылады,  ол  осы  Кодекстің 

19-тарауында белгіленген талаптарға сəйкес 

келуге  тиіс.  Сот  шешімінің  көшірмелері 

тараптарға  оның  алынғанын  тіркеуді 

қамтамасыз  ететін  байланыс  құралдары 

пайдаланыла отырып жолданады не шешім 

шығарылған  күннен  бастап  түпкілікті 

нысанда  бес  жұмыс  күнінен  кешіктірмей 

беріледі.

Жауапкер  оңайлатылған  (жазбаша)  іс 

жүргізу  тəртібімен  шешім  шығарған  сотқа 

сот  шешімінің  көшірмелерін  алған  күннен 

бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің 

күшін  жою  туралы  арыз  беруге  құқылы. 

Арыз,  егер  жауапкер  талап  қою  арызының 

келіп  түскені  жəне  оның  оңайлатылған 

(жазбаша) іс жүргізу тəртібімен қаралатыны 

 *«Үркер»*№32016

Айтулылар айтқан сөз

Мен сахнада 25 мың көрерменмен 

сүйсiнемiн, бiрақ үйге жалғыз қайтамын.

                Дженис ДЖОПЛИН, 

америка әншiсi

туралы  тиісті  түрде  хабарландырылмаған 

жəне 

пікірді, 



сондай-ақ 

шешімнің 

мазмұнына əсер ете алатын дəлелдемелерді 

ұсына алмаған жағдайда беріледі.

Шешімнің  күшін  жою  туралы  арыз 

осы  баптың  екінші  бөлігінде  көзделген  та-

лаптар  ескеріле  отырып,  осы  Кодекстің 

21-тарауында белгіленген қағидалар бойын-

ша қаралады.

Шешімге  осы  шешімнің  күшін  жою 

туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал егер 

арыз  берілген  жағдайда – сот  осы  арыз-

ды  қанағаттандырудан  бас  тарту  туралы 

ұйғарым  шығарғаннан  кейін  бір  ай  мерзім 

ішінде  апелляциялық  тəртіппен  тараптар 

шағым жасауы немесе прокурор наразылық 

білдіруі мүмкін.

Оңайлатылған  (жазбаша)  іс  жүргізу 

тəртібімен  тараптар  ұсынған  құжаттар 

бойынша  тараптарды  шақырмастан,  осы 

Кодекстің 277, 279-баптарында белгіленген 

негіздер  бойынша  іс  жүргізу  тоқтатылуы, 

арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.


5

ТОЛҒАУЫ ТОҚСАН 

АНА  ТІЛІМІЗ

Тіл – таєдыр 



Айжан ҚОЖА-АХМЕТ

1993  жылы  туған,  əл  Фа-

раби  атындағы  ҚазҰУ-дің  фило-

логия  факультетін  бітірген.  Абай 

атындағы ҚазҰПУ магистранты.

Уақыт  əсері  адамның  сөйлеп  жүрген 

тіліне  де  тиеді.  Тілдегі  кейбір  сөздерге  түрлі 

себептермен  балама  (синоним)  сөз  пайда 

болғанда, бұрынғы сөз бірте-бірте қолданыстан 

шығып  қалады.  Мұндай  ескірген  сөздер 

əдетте  өткен  замандар  туралы  шығармаларда 

ғана  қолданылып,  оған  түсініктеме  беріледі. 

Мағынасы түсініксіз бола тұра кейбір көнерген 

сөздердің  əлі  де  қолданыста  болуының 

себебі – жаңа  синонимімен  қосарлана,  қос  сөз 

түрінде  айтылуынан.  Бір  сыңарының    немесе 

екі  сыңарының    да  мағынасы  көмескі  я  мүлде 

ұмытылған қос сөздер жайын қазақ тілінің ма-

мандары зерттеп, өз пікірлерін айтып келеді. 

Жеке  айтылғанда  мағынасы  қазіргі 

жұртшылыққа  түсініксіз  сөздер  тіліміздегі 

фразеологиялық  (тұрақты  сөз  тіркестері) 

сөздерде 

де 


кездеседі. 

Мысалы, «міз 

бақпайды», «тілі  мірдің  оғындай», «үр  жаңа», 

«суқаны  сүймеді», «беті  аймандай  болды»  

сөз  тіркестеріндегі  қарайтылған  сөздерді  ел 

түсінсе де түбіне үңілмейді. Санамызда белгілі 

бір  тұрақты  мағынаға  ие  болып  қалыптасып 

қалғандықтан,  тіркес түрінде қолдана береміз. 

Ал кейбір: «сөз саптады», «ортан қолдай», «су-

дай  жаңа», «арасынан  қыл  өтпес  дос  (қылдай 

дос)», «шіріген бай», т.б. сияқты,  шын мəнінде  

түсініксіз  сөзі  бар  фразеологизмдерге,  тіптен, 

өзімізге  түсінікті  мағыналар  беріп  қойғанбыз. 

Бұған  көз  жеткізу  үшін  І.Кеңесбаевтің  «Қазақ 

тілінің  фразеологиялық  сөздігінен» (қысқаша 

І.К.) бірнеше мысалды талдап көрелік. 



1. СӨЗ САПТАДЫ 

І.К.:  Сөз  саптады  Жүйелі  сөйледі;  Сөз 



саптауы  (саптасы)  Айтар  ойы,  емеуріні  деген 

мағынада.

«Қазақ 

тілінің 


түсіндірме 

сөздігі» 

(ҚТТС):  САП – пышақ,  балта,  қамшы,  т.б. 

құралдардың  қолға  ұстайтын  жері.  САПТА  І 

Белгілі бір құралға сап жасау; ІІ Сөз саптады – 

сөз құрастырды, сөз айтты. 

Ал  «Көне  түрк  сөздігінде» (ДТС):  SAB 

-  слово,  речь:  табғаш  бодұн  сабы  сүчіг,  ағызы 



6

йымшақ  ерміш  (табғаш  халқының  сөзі  тəтті, 

асыл  заттары  жұмсақ  келеді) (Көлтегін  «кіші 

жазуының 5-жолы);  SAB ID (сөз  ет,  сөз  айт) - 

сообщать,  говорить: sab ança idmis – он  так 

сказал  (Тоныкүк  еск. 9-жол)-  деген  мысалдар 

келтірілген.

Ертеде «сөз» – саб делінсе, ал  «сап, сап-

тау» оған омоним болмаған. ДТС-да: SAРручка, 

рукоятка делініп, М.Қашқаридан: «Оғлан іші іш 

болмас, оғлақ мүңзі сап болмас» (Баланың ісі іс 

болмас,  лақтың  мүйізі  сап  болмас),  ал  SAРLА 

(сапта)  сөзіне: «Ер  қылыш  саплады», – деген 

мысалдар берілген.

     Сонымен, шын мəнінде, «сөз саптады» 

фразеологизмінің мағынасы  «сөз сөйледі» (саб 

саблады)  деген  екі  синоним  сөздерден  тұрады 

екен.


2. ОРТАН  ҚОЛДАЙ 

І.К.  Ортан қолдай - Мына деген мықты, 

жарамды. Көлігін, жылы шанасын, жол азығын, 

қос аттарын шетінен ортан қолдай қып сайлап 

алды (М.Əуезов); Ортан қолдай төрт ұлы болды 

– шетінен қасқыр (Б.Майлин). 

Анатомиялық мүше ретінде екі қол – оң 

қол  мен  сол  қол  болатыны  белгілі,  ал  «ортан 

қол» деген не?

«Тұңғыс-манжұр  сөздерінің  түсіндірме 

сөздігінде» (ТМС): 

ГОЛО  бревно (бөрене)

Эвен, Орок тілдерінде гол, голо – 1. дро-

ва, дерево, бревно; 2. основные бревна-поленья 

в костре», - делінген.

Міне, осы, от жаққанда негізгі, ортадағы 

ағаш та ғол, ғоло аталуынан бұл сөз «ортадағы, 

орталық»  деген  мағынаға  да  ие  болғанын 

көреміз. Ендеше қазақ тіліндегі «ортан қолдай» 

деген  сөз  тіркесі  «ортаңғы  ағаштай»  дегенді 

білдіреді.  Тіліміздегі  «қолағаш»  сөзі  де  ағаш  

екен.


3. СУДАЙ ЖАҢА 

І.К.  Судай  (су)  жаңа  «Жап-жаңа; 

Ұсталмаған, 

жұмсалмаған 

соны 

нəрсе 


атаулының бəріне қолданылады» делінген. (І.К. 

«Сөздігінде» фразеологизмді құраған сөздердің 

этимологиясы емес, жалпылама мағынасы ғана 

түсіндірілгенін көреміз).



Қ. Бегмановтың «Этнографпен əңгіме» 

кітабында  Ж.Бабалықов:  «Су  жаңа – ағын 

су  əр  сəт  сайын  бір  сызық  үстінен  жаңарып 

өтіп  жатады.  Су  табиғатының  сəт  сайын  жаңа 

ағысын өткізіп, сол сəттің үздіксіз қайталануы 

«су жаңа» сөзін тудырған», – депті.

Көне түркі тілінде «су-есəн» (су-есен) қос 

сөзі бар. ДТС-да  SU қытай сөзі екені айтылып 

«ожить,  воскреснуть» – деп  түсіндіріледі.  Бұл 

қазақшада  «жаңғырған», «жаңарған», «қайта 

қалпына  келген»  дегенге  саяды.  І.К.  мұны 

«жап-жаңа»  қайталама  қос  сөзімен  түсіндірсе, 

шын мəнінде, бұл қытайдың «су» (жаңғырған, 

жаңарған)  жəне  онымен  синоним  қазақтың 

«жаңа»  сөзінен  тұратын  қосарлама  қос  сөзі 

болмақ.  Алайда  қытайдың  «су»  сөзін  қазақ 

тіліндегі  «су»  деп  ойлап,  екі  синоним  сөзден 

тұратын  «су-жаңа»  қос  сөзін  «судай  жаңа» 

фразеологизміне айналдырып алыппыз.   

            

4. ТЕЛЕГЕЙ ТЕҢІЗ 

І.К.  Телегей  теңіз  Көп,  мол  деген 

мағынада.Жетім-жесір, қарып-қасердің телегей 

теңіз жасын көрерім қалды ма? (М.Əуезов).

Көне  түркі  ескерткішінде  «талуй-өгүз» 

қос  сөзіндегі  талуй,  талай  сыңарын  қазірде 

үлкен,  кең,  даладай,  далиған  сияқты  сын  есім 

сөздер  ретінде  қолданудан  тілімізде  «телегей 

теңіз» тұрақты тіркесі жасалған. Қос сөз түрінде 

қазірде  қолданыста  жоқ.  Ал    «Ұйғырдың  заң 

құжаттары» (Usр) көне ескерткішіндегі «талуй-

өгүз»  қос  сөзін    ДТС  «океан-море»  деп,  жеке 

жазылған «талай, талуй» сөзін де «океан, море» 

деп аударған. Көлтегін «кіші» жазуында: ilgəru 

santun jaziqa tegi sulədim taluiqa kiçig tegmadim 

(Ілгері,  Шантун  жазығына  дейін  шеруледім, 

теңізге кішкене тимедім (жетпедім)» – делінген. 

«Оғыз-намадағы»: «Мұнда  Етіл  мүрəн  дегəн 

бір талай бар ерді» сөйлемінен «талай» сөзі мол 

суға, үлкен өзенге де қатысты қолданылатынын 



 *«Үркер»*№52016

7

көреміз.  Монғол  тілінде  бұл  сөз  «далай» 

деп  айтылады.  Қазақтың  «даладай  кең, 

далиған»  сөздері  осы  «талай,  талуй,  далай» 

түбірінен  болса  керек.  Ендеше  «телегей  теңіз» 

фразеологизміне айналдырып алғанымыз теңіз-

өзен,  мұхит-теңіз  деген  мағыналас  сөздерден 

тұратын қосарлама  қос сөз екен.



5. ҚЫЛ ӨТПЕС ДОС

І.К.  Қыл  өтпейді;  Араларынан  қыл 



өтпейді.  Балдай  тату,  ынтымағы  бір,  достығы 

берік» - деп түсіндірілген. 

Алайда  мағынасын  қысқа  айтсақ – 

«достық». «Араларынан қыл өтпес дос» деп те 

айтылады. Неге «ине өтпес, ауа өтпес», т.б. деп 

айтылмайды деген сұрақ туады. 

Сөйтсек бұл фразеологизмдегі  «қыл» сөзі 

қазақша емес, мағынасы  «дос, жолдас» дегенді 

білдіретін араб тіліндегі «хыл» сөзі екен. ДТС: 

ХІL  (aраб. ) друг,  сподвижник,  помощник», - 

деп  түсіндіреді.  Сондай-ақ  XIL QOLDAS    қос 

сөзі болғаны көрсетіліп, Ж.Баласағұннан: turup 

barsa evka xilin qoldasin / өzi birlə jetursa asin 

(тұрып  барса  үйге  хылын-жолдасын  өзімен 

бірге жеткерсе асын)» мысалы келтірілген.

ҚТТС-да:  ҚЫЛ  Жалдың,  құйрықтың 

жіңішке  əрі  ұзын  бір  талы.  Қылдай  бөлді – 

бірдей  етіп,  тепе-тең  бөлді;  Қылдан  тайды – 

жаңсақ кетті, жаңылды.

Меніңше  бұл  арада  да  арабтың  «хыл» 

(дос)  сөзі  қолданылып,  Қылдай  бөлді  –  до-

старша  (əділетті)  бөлісті;  Қылдан  тайды  – 

достықтан тайды, айныды» деген мағынада ай-

тылса керек.

6. ОТТАМАЙ ОТЫР!

І.К.  Оттамай  отыр!  кейіс  сөз.  Не  болса 

соны соғып сөйлемей отыр!

Бүгінде  көпшілік  осы  фразеологизмді 

кейіс  сөз  ретінде  білгенімен  сөз  түбірінің 

мағынасы ұмытыла бастаған.

ҚТТС: ОТ І. Қызуы аса күшті алаулаған 

жалын; ОТ ІІМалға азық боларлық шөп.

Тіліміздегі  «отты-сулы» (от-суы)  қос 

сөзіндегі бірінші сыңарды қазіргі жұрт «жана-

тын  от»  деп  түсінеді.  Ал  «оты  мен  суы  мол», 

«малды отқа жібер» десек түсінуі неғайбыл. 

ДТС:  ОТ  трава,  зелень:  Атқа  от  бергіл 

– дай лошади травы; От өнді – трава выросла; 



ОТЛА пастись: Ат отлады – лошадь паслась – 

деп,  М.Қашқари  «Сөздігінен»  бірнеше  мысал 

келтірген.  Ендеше, қазіргі тіліміздегі «Оттама! 

Оттапсың!, Оттамай отыр!» – деген кейіс сөздер 

«мал  сияқты  шөпті  жепсің» (бекер  сөйлейсің) 

дегенге саяды. «Отты-сулы», «от-суы» қос сөзі 

қазіргі  тілмен  айтқанда    «шөпті-сулы», «шөбі 

мен суы мол» дегенді білдіреді екен.



7. ШІРІГЕН БАЙ 

Бұл 


фразеологизм 

І.Кеңесбаев 

«Сөздігінде»  жоқ.  Алайда  қазақ  тілінде 

қолданыста бар тұрақты сөз тіркесі. 

ҚТТС:  ШІРІ   1. Іру,  бұзылу; 2. Ауысп. 

Құру,  жойылу,  өлу; 3. Ауысп.  Мыңғырған; 



Шіріген жұмыртқа – шетке шыққан, ата-ана-

дан, елден шыққан (бала); ШІРІГІШ Бүлінгіш; 



ШІРІК 1. Шірінді, шіріген; 2. Ез, былжыр, на-

мыссыз, т.б.

Байқағанымыздай, «шірік,  шіріген»  сөзі 

негізінен  жағымсыз  құбылысты  білдіреді  де, 

тек  бір-ақ  рет  ауыспалы  мағынада  мыңғырған 

байлықты  білдіруге  де  қолданылады  екен. 

Бір  сөздің  осылайша,  жағымсыз  əрі  жағымды 

нəрсені де білдіруі қисынға келе ме? 

Көне  түрк  жазба  ескерткішіне  жата-

тын  «Ұйғыр  əрпімен  жазылған  буддалық 

мағынадағы  құжаттарда»  «шірішті-байағұт» 

деген  қос  сөзі  бар.  Оны  ДТС: «ШІРІШТІ  – 

санскрит  сөзі  (шірешт  йа),  мағынасы  «бога-

тые,  зажиточные»  деп  түсіндірген.  Көне  түрк 

тіліндегі  қос  сөздің  екінші  сыңары  «байағұт» 

қазіргі  тілімізде  «баяуыт»  делінеді, «бай-

баяуыт»  қос  сөзі  де  бар.  Ендеше    «шіріген 

бай»  фразеологизмінің  бірінші  сөзі  қазақтың 

«шіріген»  сөзі  емес,  санскриттік  «шірішті» 

(бай, ауқатты) сөзі екен.

Айжан ҚОЖА-АХМЕТ. «Толғауы тоқсан Ана тіліміз»


8

...)Ƴ+ Ư++,+ ƹƳ+Lj 

+ ƺƺLj  +Ljƺ

 «Їркер – їміт» бəйгесіне!



ӨМІР

Ойларым жолдас боп алды түндермен кілең,

Тағатсыз іздеп келемін күн-бейнеңді мен.

Кезіге қалсақ, жүрегім нұрланса-дағы,

Көрсетем жұртқа сұрланып үлгерген рең.

Бақыт та, бақ та біздерді таниды делік,

Екеуміз жайлы айтпады фəни күрмеліп.

Ауада ұшқан асқақтық ұлпалары да,

Бұл күні менің жанымды қариды келіп.

Өзіңнен өзге кімге енді тағармын айып,

Салқындығыңнан қалса егер жанар мұңайып.

Сағынышыма тұншықсам, кетер ме екен -

Басымнан бағым, қолымнан қаламым тайып.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет