Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық



бет1/3
Дата30.09.2024
өлшемі103,03 Kb.
#146228
  1   2   3
Байланысты:
Реферат Электр қауіпсіздігі


Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық
колледжі

Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: «Микропроцессордағы
командалық жүйені қолдану»
Орындағандар: Жайықова Нұрай,
Тұрысбеков Досжан
Тобы: 22BQ-2
Қабылдаған: Амренова А.Е.
Семей 2024 ж.

Мазмұны
Кіріспе



  1. Электрлік соққы

  2. Электрлік жарақат

  3. Тыныс алудың тоқталуы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Микропроцессор — жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады. Микропроцессор бір мезгілде қатарынан 8, 16 немесе 32 биттік деректерді өңдей алады. 8 биттік процессор бір мезгілде небары бір бит дерекпен ғана жұмыс істей алады. 16 биттік процессор бір мезгілде 2 байт, ал 32 биттік процессор — 4 байт өңдейді.

Жалпы алғанда 16 биттік компьютер 8 биттік жүйеден жылдамдырақ жұмыс істейді, ал 32 биттік компьютер 8 және 16 биттік үлгілерден жылдамырақ. Микропроцессор, жады және периферия құрылғылардың арасында дерек беру үрдісі шина арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы процессорлардың көпшілігінде 32 биттік шина қолданылады, яғни бір мезетте 32 биттік дерек беруге болады. 64 биттік шиналы компьютер де болады, бірақ олар әлі кең тарай қойған жоқ.

Егер микропроцессорлардың даму тарихына көз жүгіртер болсақ, өткен ғасырдың 70-жылдары мини-Электрондық есептеу машиналары жедел дами бастады. Бұл компьютерлер үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда көлемі шағын және бағасы арзан болатын. 1971 жылы американдық Intel фирмасы өзінің микропроцессорды ойлап тапқанын мәлімдеді. Микропроцессор - бір пластинада миллиондаған электронды схемаларды өзара байланыстыратын үлкен интегралды схемалардан жасалды. Микропроцессор компьютерлердің жылдамдығын секундына бірнеше миллиард операцияға дейін арттырды. Микропроцессорды енгізу-шығару, сыртқы есте сақтау құрылғыларымен байланыстырудың нәтижесінде компьютерлердің жаңа түрі – микро-ЭЕМ-дер дүниеге келді.

Микропроцессорлық жүйе (МПЖ)- бұл ақпаратты өңдейтін негізгі құрылғысы МП болып табылатын, бақылап-өлшегіш, есептегіш немесе басқарушы жүйе. Микропроцессорлық жүйе микропроцессорлық үлкен интегральдық сұлбалар (ҮИС) жиынтығынан құрылады.

МПЖ келесі негізгі есептерді міндеттерді шешеді:ақпаратты жинақтау; өңдеу; өлшеу нәтижелерін көрсету (қажет болған жағдайда) және осы мәліметтерді байланыс каналы бойынша беру. Ақпараттарды жинақтауға жататындар: түрлендіргіш құрылғыға (аналог-код) импульстік-аналогты сигналдарды коммутация жолымен жасайтын датчиктерді сұрастыру; аналогты сигналдарды сандыққа түрлендіру; датчик сигналдарының түрлендіргіштің кіріс тізбегіндегі сигналдармен сәйкестігі; берілген деңгейден ауытқыған сигналдарды жою және анықтау; мәліметтерді тіркеу және оларды индикациалық қондырғыда кескіндеу. Ақпаратты өңдеу: сызықтандыру (сызықты функциональды тәуелділікті есептеу); масштабдау және түзетулерді енгізу; фильтрлеу, экстраполяциялау, шектік жіберілумен мәліметтерді салыстыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет