Ф.7.03-18
РЫСБАЕВА Г.С.
«Биотехнология негіздері»
пәнінен зертханалық сабаққа
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент, 2023ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
“Биотехнология” кафедрасы
Рысбаева Г.С.
6В05120 «Биотехнология» Білім беру бағдарламасы бойынша «Биотехнология негіздері» пәнінің зертханалық сабағына
әдістемелік нұсқау
Шымкент, 2023ж
Құрастырған: Рысбаева Г.С. «Биотехнология негіздері» пәнінің зертханалық сабағына әдістемелік нұсқау - Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚУ.- 2023.- 36 б.
Пікір берушілер:
А.М.Есимова х.ғ.к., ОҚУ биотехнология кафедрасының доценті
«Биотехнология» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілген
(№____ хаттама «___ »______ 2023 ж.)
Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің әдістемелік кеңесінде талқыланып, бекітілген
(№____ хаттама «___ »_______ 2023 ж.)
М.Әуезов атындағы ОҚМУ әдістемелік кеңесінде баспаға ұсынылды,
№___ хаттама «___» _____ 2023 ж.
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, 2023
Шығаруға жауапты Рысбаева Г.С.
Кіріспе
Биотехнология көп салалы және көп білімді қажет ететін өндіріс болып табылады. Биотехнология ғылыми және өнеркәсіптік мақсатта биотехнологияның негізіндегі қолданбалы ғылымдарда қолданылатын биохимиялық, микробиологиялық, химия аналитикалық және басқада зерттеу тәсілдерін қолданады.
Құнды өнімдерді биосинтез немесе трансформация жолымен жасау кезінде биотехнологиялық өндіріс өзінің ерекшеліктерімен және заңдылықтарымен ерекшеленіп бірнеше компоненттерден тұратын күрделі жүйені құрайды. Барлық биоөндірістің негізгі компоненттері ретінде биологиялық агенттер, қоректік компоненттердің шикізат көздері, аппаратура және технология болып саналады. Биотехнологиялық өндірістің негізі ретінде: микроорганизмдер, соның ішінде тағамдық және азықтық белок, тыңайтқыш-препараттар, өсімдіктердің қорғау заттары, дәрілік препараттар және биологиялық белсенді қосылыстарды пайдаланады. Аса құнды асыл тұқымдарды және өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарды алу үшін диагностикумдарды және фармацевтикалық препараттарды, екінші реттік метоболиттерді өндіру,алу үшін өсімдік және жануарлар клеткаларын пайдаланады.
Зертханалық сабақтарда студенттер өсімдік және жануарлар клеткалар мен ұлпаларды, микроорганизмдерді өсіру үшін коректік орталарды дайындауды игеру, ламинар бокста жұмыс істеу, алғашқы материалды бөліп алу және залалсыздандыруды игеру, зертханалық жағдайында жануарларды өсіру үшін талаптарды игеру болып табылады.
Клеткаларды агарлы және сұйық ортада өсіруді, клеткаларды субкультивирлеу және клеткалық популяцияның өсу динамикасын талдауды игеру және талдау керек.
Зертханалық сабақтарда студенттер өндірістік микроорганизм штаммдарымен танысып, олардың морфологиялық, культуральды жəне физиологиялық қасиеттерін зерттеу.
Студенттер білуі қажет: микроорганизмдерді дақылдаудың негіздерін, микробиологиялық синтез нəтижесінде алынатын өнімдер мен биомасса жинау процестерінің технологиясын, мақсатты өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды.
- Микроорганизм дақылдарымен жұмыс жасау;
- Дақылдар мен препараттардың тазалығы мен активтілігін анықтау;
- Микроорганизм продуценттерінің өсуін бақылап қажет мақсатты өнімдерді алуда, іс жүзінде микроорганизмдер биотехнологиясы жөніндегі білімдерін қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |