Сенің елесіңмен тілдесу
Қалай жаным жай-күйің?
Тірімісің?
Ұмыттың ба бұл жақтың бұрылысын?
...Бұлқынғанын жүректің білмедің бе,
Кірпігіңде ойнаған діріл үшін...
Ұмыттың ба сезімнің сахнасын,
Мұздай мұңға өзіңді батырасың...
...Басқа қызға барыпсың-деуің қалай?
Оны қайдан шығардың?
Қатырасың!
Тоқымаңды шешшейші...
Тоңдың ба, не?
Шілде айында керек пе, сол бір бəле?
...Əуежайдан күтіп ап, жылытармын,
Жақын келіп қалыпты ол күн де əне...
Шай ішшейші...
17
Ішпесең жат жаныма,
Орал сол бір бақытты шақтарыңа.
...Сонау күннен ішіңде жүрген шерді,
Айтып, айтып тасташы ақтарыла...
...Иə...Мен де сағындым...
Түгім қалмай!
Сағынбайтын жан болғам бұрын қандай!
...Міне, осының өзінде елесіңе,
Əңгіме айтып отырмын жын ұрғандай!
Жарайды енді...
Отырдық...Мұңды шақтық...
Артық сөйлеп көрсетпен мүлде ұсақтық!
...Мынау Рахат кəдімгі Мəжнүн болды,
Саған ғана гүл берген бір құшақ қып...
Жұлдыз қашса айрылар аспан сəннен,
Дəл сондаймын сағыныш
жастансам мен...
...Ал, əзірге бетіңнен сүйіп қойдым,
«Қайта айналып келгенше» қош
бол сəулем...
Керемет қыз
Көңілім гүлсіз еді, көбелексіз,
Көгімнен нұр төктіңіз себелеп сіз.
...Құдай-ау, бұл не деген керім жанар,
Құдай-ау, бұл не деген керемет қыз.
Шаштарың қара түннен қиылған ба?
Жанарың таңның берер сыйын жанға.
Еее, сен қыз сор боларсын біреулерге,
Еее, сен қыз бақ боларсын бұйырғанға.
Кейпіңді көрер ме еді дəл қазіргі,
Алтыным балдан тəтті, алма жүзді.
...Жұлдыздан оқығын кеп отыр ма екен,
Маңдайға көктен түскен сан жазуды.
Шықпайтын жан болсаң да мұңы бетке,
Сенесің сезім атты құдіретке!
....Айнаға қарап əлде отырмысың,
Түсіріп өзіңді-өзің сүгіретке.
Қағазға қайта қонып сырым, мұңым,
Жүрегім тағы түрді шымылдығын.
Біреулер көміп кеткен сезімімнің,
Қайтадан туған күні бүгінгі күн!
Көңілім гүлсіз еді, көбелексіз,
Көгімнен нұр төктіңіз себелеп сіз.
...Құдай-ау, бұл не деген керім жанар,
Құдай-ау, бұл не деген керемет қыз.
Ал, сенің өз еркіңде...
Жүретін шырайланып бірге өлеңім,
Жүректе айналғансың гүлге керім!
...Көктем деп сүйер едім күз боп кетсең,
Көлеңке болып кетсең Күн дер едім...
Аспанның ақ шуағы бойға дарып,
Көкке ұштым жырдан қанат байлап алып!
Мұң болсаң шаттығым деп сенгенімдей,
Түн болсаң таң дейтінім айдан анық!
Тас болсаң тас демеспін, мақта дермін,
Мақтаға тамған қаным шап-шақ ернің!
Ренжітсең-сүттен ағым деп өзіңді,
Бəрінен кінə іздедім басқа əлемнің!
Ең жақын бағым болдың бір қарасам,
Ең алыс сағым болдың бір қарасам!
...Көгімнен жауған нұр деп жақсы көрдім,
Көзімнен сағыныш боп сырғанасаң...
Ғашық боп, таусылғанда сайран кезім,
Өзіңнен өзге əлемді жойған да өзім!
...Бетіңе шыбын қонса көрмейді ғой,
Бойыңа шаң жуытпас қайран көзім...
Не деген жылы дермін қарға айналсаң,
Қалайда өрт қыламын жанбай қойсаң!
...Мен сені жүрегімде жасап алдым,
Ал сенің өз еркіңде қандай болсаң!
Рахат ƏБДІРАХМАНОВ. «
Дүрсіл қаққан жүрегің төсіңді ұрып,
Шығайын деп тұр ма екен бері қарай?!
»
18
ВЕЛОСИПЕД
КҮНДЕЛІКТІ
КӨЛІККЕ
АЙНАЛМАЙ ТҰР
Айтайын дегенім
Денсаулыққа пайдалы əрі қызықты
демалыстың бір түрі – велосипед тебу. Вело-
сипед алыс жолдарға да əлдеқайда тез апа-
рады. Автокөлікте жүргеннен денсаулыққа
еш пайда жоқ. Ал, шайтанарба адамның
аяқ бұлшық еттерін нығайтып, ағзаның
қалыпты жұмыс жасауына мүмкіндік
туғызады. Сондай-ақ, қан айналымының
дұрыс жүруіне оң əсерін тигізетіні белгілі.
Көптеген игі ықпалы болса да, осы көлік
түрін біздің елімізде жиі қолдана бермейді.
Оның өзіндік себептері де бар. Біріншіден,
бізде велосипедке арналған жолдар жоқтың
қасы, екіншіден, оның халық арасында на-
сихатталуы кемшін.
ХІХ ғасырда пайда болған екі дөңгелекті
көлік бірқатар елдерде қоғамдық көлік деңгейіне
дейін жетті. Бүкіл əлемде миллиардтан астам
велосипед бар екен. Олар түрлі мақсаттарға
қолданылатыны сөзсіз. 70 пайызы қозғалыс
құралы қызметін атқарса, 29 пайызы демалыс
үшін, 1 пайызы ғана спорттық жарыстарға пай-
даланылады. Велосипедті қолдану үрдісі ба-
тыс елдерінде қатты дамыған. Өткен ғасырдың
1920 жылдарынан бастап Германия велосипед
жолдарын салуға білек сыбана кірісті. Мұндай
жолдар автокөліктерге кедергі келтірмеуі үшін
салынды. Ал, Еуропаның велосипеді ең көп
Дания елінің бір адамы жыл сайын орта есеп-
пен 893 шақырым жол жүреді екен. Бүкіл ел
жұмысына да, дүкенге де велосипедпен бара-
ды. Скандинавиалықтар педалды айналдыру
ыңғайлы ғана емес, экологиялық жағынан да
тиімді əрі денсаулыққа пайдалы деп есептейді.
Нидерландтар елінде де велосипедпен жүруге
мемлекет аса мəн береді. Онда шайтанарбаға
Нұрлан ҚҰМАР,
журналист.
19
Нұрлан ҚҰМАР. «Велосипед күнделікті көлікке айналмай тұр»
арналған 15000 шақырым жол бар.
Арнаулы бағдаршам, велотұрағы бар
бұл елдерде велосипедті қаншалықты кеңінен
қолданатынын бағамдай беруге болады. Біздің
елде веломəдениет дəл осындай деңгейге жетпе-
се де, велосипед тебетіндер қатары өсе бастаған
сыңайлы. Мəселен, Астанада велосипедті жалға
беретін орындар көбейген. Саябақтардың
өзінен бірнеше жалға берушілерді кездестіресіз.
Ондағылардың
айтуынша,
велосипед
тебушілердің қатары күн санап өсіп келеді. Де-
малыс күндері адам саны, тіпті, көбейе түседі
екен. Астанада өткен Голландия апталығы
кезінде «Астанаға веломəдениетті енгізу» деген
тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Оған Нидерландтан келген өкілдер қатысып,
қала көшелерінде велосипедке арналған жолдар
жасау, белгілер қою жəне оның қатынас көлігі
ретінде танылуына қатысты пікір алмасты.
Мамандардың айтуынша, Астана – велосипед-
пен жүруге өте ыңғайлы қала екен.
Қазіргі таңда Шымкенттік əуесқой вело-
спортшылар қалада велоинфрақұрылымның
дамымағанын
айтады.
Жергілікті
билік
велотұрақтар мен төрт-бес көшеге веложол са-
луды енді жоспарлап жатыр.
