Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата03.03.2017
өлшемі3,95 Mb.
#7327
1   2   3   4   5   6

Файзулла ТӨЛТАЙ 

1996  жылы  Жамбыл  облысының 

Жаңатас  қаласында  дүниеге  келген. 

Қазіргі таңда  М. Х.Дулати атындағы Тараз 

Мемлекеттік  университетінде  филология 

мамандығы бойынша білім алуда.



ҺАҚ

Менің жолым-

Менің бұйра бұралаң шаштарымдай,

жел тербеген.

Ел көрмеген ешқашан, жер көмбеген.

Үкі көзбен үңіліп, қарайды кеп,

Жанымды ап кетердей ертең менен.

Жолаушыдай адасқан кейіпке еніп,

Маңдайымнан перілер сүйіп келіп,

Періштелер жолыма шырақ ұстап,

Пейіш бағын уəде етіп бір ауыздан,

Мен сол түні Құдайға мадақ айтып,

Жанардағы жасыммен жыр ағызғам.

Ессіз күннен сескеніп, елге төнген,

Ездігінен дəуірдің жерге кіргем.

Жұбата алмай уақытты жылап қалдым,

Жараспайтын қылықтай ерге, мүлдем.

Мəді шығып қойнынан төбелердің,

Тəңір жазған бақытқа бөленер күн.

Күнəлардың мен ғана куəсі боп,

Күлген болып кіремін көріме еркін.

Қасіретті ғасырдың,

Бізді ұмытпас

Көк төсінен көзіне көрінермін.

 

Ұйып тұрып  еріксіз жағыма жыр



Ұлы ақын боп ағымнан жарылам бір;

«-Ұлылықты бұлдаса сұрапыл күн, 

Өмір бізден ақылды, шыда, құрбым.

Мен өлмеймін ешқашан,

Өлсем қайта

Өлеңі боп туылам бір ақынның.

Бұл ақылды тыңдасам...бағыт бөтен.

Қарғыбауын өмірдің тағып келем.

О, киелі, қайғылы, бақытты өлең:

Мен кейіннен бəріне нүкте қойып,

Өз отыма өртеніп жанып кетем...»

ҮРЕЙ

...қара ағаштың жапырақтарын билетіп,

Қараша үйдің шаңырағын күйретіп,

Қамшы үйіріп тұр, алап...

Тоғыз жүз жыл өмір кешкен, Адамның

күнəларын көтеріп жүр, сірə, бақ.

Бұдан былай Мəриямның бейнесі


34

көрінбейді,

Көкжиектің иығынан сығалап.

Тасқа түскен жазуларға бас ұрмай,

Тау байлаған Хауа ананың шашындай,

Аппақ қыран қалықтап жүр,

Алқызыл

жолбарыстың жонын қысып тұрдым мен,



Құдіретті сегіз есік ашылмай.

Ең алғашқы қан төгілген уақыттың,

Ең алғашқы адастырған бақыттың,

Күнəлары жылап тұр.

Қиянаттың қабірлерін арқалап,

ғасырлар жоқтауда,

Құлақ түр...

Ауыздықпен арда емген жылқыдай-

Зарға көнген жұртым ай...

Маужыраған мазарлардың ,

қайырсыз

Қалжыраған сұрқын-ай!

Көкжиектің иығында мүлгіген,

Күңіренген тындаушы едім үнді мен.

Зауалы жоқ Сүлей елдің көгінде,

Сүлейменнің жүзігімен өрілген,

Ең Ұлы Жаңғырық- Тыныштық

Көмілген.

Исрафилдің сырнайында

Содан соң,

Исфаһанның қылышынан төгілген,

Жауабы жоқ сауалдарды... 

таппағам.

(Жындануға шақ қалам)

Ғасырлар ұмытқан ғазалдың парағын

қайталап ақтарам.

...Əй, бірақ ғасырда күнə жоқ,

Тағдырдың жаулығын таптаған...

Күнə бізде...

КҮННІҢ ӨЛУІ

(Қазанама)

Ол-


Тіршілік табытын көтеріп,

Өзінің нұрына өртенген адам.

Шырағын тұтатып,

Бейіттің басында бəйітін оқып тұр,

Көп көрген ғалам.

Соңғы рет аспанмен қоштасып,

Күн өлді.

Бұлттардан жасаған кебінін киіп.

Өлеңге сыймас өмірді сүюді білді,

Безініп кетті...

Жоғалтпас үшін сенімін биік.

Сақалы қылаулап, көз жасы суалған

жер айтты:

-Күңірен дала.

Жылай ғой аспан,

Еңіре,


Соқ, жүрек,

Егіл,


Бүгіннен бастап көкжиек жетім.

Айқайлап іштен,

Тыныштық дұғасын оқыды,

 *«Үркер»*№72016


35

күбірлеп іңір:

-Кешірші, Күн, соңғы айтқан сөзіңді ұға алмай 

жүрмін,


Жаныңа үңілмек, түгіл.

Құшағын жазып, орамал тағып ап басына

тау айтты:

-Ғайыптан шыққан періште дейін,

Ғадалəт нұрға боялушы еді.

Алланы сүйіп ұйықтап кетті,

Əттең...

Адамды сүйіп оянушы еді.

Кеш...

Күннің денесін қойнына тықты.



Ай,

Бағаламағаны үшін бармағын тістеп

Жылайды. 

Қайғылы, кекті...

Сенесің бе,

Сол күннен бастап, аспанның көз жасы

Періштелерге айналып кетті.

Таң атты...



ҚҰЛАЗУ

Басын қойып, жылайды иығыма

Күндер өткен...

Баласынып сөйлеген гүлдер  өктем.

Күлген көктен, қосылмай көпке мүлде,

Тентіреп кеткенімде...(кімге өкпем?)

- Ботам-ау,- деп, көз жасын төккен,шеше,

(Өмір- өмір болар ма өткермесең?!)

- Бағамды білмеген соң, мынау шаһар,

Жағамды көтеріп ап, кеткем кеше.

Көрсетіп көңілшек бұлт  ақ балтырын,

Тапты ақыры, нөсерлеп бақтан тыным

Қызарып бетін күйіп кеткеніңмен,

Сен бəрінен биіксің...

Мақтан, күнім!

Мақтан, күнім, аспаннан қарнын тілген,

Бақта бүгін үні жоқ зардың, мүлдем.

Жарқын күлген, күп болып айдың беті

Жанарымда жас қалды арғы түннен.

Көшелерге иесіз, дуасы мол

Кешір, апа, жыр жаздым күнəсі көп.

Қара аспанның қолынан қарғып түсіп

Айшықтар тұр...

Өлгендер куəсі боп

Балтырларым бірігіп, өкінер ем...

Файзулла ТӨЛТАЙ. «Көтеремін де жүремін ойларымның табытын»

Обал-ай,


Өзегі толып,

Жылап тұр қимай, Күн күлген, Аспан.

Қазымыр,

Қатігез, өмірге  өкпелеп,

Жел болса ішіп кетіпті, сол күннен бастап...

Сəбидей жəутеңдеп,  көкжиек-

Əлемнің аяныш сезімін сіңірді бойына мықты.

Сəлден соң,

Əз жүзін əжімдер қаптаған, қара жер

барлығын жұбатып,



36

(көбелегі ғұмырдың көбіне мен)

Аспан жақтан соңғы рет жыр оқысам,

Апа, апа...

Күле сал, өмір екен...

Шұғаңды анық көрермін, ұлық қылған.

Дұғамды оқып тұрармын, күн ұқтырған.

Құшағында Құдайдың қалғып кетсем,

... Қос аққуды, қайтемін, күліп тұрған.

УƏДЕ

Дұғамды оқып іңірге;

Мен қара жер ұлымын- 

                                          аспан жасын сімірген.

Жасыл түсті құстардың кеудесінде мекендеп,

Жағалауын аңсағам жалғыздың бекерге.

Бəлкім,

безіп кетермін өгейлігі үшін мен.



Шатастырып, 

шарһ ұрып,

бақытымның бағытын.

Көтерем де жүремін ойларымның табытын.

Кісені жоқ тұтқын боп, құлыпы жоқ түрменің,

Мен өмірдің мəңгілік өлмес күйін шертемін.

...Періштең ем ең соңғы,

Пейіш төрін дəметтім кіл күнəммен мен сорлы.

Қараңғы бір қапаста қалып кеткен өткенім,

Қорқытады өткенмен, Күнбатыстан жеткен үн!

Түніменен күбірлеп,

алқымнан ап əр күнəм,

Жетпіс улы жыланның құшағында қалғығам.

Бəлкім,


айта алмаған сырымды,

                                           (жансызданып кіл денем...)

Көкке жазып кетермін, көзімдегі нұрменен!

Ей, Құдіретсіз қараң ел ;

дұғаңды оқы іңірге,

Мен ендігі аспанмын, жердің жасын сімірген..



ШАРАСЫЗДЫҚ

Айтыңызшы,

Ақталуым керек пе, өзіңізге?

Бəрін біліп тұрсыз ғой сезіп іштен.

Жел де ысқырып қоймайды  бұйра бұлтқа,

Жігіттейін аруға көзі түскен.

Желге ілесіп жүгенсіз жапырақтар,

Жүгіреді сандарын шапалақтап.

Тобығыңнан қытықтап сүйеді-ай кеп.

Бетін шымшып аспан тұр:

-Ұят- ай,- деп.

Қауға басым салбырап, алдыңызда,



 *«Үркер»*№72016

Білсең ,күнім, сен менің ,

Түнім қара болмайды пейіліндей пенденің.

Жолдарымнан адасып, 

өзім қашқан үрейдің,

Өлермен боп əлі де моласында түнеймін.

Шашын жайған перідей, 

                                             (айқай салып ішімнен,)



37

...Не де болса тыныштық, я, Құдай тек.

Құлағымда құстардың сазы ойналып,

Күбірлеймін:

-Қоям,- деп, осы айда анық.

Көзі аларып, 

                    Теңселіп,

                                   Келе жатыр,

Менің емес, 

көшенің басы айналып...

Мені қайтсін,

Бір теуіп бүйірден нық,

Мең- зең болып жүргенде миым кеуіп.

Мұрындарын шүйіріп барады, əне,

Ақынсымақ адамдар, жиіркеніп.

Сүйретіліп келемін...

Ісімді алдан 

болжай алмай күйінем, түсін, қарғам.

Уай , қарындас, ренжіме.

Шын. Мен емес.

Ммм...

Өлең шығар бұл жолы ішіп алған



САҒАН

Сірə,


Періштеге пенде емес,

 лайықты кім?

...Кешегі күн келместе, ғайып бүгін.

Қос қолыңмен көзімді өпкеніңде

Мен əдейі білмедім, айыптымын.

Бұрымынан бұрқырап жұпар аңқып,

(Кететұғын лезде құмар артып)

Ақырын кеп беліңнен қысып тұрып,

Ерініңнен сүйемін  жұқараңқы.

...О, менің қайта келмес күндерім-ай,

Мен бəріне кінəлі... келісемін,

Тек сен күнім, өтінем, кері шегін.

Көңіліңді табам деп, көше бойы

Файзулла ТӨЛТАЙ. «Көтеремін де жүремін ойларымның табытын»

Жырын оқып Мағжанның беруші едім...

«Жандым-күйдім, сені ойлап, дамыл көрмей,

 Еш жанға сенен басқа көңіл бермей....»*

 Сол саябақ.

Сол мезгіл...

 мүлде бөтен

Мұндай күйді о, тоба кім көрді екен?

Көкжиектен мен үшін көзін тырнап,

Керіліп оянғандай күнде бекер...

Күлкі білмей Мəжнүннің əнін салам,

Келмей қойды-ау,

 Келмеді тағы шамам.

Жағасынан өмірдің ұстап алып,

Жұлқылаймын:

-Кінəнің бəрі содан.

Мен басқа не істей алам?

Құшағына бақыттың бөледің бе,

Көрерім де осы енді көнерім де

Саған айып тақпаймын,

Бұл кеткенің,

Сағынайық алыстан дегенің бе?

Жарайды..

*М. Жұмабаевтың өлеңі



38

Мўќаєали  МАЌАТАЕВТЫЅ туєанына – 85 жыл

АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН 

АҚИЫҚ АҚЫН

Биыл  ақиық  ақын  Мұқағали  Мақатаевтың 

туғанына 85 жыл  толып  отыр.  Ол 1931 жылы 

Алматы  облысындағы  Нарынқол  (қазіргі  Райым-

бек)  ауданының  Қарасаз  ауылында  дүниеге  кел-

ген.  Ата-анасының  азан  шақырып  қойған  аты -- 

Мұхамедқали екен. Ұлы Отан соғысына аттанған 

əкесі Сүлеймен  1941 жылы Калининград майда-

нында қаза табады. Мұқағали  өзінің үш інісімен 

бірге анасы Нағиман  мен əжесі Тиынның тəрбиесін 

көріп  өседі.  Балалық  шағы  сұрапыл  соғыс  жыл-

дарымен  қатар  өткендіктен,  ол  тағдырдың  ащы 

дəмін  ерте  татады.  Кейіннен  ақын  өзінің  бұл 

кезеңі жайлы «Адам  өмірінің бақыты -- балалық 

шағы. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе, санасы 

бар  пенденің  бүкіл  ғұмырына  ақау  түскені...», -- 

деп жазады (Күнделік, 9 сəуір 1973 жыл).      

1948  жылы  аудан  орталығындағы  мектеп-

интернатты  ойдағыдай  бітіріп  шығады.  Сөйтіп  

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің 

(Əбу  Насыр  əл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 

университетінің)  филология  факультетіне  оқуға  

түседі.  Өкінішке  орай  аталмыш  жоғары  оқу  ор-

нын  жəне  кейіннен  Шет  тілдер  институтын  да 

тəмамдай  алмайды.  Қарасазға  қайта  оралып, 

ауылдық  кеңестің  хатшысы,  бастауыш  мектепте 

орыс тілі пəнінің мұғалімі, сегізжылдық мектеп-

те  мұғалім,  аудандық  газетте  əдеби  қызметкер, 

жауапты хатшы, Шалкөде ауылында қызыл отау 

меңгерушісі, комсомол қызметкері болып істейді. 

Алматы мен ауылдың арасын жалғап,  Қазақ ра-

диосында дикторлықтың дəмін де татып көреді. 

«Қырман  басында», «Қойшы  бала -- 

Əкітай»  атты  тырнақалды    өлеңдері  сол  кезеңде 

аудандық  «Советтік  шекара» («Хантəңірі») 

газетінде  жарияланады.  Елуінші  жылдардың 

басында    «Інімнің  ойы», «Шебер»  деп  аталатын 

өлеңдері  «Жастық  жыры»  ұжымдық  жинағына 

енеді. 1954 жылы  бір  топ  өлеңдері  «Əдебиет 

жəне  искусство» («Жұлдыз»)  журналында 

жариияланған.  Мұқағали  Мақатаевтың  талан-

тын  алғаш  бағалаған  ақын  Əбділда  Тəжібаев 

болатын.  Ол 1960 жылы 18 наурызда  «Қазақ 



39

əдебиеті»  газетінде  ақ  тілекке  толы  алғысөз  жа-

зып, ақынның бір шоғыр   өлеңдерін оқырмандар 

назарына ұсынған. Сонда  «Өзіңнен де жігерлілеу, 

оттылау  жас  жеткіншек  жеткенде  мақтанбасқа 

бола ма?!» -- деп айрықша тамсанған  екен.  

Алматыға түпкілікті көшіп келгеннен кейін 

«Социалистік  Қазақстан» («Егемен  Қазақстан», 

1962-1963  жылдар)  газеті  мен    «Мəдениет  жəне 

тұрмыс» («Парасат», 1963-1965) жəне  «Жұлдыз» 

(1965-1972)  журналдарында  əдеби  қызметкер, 

Қазақстан  Жазушылар  одағында (1972-1973) по-

эзия  секциясының  əдеби  кеңесшісі    қызметін 

атқарады. 39 жасында    Қазақстан  Жазушылар 

одағына  мүшелікке  қабылданған.  Мəскеудегі 

Максим  Горький (Алексей Максимович Пешков) 

атындағы  Бүкілодақтық  əдебиет  институтында 

оқығанымен,  оны  да аяқтай алмайды.  Бұл жай-

лы ақын өзінің күнделіктерінде былай деп жаза-

ды: 


«Сонымен, қош бол Мəскеу... Шын уайым, 

шын  қайғы  осылай  болады  екен-ау» (15 қараша 

1973 жыл). 

«... Үйреніп қалған ұямдай

Мəскеуді барам қия алмай.

Миллиондардың ішіне

Бір басым менің сыя алмай.

Еңсемді бір сəт жия алмай,

Не бетімді айттым, Алматым,

Не деймін саған ұялмай?..

Таңғы шақ,

Аяз сорып тұр.

Соғып тұр боран,

Соғып тұр.

Ақ құсым,  мені аман-сау,

Алматымменен жолықтыр»

(18 қараша 1973 жыл).

«Жұмыссыз  жүргеніме  Жаңа  жылда  бір 

жыл толады. Қайтіп, қалай жан бағып жүргеніме 

таңданамын» (7 желтоқсан 1973 жыл).

«Үнемі  Мəскеуде  тұрып,  сонда  тірлік  ет-

кендей  Мəскеу  неге    ой-түсімнен  шықпайды?! 

Алматыға,  адамдарға  деген    біртүрлі  жатырқау 

бар.  Как  ни  говори,  Москва -- есть  Москва,  там  

все  попроще.  Так  можно    кое-кому  научиться  и 

можно добиться кое- чего.  Бастан өткен аяулы бір 

дəурен сияқты. Бір нəрседен  арманда қалған,  сол 

жерде  бір  асылымды  ұмыт    қалдырғандаймын. 

Өмір болса тұра тұрсын, досты сол халықтың ара-

сынан іздеу керек екен» (18 желтоқсан  1973 жыл). 

Ең бірінші бақытым  -- Халқым менің,

Соған берем  ойымның алтын кенін... --

деп  тебіренген  ақынның  «Ақ  қайың  əні», 

«Ару-Ана», «Аққулар  ұйықтағанда», «Чили 

--  шуағым  менің», «Шекарада», «Өмірдастан», 

«Арман», «Шолпан», «Досыма  хат», «Алтай-

Атырау», «Отаным,  саған  айтам», «Райымбек! 

Райымбек!», «Қашқын», «Жер  үстінен  репор-

таж», «Моцарт.  Жан  азасы»,  тағы  басқа  поэма-

толғаулары  бар.  Балаларға  арналған  өлеңдері 

мен əн мəтіндерін қоспағанда  барлығы  971 өлең  

мен 14 поэма жазған екен. Соның ішінде жадағай 

публицистикаға  толысы -- 49 өлең,  өлең  туралы 

жазылған  өлеңдері -- 36, тікелей  арнау  өлеңдері 

--15, ақынның  өз бетін, өз қолтаңбасын көрсететін 

негізгі  өлеңдері -- 51, ал  қалған 820-дей  өлеңі 

табиғат, қоғам, адамгершілік, достық, жолдастық, 

сүйіспеншілік, тағысын тағылар  туралы жалпы-

лама  түрдегі    дүниелер.  Мұқағали  Мақатаевтың  

бірқатар  өлеңдері əсем əуезді əнге айналған.  Оған  

Нұрғиса  Тілендиев,  Дəнеш  Рақышев,  Шəмші 

Қалдаяқов,  Ілия  Жақанов,  Алтынбек  Қоразбаев, 

Тынышбай  Рахимов,  Мұхамеджан  Рүстемов, 

Төлеген  Мұхамеджанов,  Əбиірбек  Тінəлиев, 

Бейбіт Оралұлы, Табыл Досымов, тағы басқа саз-

герлер əн жазған. 

Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, 

жылтырақ сөзге əуес болмаған. Ол:

Мен жырламаймын, сырласамын,

Сыры бар замандаспен мұңдасамын.

Көгендеп жыр қосағын,

Келмейді жыр жасағым 

немесе:

Тіпті де мен емес-ті «Мен» дегенім...



Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін

Өзімді зерттегенді жөн көремін, -- дейді. 

Мұқағали  Мақатаев  шығармашылығының 

тіні  «өзін-өзі»  зерттеуден  тұрады.  Оның 

өлеңдеріндегі  лирикалық  Мен --  өзін-өзі 

іздеген, өмір мен өлім, адам мен қоғам, ғаламнан 

үйлесімділік іздеп шарқ ұрған, пəлсапашыл Мен. 

 *«Үркер»*№72016


40

Шығармаларында  пəлсапалық тереңдік, адамның 

психологиялық  жан  күйзелісін  суреттеу  басым. 

«Өмірдастан»  атты    топтамалы    толғауында 

жесір  жеңге  (Дариға)  бейнесі  арқылы  тылдағы 

халық  өмірі  мен  адамдық,  азаматтық,  адалдық, 

ар-намыс,  рух  пен  нəпсі  арасындағы    толассыз 

күрес  психологиялық    шиеленіс  арқылы  шебер 

жеткізілген.  Мұқағали  Мақатаевтың  шеберлігі 

өзі өмірден  көрген-білгенін  көңіл елегінен өткізе  

терең жеткізуінде дер едік.

Əсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлай-

ды («Тауда өстім», «Тау бір аңыз», тағы басқалар):

Өлмесін деп берген ғой тауды маған,

Мен күрсінсем, күрсініп тау жылаған.

Ол  қазақ  өлеңін  мазмұн,  пішін  жағынан 

түрлентті. «Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда 

бір сұмдық сыр бар естілмеген», -- дейді ақын. 

Мұқағали  Мақатаев    өлеңге    интонация, 

инверсия,  мазмұн  тұрғысынан  жаңалық  енгізді. 

Оның поэзиясы ұлттық характерімен,  мінезімен 

ерекшеленеді:

Су сұрасам  сүт берген, айран берген,

Қартайып қалыпсыз-ау, қайран жеңгем.

Ақын өлеңге  ерекше кие деп қарап, Музаға 

табынған:

О, Муза, маған алыс сөреңді бер,

Ғайыптан кел де мені демеп жібер.

Мұқағали  Мақатаев  адам  жанының    ішкі 

құбылысына терең бойлап,  оның болмысын шы-

найы  бедерлейді («Жапырақ жүрек-жас қайың»). 

Ол  күнделіктерінде  өзі  жайлы,  ақын  хақында 

былайша  толғанады: «... Енді  өзім  туралы.  Жыр 

түсінер қауым өлеңдерің жақсы дейді. Əр тұстан 

қолпаштаған хаттар да алып жүрмін, бірақ сенуім 

қиын.  Жаман    жыр    жазу  қиынға  түсіп  барады. 

Жақсы жыр басылмаса, жарық көрмесе қайтем?!» 

-- деп мұңаяды (17 наурыз 1973 жыл).  Ол  «Нағыз 

ақын    алдымен  ойшыл,  философ    болуы  қажет. 

Поэзияда    философ  болу  өзін  қоршаған    əлемді 

ұғыну,  əр заттың мəнін білу,  ақырына дейін адам 

жанының инженері болып қалу» дегенді ұстанды 

(10 ақпан 1976 жыл). Ақынның  шеберлігі өмірден 

өзін, өзінен өмірді көре білуінде деуімізге болады. 

Махаббат  əлемін    Мұқағали  Мақатаевтай 

жырлаған  ақын  кемде-кем.  Ол  нағыз  махаббат-

ты  армандады, махаббатқа бас иді, оның кеудесі 

сарқылмас сағынышқа толы болатын.               

Поэзияда  негізінен    Абай  салған  дəстүр 

--  адам  сезімін    табиғаттағы  бейкүнə  тіршілік 

иелерінің    жанды  бейнесі    арқылы  көрсету 

дəстүрі Мұқағали Мақатаев поэзиясынан  заңды 

жалғасын тапты:

... Көзің қайда көшеден мені іздеген,

Сөзің қайда жанымыз егіз деген.

... Терезеңнің алдына келіп тұрмын

Көгершіндей

Қысты күн... жем іздеген...

Мұқағали  Мақатаев    --  өзіне  дейінгі  өлең 

өру  мен  жыр  сомдаудағы        қазақ  халқының  

ұлттық  мектептері  мен  дəстүрлерін  жалғап  қана 

қоймай, оны  жан-жақты дамытқан,  тереңдеткен,  

қазақтың  өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, 

жаңа кеңістіктерге алып шыққан  ХХ ғасырдағы  

санаулы саңлақтардың бірі һəм бірегейі. Оның өз 

сөзімен айтқанда:

... Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген  қазақтың қара өлеңін 

Шекпен  жауып өзіне  қайтарамын. –

деген ерен жырдың жаратушысы. 

Поэзия!


Менімен егіз бе едің,

Мен сені  сезесің бе неге іздедім?

Алауыртқан  таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан  таулардан  сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.

Осы  өлең  жолдарын  оқыған  кезде    алып 

жырдың жаратылысын,  жаңа қыры мен сипатын 

танығандай  күй  кешесіз...  Ақын  өзінің    қысқа 

ғұмырында (ол  45 жыл ғана  өмір сүрген) өзіне-өзі  

бек сенген. Ары таза, жаны мөлдір,  жүрегі отты, 

рухы  асқақ  жырлары  мен    көркем  дастандары -- 

сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын 

ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдыны-

на  емін-еркін шығып отырғаны даусыз.

Орыс    əдебиетін  көп  оқыған  Мұқағали 

Мақатаев 

Сергей 


Александрович 

Есенин-


Қарлығаш ҮСЕНҚҰЛОВА. «Аңызға айналған ақиық ақын»

41

 *«Үркер»*№72016

ге  еліктеумен  қатар      Владимир  Владимиро-

вич  Маяковскийге  де  бірауық  мойын  бұрған 

көрінеді.  Ол  Николай  Семенович  Тихонов,  шот-

ланд  ақыны    Роберт  Бернс,  Ф.Ансари,  армян 

ақындары -- Акоп  Акопян,  Аветик    Саакович  

Исаакян,  Евгений    Александрович    Евтушен-

ко,  Ф.  Моргунның    бірнеше  өлеңдерін  қазақша 

сөйлеткен.  Ю.А.Александров,  М.М.  Курганцев 

тəржімалаған    ақын  өлеңдері  «Зов  души»  деген 

атпен    орыс  тілінде  басылып  шықты (1982 жəне 

2001).  Шығармалары  қырғыз,  өзбек,  тағы  басқа  

тілдерге аударылған.                 

  Мұқағали  Мақатаевтың    адамзат  ғұмыры 

мен  əлем  сырын    жыр  еткен  лирикасы  қазақ 

əдебиетіне  мəңгілік    мұра  боп  енді.  Ол  поэзия 

жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында  

да белсене қалам тартты. Қаламгердің «Қош, ма-

хаббат» жинағына (1988) əр  жылдары жазылған 

«Құлпытас», «Марусяның  тауы», «Өзгермепті», 

«Əже»  əңгімелері, «Қос  қарлығаш», «Жыл 

құстары»  повестері  мен  «Қош,  махаббат»  пье-

сасы,  бірнеше  сыни  еңбектері  енген. «Рух  жəне 

сезім», «Сезім  найзағайы», «1969 жылғы  қазақ 

поэзиясы»  атты  əдеби  сын  еңбектерінде    Олжас 

Сүлейменов,  Мұзафар  Əлімбаев,  Қадыр  Мырза 

Əли,  Жұмекен  Нəжімеденов,  Сырбай  Мəуленов, 

тағы басқа қаламгерлердің  шығармаларына  тал-

дау жасап, өнер, поэзия туралы ой толғайды.  

1985  жылы  Қазақстан  Жазушылар  одағы  

үздік шығарма авторларына Мұқағали Мақатаев 

атындағы      əдеби  сыйлық  тағайындалған.  

Бұл  мəртебелі  сыйлықты  Несіпбек  Айтұлы, 

Ерік  Асқаров,  Аманхан  Əлімұлы,  Айтақын 

Əбдіқалұлы,  Жүрсін  Ерманов  сынды  ақындар 

иеленген. 1999 жылы  Мұқағали  Мақатаев  «ХХ 

ғасыр  ақыны»  атанды.  Сол  жылы  «Атамұра» 

баспасы  шығарған  «Аманат»  жыр  кітабы  үшін  

ақынға  2000 жылы Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік  сыйлығы  (Абай  атындағы  сыйлық)  

берілді.  Алматы  қаласында    ақынның  есімімен 

аталатын  мектеп-гимназия,  көше    жəне  сол 

көшенің бойында  Мұқағали Мақатаевқа арналған 

ескерткіш  бар.  Туған  ауданында  Мұқағали 

Мақатаев  атындағы    жалпы  орта  мектеп  жұмыс 

істейді.   Алпыс жылдық  мерейтойы қарсаңында   

туған  жері – Қарасаз  ауылында    ақынның  əдеби 

мұражайы ашылған жəне ескерткіші орнатылған. 

Кітаптары  жыл  аралатып  шығуда. «Мұқағали» 

журналы  жарық  көреді.  Екінші    –  мəңгілік 

өмірі    басталған  ақиық  ақын  жайлы 1995 жылы 

«Мұқағали»  жəне 2014  жылы  «Хантəңірінің 

мұзбалағы» атты естеліктер жинағы оқырмандар 

қолына  тиген.  Аты  аңызға  айналған  ақиық 

ақынның    мол  əдеби  мұрасын  зерттеуде    үш 

кандидаттық  диссертация қорғалды. Олар  –  К. 

Сейітова  «Мұқағали  Мақатаевтың    ақындық 

мұрасы» (1991), К.  Хамидуллаев  «Мұқағали 

Мақатаевтың    ақындық  шеберлігі» (1993),  тіл 

білімінде    З.  Қазанбаева  «Мұқағали  Мақатаев 

лирикасының    грамматикалық  ерекшеліктері»  

(1999).  Шығармашылығы    турасында    700-ге  

жуық    еңбек  (мақала,  естелік,  эссе,  өлең,  поэма, 

роман,  тағы  басқалар)  жазылған.Соңғы  кездері   

ақиық  ақынның мерейтойлары мен туған күніне 

арналған игі  шаралар  жиі өткізіліп жүр. 

Таулардың    алыстаған  сайын  асқақтай, 

биіктей  берері      анық.  Елдің  еркесі    боп  санала-

тын  ақындар  да  сол  іспеттес.  Өздерінен  кейінгі 

ұрпақтарына  баға  жетпес      рухани  қазына 

қалдырып,  Мəңгілік Музаға айналған Мұқағали 

Мақатаевтың    ерен    есімі  мен    мол  ғибрат,  та-

усылмас    тəлім-тəрбие  аларлық  туындыла-

ры  қазақ    халқымен  бірге    мəңгі  жасай  бермек. 

Жалпы  қаламгерлер  жайлы  толғанғанда  сүйікті 

жазушымыз  Мархабат  Байғұттың: «Кітаптан 

алыстаған  халықтың  болашағы  бұлыңғыр, 

келешегі  күңгірт», – деп  қатты  алаңдайтыны 

еріксіз  ойға  оралады.  Ардақты    ағамыз  қадап 

айтқандай,  біз,  бүгінгі  студент,  болашақ  туған   

тіліміздің    мамандары  төл  əдебиетіміздің  алтын 

қазынасынан  жалықпай сусындауды – өзіміздің  

басты мақсатымыз деп санаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет