Материалдар және құрал – жабдықтар: Сүт және сүт өнімдерінің сынамасы және зарарсызданған флакондар және шынылар, мақта-мата тығын, қоректік орталар ЕПА, Петри табақшасы, зат шынысы, Бактериологиялық ілмешек, микроскоп.
Жұмыстың орындалуы: І тапсырма. Сүт және сүт өнімдеріне санитарлық бактериялогиялық зерттеулер Үлкен шыны ыдыстағы сүт және сүт өнімдерін көлемі 0.25л – ден кем емес залалсыздандырылған колбаға құяды.
Ашыған сүт құрамындағы бактерия санын анықтау. Тұқымды өстеру арнайы мына жолдармен алынады: 1:10 өнім алу үшін залалсыздандырылған пипеткамен 1мл сүт және сүт өнімдерін алып, оны 9мл залалсыздандырылған физиологиялық ерітіндіге құяды. Бірінші өнімнен 1:10 келесідегідей аналогиялық жолмен дайындайды. Әр өнімді дайындау үшін жаңа залалсызданған пипетка алу керек. Петри табақшасында тұқымды өсіру үшін тұқымды үлкен өнімнен кішіге ауыстырады.
Әр өнімнен 1мл өнім алып 2-3 Петри табақшасына тұқымды дайындайды. Сөйтіп Петри табақшасына 12-15мл егілген және 450Сдейін суытылған ет-пептонды агар құяды. Тұқымды сепкен кезде және агарды құйқанда Петри табақшасын тез ашып жабу керек. Петри табақша ашық қалмау керек. Агарды құйған соң жақсылап араластыру керек. Петри табақшасы суытылғаннан кейін, оны төңкеріп 370С 48сағ термостатқа қояды.
Әр табақшадағы өскен колонияларды санайды. Қараңғы жерде лупа қолданылады. 1мл үлгідегі өскен бактерияларды санау үшін әр табақшадағы колонияларды өнімге көбейту керек. Әр табақшадағы қорытынды өнімді қосып, саналған табақшалар санына бөліп. Орташа арифметикасын есептейді.
Тапсырма 1. Ыдыстарды, қоректік ортаны, ауаны және т.б. залалсыздандыруға арналған құралдардың құрылысымен танысу.(Автоклав, кептіргіш шкаф, фильтрлер, бактерицидтік лампалар).
2. Залалсыздандыру үшін Петри табақшасын, пипетканы, шпательдерді даярлау.
3. Залалсыздандыру үшін эрленмейеровский колбасын даярлау, мақта тығынмен не қағаз салфеткамен жабу және байлау.