Еркін Қалдаров – күн сайын көшеге
жаттығуға шыққанда басын қатерге байлайтын
шымкенттік əуесқой велоспортшылардың бірі.
Велоинфрақұрылым дамымаған қалада
Еркін мен оның велосипедші жолдастары
қауіпті болса да, көліктің жолымен жүруге
мəжбүр. Олар барынша абай болуға тырыса-
тындарын айтады.
-Қалада көліктер жүретін жол мен жо-
лаушылар тротуары ғана бар. Тротуарлармен
жүрейік десек, адамдар көп. Абайсызда қағып
кетсек, тағы қиын. Қаладағы кейбір фит-
нес клубтардың алды мен саябақтарда ғана
велотұрақтар бар, - дейді Абай.
Əуесқой
велоспортшы
Оңтүстік
Қазақстан
облыстық
сотының
төрағасы
Нұрсерік Шарипов «аптасына үш рет велоси-
пед теуіп, спортпен айналысатынын» айтады.
Велоспорттың денсаулық үшін пайдасы зор
деп біледі «Шымкент көне қала болғандықтан
кезінде велоинфрақұрылым қарастырылмаған».
Қалада əуесқой велоспортшылар көп. Бірақ,
велоинфрақұрылым дамымаған. Былай қарасақ,
қала көшелеріндегі жол жүру жолағының өзі
тар. Тек дендросаябақ пен жаңа əкімшілік
іскерлік орталығының аймағы ғана велосипед
тебуге ыңғайлы болып отыр», – дейді ол.
Қазір елімізде велосипедтің түрлеріне
қарай бағасы 6 мыңнан бастап 500 000 теңгеге
дейін сатылымда бар. Əр адам өзінің қаражат-
қалтасына байланысты бұл көлікті сатып
ала алатыны белгілі. Дегенмен арзанқол
велосипедтердің сапасы төмен, кез келген
уақытта сынып қалу қаупі де бар екенін айтқан
жөн.
Бұдан басқа Алматыда велосипедтерді
жалға беретін орталықтар көбейді. Оның
бағасы да əртүрлі. Мəселен, 1 сағатқа 500 тенге,
кешкі сағат 20-ға дейін күніне 2000, күнделікті
түнгі уақытқа 1500, демалыс күндердің
кешкісіне 1500, тəулігіне 2500 теңгеге дейін ба-
рады екен. Қаладағы «EvroSportService» деген
велоорталықтың қызметкері Дмитрий Щигу-
лин шаһар тұрғындарының велосипедке жыл-
дан жылға құмары артып келе жатқандығын ай-
тады. «Жасыратыны жоқ, велосипедке сұраныс
көктем мезгілінен бастап күздің аяғына дейін
жалғасады. Əсіресе, жазда велосипедті жалдап
тебетіндердің саны тым көп. Қала тұрғындары
да əртүрлі. Біреуі жас болса, енді бірі кəрі деген-
дей. Сонымен қатар велосипед тебетіндердің
барлығы да мəдениетті деп айта алмаймын.
Олай дейтінім кейбірі велосипедті сындырып,
оны маған білдіртпей өткізіп жіберуге тыры-
сады. Бұл кезде күш маған түседі. Мен бұл
көліктерді қайтадан жөндеуіме тура келеді.
Бұған қосымша қаржы да, уақыт та кетеді».
Велосипед тебетіндер үшін өзіндік
мəселе бар. Мəселен, былтырғы жылдың ба-
сында жол жүру ережелері Заңнамасына
20
* «Үркер»* №7* 2016
өзгерістер енгізілген болатын. Осыған сəйкес
бұдан былай велосипед жүргізушілеріне жаяу
жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салы-
нады. Салауатты өмір салтын серік етушілер
Заңның асығыс қабылданғандығын тілге тиек
етуде. Өйткені, велосипед жүргізушілеріне
тиісті инфрақұрылым жасалмаған. Ережедегі
өзгерістерге сəйкес, велосипед жүргізушілеріне
бұдан былай тротурармен жүруге тыйым са-
лынады. Тек қана велосипед жолақшаларын
не көлік жолдарын пайдалануға рұқсат
беріледі. Алайда, адамдардың көбі заңдағы бұл
өзгерістің шынайы өмірден алшақтығын алға
тартуда. Өйткені, велосипед жүргізушілеріне
арналған жолдар Қазақстанның бар-жоғы екі
қаласында ғана бар. Полицейлер тротуармен
жүрген велосипедшілерге айыппұл салмайды.
Əзірше ауызша ескертумен ғана шектелуде.
Қазір еліміздің əр өңірінде велосипед
маусымы ашылды. Алматы қаласының өзінде
əрбір 2 апта сайын велосипедтен түрлі жарыстар
өткізілуде. Алматы қаласының əкімі Бауыржан
Байбек те велосипед тебушілердің қатарында.
Жастардың велосипедке деген қызығушылығы
артқан. Түрлі жарыстарға қатысып жүлделі
болып жүргендердің де қарасы көбейген.
Ең бастысы, велосипед тебушілердің ішінде
қазақтардың көбейгенін естідік. Лəйім солай
болғай.
21
Нұрлан ҚҰМАР. «Велосипед күнделікті көлікке айналмай тұр»
Марат БАЛТАБАЕВ, жеңіл атлетикадан 6-дүркін Азия чемпионы:
-Жиі-жиі жүгіремін. Бұдан бөлек велосипед тебемін. Көбіне велосипедті жалға
аламын. Аптасына 100 шақырымға жуық қашықтықта тебемін. Əттегені сол, қазір
жастар жаппай велосипед теппейді. Көбісі машина алып, темір тұлпарды айдағанды
жөн көреді. Велосипед көбейсе еліміздің экологиялық мəселесі шешілер еді.
Элеонора ШАКИРОВА банк қызметкері:
-Жұмысқа автобуспен барамын. Өйткені елімізде велосипед тұрақтары əлі де бол-
са дұрыс жолға қойылмаған. Велосипедті тек демалыс күндері тебемін. Аптасына 50
шақырымды еңсеремін. Бұдан бөлек жүгірумен де айналысамын. Алматыдағы əуесқой
марафоншылар клубының мүшесімін. Тауға да шыққанды ұнатамын.
Ермек АСҚАРОВ, ұстаз:
-Өзім денешынықтыру пəнінің мұғалімімін. Бұл көлікті тепкеніме 15 жылдың
жүзі болды. Талғардан Алматыға қарай 30 шақырымға жуық қашықтықта орналасқан
жұмысыма велосипедпен келемін. Аптасына кем дегенде 450 шақырым жол жүремін.
Бұдан басқа физикалық жүктемелерім де аз емес.
Əлия ЖҰБАНЫШЕВА, студент:
-Бұрын велосипедім болған. Бірақ соңғы үлгідегі екі дөңгелекті көлігімді көшеден
біреулер ұрлап кетті. Осыған орай велосипедке құмарым азайған еді. Дегенмен соңғы
кездері велосипедке əуестігім қайта оянды. Алматыда өтетін жарыстарға қатысып
жүрмін. Жүлдеге іліге алмасам да, мен үшін ең бастысы қатысу. Теледидардан «Джи-
род Италия», «Тур де Франс», «Вуэльта» сияқты велосипедтен өтетін көпкүндік
халықаралық жарыстарды тамашалап жанкүйер болып жүрмін.
Ой-пікірлер:
Велосипед жайлы не білеміз?
«Велосипед» сөзін 1860 жылы Францияда Пьер Мишо ойлап
тапқан. Ал, велосипедтің прототипін 1818 жылы неміс бароны Карл фон
Дрез құрастырған. Алайда, бұл механизмнің педалі болмаған. Қозғалу
үшін аяқпен итеруді қажет етеді.
1839-1840 жылы шотландиялық ұста Киркпатрик Макмиллан оған
педаль жалғайды.
Ағылшын инженері Р.Томпсон велосипедтің үрілмелі шинасын
патенттеді.
Томас Стивенс тұңғыш рет əлемді велосипедпен саяхаттаған.
Қазіргі заманғы тауға шығуға арналған велосипедтердің прототипі
1977 жылы жасалған.
Əлемдегі ең қымбат велосипедтерді «Aurumania» фирмасы
шығарады. Олар 24 каратты алтынмен қапталып, 600 кристаллды тас-
тармен көмкерілген велосипедттерді сатады. Бағасы – 100 мың АҚШ
доллары.
22
ЖАПОН
АҢЫЗДАРЫ
Аударма
Жыланның көзі
Тоухоку аймағының аңызы
Ертеде бір тауда шаруа тұрыпты. Өте
еңбекқор, жер жыртып, егін егіп, күн көріпті.
Бірақ бір балаға зар екен. Бір күні шаруаның
əйелі кенеттен о дүниелік болады. Содан кейін
еркек кілт өзгереді. Ешқандай іспен айналыспай
əр күнін бос өткізумен болады. Көктемнің бір
түнінде есікті біреу қағыпты дейді. «Бұл кім
болды екен?» деп, есікті ашса бір сұлу қыз тұр.
— Тауда адасып қалдым. Түнеп шығуға рұқсат
етіңіз, — деп өтінеді қыз. Шаруа қызға түнеп
шығуға рұқсат етеді. Таңертең көзін ашса, қыз
талай шаруасын тындырып тастапты. Келесі
күні де осы үйдің адамындай іс істеді. Сөйтіп
екеуі қосылыпты дейді. Қыз келген күннен бас-
тап шаруаның үйіне береке кіреді. Бірақ бір
ғажабы əйелдің денесі сұп-суық болады. Жəне
де тəнінен ылғи қанның иісі шығады екен.
Айлар өтіп əйел жүкті болады. Босанар
шағында күйеуіне былай депті:
—
Мен босанып жатқанда бөлмені
сыртынан қоршап тастаңыз. Нəрестені алып
шыққанша есіктен сығаламаңыз.
Еркек аң-таң боп, бөлмені қоршап тас-
тады. Əйел «Қандай жағдай болса да, есіктен
сығалаушы болмаңыз» деп қайталады. Еркек
«Түсіндім, сығаламаймын» деген кезде əйел
бөлмеге кірді. Күйеуі əйелінің айтқанын істеп,
Шарафат ЖЫЛҚЫБАЕВА
1983 жылы туған. Əл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық университетінің филология факультетін
тəмамдаған. 2004 жылғы республикалық көркем
аударма байқауының жеңімпазы. Президент
сыйлығының иегері.
23
Шарафат ЖЫЛҚЫБАЕВА. «Жапон аңыздары»
сыртта қалды. Екі күн өтіп, үшінші күн жеткен-
де күйеу уайымдай бастады. «Қатыным аман-
есен босанды ма екен, əлде толғақ азабын тар-
туда ма?» Ол дүниеден озған алғашқы əйелін
есіне алды. Пештің түбіне отырғанмен жаны
жай таппады. Бір отырып, бір тұрды. Ақыры
шыдамсызданып,
саңылаудан
сығалады.
Қараса, қараңғы бөлмеде бір нəрсе жылтырай-
ды. Бөлмеде əйел емес алып жылан жатыр еді.
Жылан жаңа туған баланы орап алған.
Еркектің тұла бойы мұздап қоя берді. Көзі
қарауытып айғай салды. Бұл сонда жылан ба?
Тұла бойы қалшылдап қоя берді. Еркек уəдені
бұзып, қарап қойғанына өкінді. Жеті күн
өткенде бөлмеден сұлу келіншек сəбиін көтеріп
шықты.
— Неге қарадың? — деп, əйел жылап қоя
берді. — Мен таудағы көлде тіршілік ететін
жыланмын. Жұмыс істеп жатқан сені көріп
ғашық болдым. Қайтсем де саған жар болғым
келді. Арманым орындалып, əйелің болдым. Ұл
тауып бердім. Бірақ...
Шаруа төмен қарап отырып қалды.
— Тəніме көзің түскендіктен мен адам
бейнесінде қала алмаймын. Таудағы көлге
қайтуым керек. Баланы жақсылап бақ...
—
Тоқтай тұр. Қарама десең де
көріп қойғаным дұрыс болмады. Кешір мені. Ба-
ланы тастап кетерсің, бірақ мен қалай бағамын?
Ана сүтінсіз қалай өседі? Ең болмаса үш-төртке
келгенше қала тұр.
Шаруа қанша өтінсе де əйел аяқ жағынан
бастап жыланға айналып бара жатты. Ол баланы
шаруаға ұстатты да теріс қарады. Саусағымен
сол көзін ойып алды да былай деді:
— Мына бала жылаған кезде емшек
ретінде еміз. Осы жанар болса бала аш болмай-
ды. Осылай деді де жылан ысылдап таудағы
көлге кетті.
Бала анасының көзін еміп өсті. Анасының
махаббатты ұялаған бұл жанар сəбиді жақсы
асырады. Бала жылағанда жанарды берсе дереу
көз жасын тияды екен. «Шешесі болмаса да өсіп
жатыр» деп, бүкіл ауыл сөз қылысты.
Бір күні осы елдің патшасы аяқ астынан
көз ауруына шалдықты. Ел-елден емшілерді
жинап, бақсы-балгерлерді шақырды. Бір балгер
былай деді: «Патшаның көзін таудағы өзенде
тіршілік ететін алып жыланның жанарымен
жуу» керек.
Патша қызметшілеріне бүкіл елден
жыланның жанарын іздетті. Бір қызметші
таудағы ауылға жеткенде осы аймақтағы бір
шаруаның үйінде жыланның жанары бар
дегенді естіді. Қызметші дереу еркектің үйіне
барып: — Жыланның жанарын бер, — деді.
—
Бұл мына баланың анасының
көзі еді. Осы жанардан басқа ештеңені қорек
етпейді. Оны алып кетсеңіз бала нəрсіз қалады,
— деді шаруа.
—
Егер жанарды бермесең басыңды
шабамын, — деп, қызметші жыланның көзін
шаруадан тартып алды. Жыланның жанарынан
айырылған бала шар етіп жылады. Неше түрлі
тағаммен алдандырса да көнбеді.
Шаруа баланы арқалап, тау ішіндегі көлге
барды. Көл жағасында тұрып, «Мына баланың
анасы қайда?» деп дауыстады. Оған жауап бер-
гендей көгілдір көл беті теңселді де, ішінен
алып жылан көрінді.
—Сенің жанарыңды патша тартып алды.
Не істерімді білмей тұрмын, — деді шаруа.
—
Егер саған екінші көзімді бер-
сем соқыр боп қаламын ғой.
Сол сəтте шаруаның арқасындағы бала
аш екенін білдіргендей жылап қоя берді. Алып
жылан оң көзін алып, балаға ұстатты.
—
Бұл соңғы жанар. Патшаға
қайтсең де беруші болма.
Жүзінен қан сорғалаған жылан өксіп көл
тереңіне сіңіп кетті.
Жыланнан туған бала өсіп келеді. Жұрт
одан сайын таң қалды. Бір күні патшаға тағы да
жылан көзі керек болды. Қызметші шаруаның
үйіне келіп екінші көзді тартып əкетті. Бала
шырылдап мазасы кетті. Шаруа амалы құрып
24
* «Үркер»* №7* 2016
баласын арқалап таудағы көлге тағы барды.
«Мына баланың анасы қайда екен?» деп дау-
ыстады. Тымық көл кенет толқын тудырып,
соқыр жылан көрінді. Ол бұрынғыдан да үрейлі
еді. «Тағы да патша тартып алды» деді шаруа.
Алып жылан үрейлі кейіпте ыс-ыс етеді:
—
Бұл жолы патшаны кешіруге
болмайды. Жақын арада анау таудан ақ мата
түскенде баланы арқалап қаш, — деп, жылан
орақ мойнын созып, ирелеңдеді. Ол бірте-бірте
үлкейіп, үңірейген көзі шаруаға қадалды.
—Енді бұнда келсең, қанша жерден ба-
лам мен күйеуім болсаңдар да шағып өлтіруім
мүмкін, — деді де жылан көл түбіне сүңгіп
кетті.
Бірнеше күн өткенде қарсы жақтағы тау-
дан ақ мата түсті. Еркек дереу баланы арқалап
ауылдан қашып шықты. Кенет найзағай ша-
тырлады. Күркіреген ши ішінен соқыр жылан
шықты. Алып жылан аузынан от шашып, жерді
жарып жіберердей жеті күн, жеті түн аласұрып,
нөсер төкті. Тау күңіреніп, көл тасыды. Көпірді
ағызып, бекіністі бұзып, тау баурайындағы ау-
ылды жалмады. Содан соң сел патша сарайының
іргетасын бұзып, қақпасын қиратып əкетті.
Патша да, қызметшілер де сарайымен қоса сел-
ге жұтылып кетіпті.
Камелия көлі
Чиба префектурасының аңызы
Сонау ерте заманда Идзанаги мен Ид-
занами бірінен кейін бірі аралдарды туғызып,
жердің Пірін жаратты. Желдің Пірін, даланың
Пірін жаратты. Содан соң Ашихаранонацукуни
жерінде сан-алуан елдердің Пірлері пайда бол-
ды. Апаттың да Пірі шықты.
Ол уақытта Сарудабико деген Пір бар
еді. Сарудабиконың бойы өте ұзын. Көзі
қанжапырақтай қып-қызыл, мұрнының тұрқы
жеті елі, сондай үрейлі Пір екен. Ол бірде Кад-
зуса мен Шимоусаның арасындағы жерді қазып,
бір түп камелия ағашын отырғызыпты. Басын-
да аласа болғанмен кейін камелия қызыл күннің
сəулесін сіңіріп ұзарып кетті. Содан сексен
сегіз мың жыл өткенде оның тамыры Нэ елінің
Иванэсіне дейін жететін терең, ал ағаштың ұшар
басы Такамагахараға дейін жететіндей биік,
бұтағы мен жапырақтары үш өлкеге жайылған
алып ағаш болды. Көктемде гүлдегенде қып-
қызыл күлтелерінен Аспан қызыл түске бояла-
тын. Ал гүлдері түскенде жер қып-қызыл боп
жатады екен. Бірақ қайдан шыққаны белгісіз
камелияның көлеңкесін жын патшасы мекендеп
алыпты. Сегіз тарапқа жайылған бұтақтарын
паналап, қалың жапырақтардың астында оты-
рып, қып-қызыл гүлдерінің қалқасынан төменгі
əлемді барлайды. Түн ортасында дүниені
жаңғырықтыра қарқылдап күледі. Оның даусы
естілгенде бөбектер шырылдап, ал торғайлар
қонақтап отырған бұтақтарынан құлап түседі
екен.
Жын патшасы желдей ұйытқып жерді
кезгенде жойқын екпінінен өсімдіктер қарайып
күйіп, өзен суы тартылып қалады. Жын
патшасының лебі тигенде адам ғана емес, ірі
қара атаулы қызуы көтеріліп сұлайды. Жын
патшасына жем болған қаптаған өлекселердің
ағашқа ілініп тұрған кезі де болыпты. Адам-
дар зəре-құты қалмай, бар шаруасын тастап,
Пірлерге жалбарынумен болды. Сол кезде Са-
рудабико Исэ еліне кетіп, бұл жағдайда хабар-
сыз болғанмен, бəрін көріп тұрған Такамага-
харадан Накацукуниге түскен Такэмикадзучи
мен Иваинуши байыз таппады. «Біздің көзіміз
жетер жерде апаттың Пірі ойран салуда. Оны
бұлай қалдыруға болмас» деп, соғыстың қос
Пірі ұзын семсерін суырып алып, нөкерлерін
ертіп, камелияны құлатты. Таң қалған жын
патшасы ағаштың ұшар басына шығып алып,
төменге қараса, ағашты төрт жүз сексен мың
əскер қоршап тұр. Тек теңіз жағы ғана си-
рек сияқты. Жын патшасы теңіз жағалауына
секіргенде ілініп қалған ағашты қоса сүйретіп
əкетті. Жын патшасы көтеріп кеткен ағаш үш
25
өлкеге жайылған алып болғандықтан оның
салмағынан жер сілкініп, Пірлердің əскері бы-
тырай қашты. Жын паташсы бар күшімен ка-
мелияны тартып қалғанда ағаш тамырымен
қопарылып теңізге құлады. Жын патшасы əуеге
көтеріліп, көкжиекке сіңіп, көрінбей кетті.
Алып камелия теңізге батқанда шашыраған
су орнындағы шұңқырға құйылып, үлкен көл
пайда болды. Бұл — Камелия көлі. Перілер
буырқанған теңізге түсіп, тереңіне сүңгіп жын
патшасын іздесе де табылмапты дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |