Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4


 Патологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет9/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   126
 
2. Патологияның даму тарихы 
 
 
Патологияның дамуы адам және жануар мәйіттерін ашып – союмен тығыз 
байланысты. Өліктерді алғашқы ашып – сою жануарлар мен адамдардың қалыпты 
дене  құрылысын  зерттеу  мақсатында  жүргізілген.  Біздің  заманымызға  дейінгі 
бірнеше жүздеген жылдар бұрын Патоломей патша дарға асылып өлтірілгендерді 
зерттеу  үшін  өліктерді  дәрігерлерге  тапсыруды  бұйрық  берген.  Бірақ,  орта 
ғасырлардағы  дініи  ырымшылдық  қысымымен  бұл  эксперименттерге  тиым 
салынған және оны кім істесе, сол адамды дарға асқан. 
 
 
 
 
Тек  VI  ғасырда  Батыс  Еуропа  дәрігерлері  өздерінің  білімдерін  жетілдіру 
мақсатында өліктерді ашып – союға қайтадан рұқсат алды.  
 
 
 
 
18 ғасырлардың ортасында Италиялық дәрігер Морган  «Анатом анытаған 
аурулардың  себептер  мен  таралуы  туралы»  алғашқы  кітапты  шығарды,  онда  әр 
түрлі  аурулар  кезінде  ағзадағы  өзгерістер  сипатталып  жазылды.  Алынған 
тәжірибені  ары  қарай  жүйелеген  Р.Вирхов  еді.  19  ғасырдың  бірінші  жартсында 
қандағы өзгеріске байланысты ауруларға сәйкес бағытталған гуморальді бағытқа 
ие болды. Р.Вирхов қалыпты анатомия мен гистологияны зерттеу нәтежиелерінің 
негізінде  бүтін  ағзаның  өміршеңділігі  оның  жеке  бөліктері  –  торшалардан 
тұратынын,  ал  түрлі  аурулар  кезіндегі  патологиялық  өзгерістер  –  бұл  торшаның 
аурулық  жағыдайы  екендігін  анықтады.  Ол  әр  аурудың  жергілікті  патологиялық 
өзгерістермен  анықталады  деп  есептеген,  яғни  ағзаның  бүтіндігі  және  оның 
қоршаған  ортамен  өзара  қарым  –  қатынасы  туралы  ой  –  пікірлерді  теріске 
шығарды. 
Бұл 
теория 
метафизикалық 
деп 
қабылданды, 
бірақ, 
ол 
патологоанатомиялық  және  гистологиялық  зерттеу  әдістерімен  жануар  және 
адамдардың ауруларын терең ғылыми зерттеу мен осы бақылауларды клиникалық 
және  экспериментальді  мәліметтермен  салыстыру  үшін  стимул  болып 
қалыптасты.  Нәтежиесінде көптеген аурулар зрттелді.  
 
 
 
 
 
19-шы ғасырдың екінші жартсы мен 20-шы ғасырдың басында Германияда 
белгілі  патологоанатомдар  Китт,  Кост  жұмыс  істеген.  Нәтежиесінде  олар  өз 


11 
 
зерттеулерін  үй  жануарларының  патологиядық  анатомиясы  бойынша  бірінші 
басқармасына тапсырды. 20 жүз жылдықтың жиырмасыншы жылдарынан бастап 
неміс  патологанатомдары  жылқылардың  инфекциялық  анемиясын  (Шермер, 
Добберштейн  және  басқалары),  туберкулез  (Ниберле,  Палласке),  аусыл 
(Вальдмар,  Нагель),  лейкоз  (Эллерман),  шошқа  обасы  (Потель,  Рере)  ауруларын 
зерттеген, Негрия (Франция), (Бабен) (Румыния )  құтырыуды,  Иванов  (Болгария) 
қой шешегінің патологиясын зерттеу бойынша құнды жұмыстар жүргізді.   
 
Бірінші  Ресейлік  ветеринар  паталоганатомдар  Петербургтың  медико  – 
хирургиялық  академиясының  ветеринарлық  бөлімінің  профессорлары  И.И.Равин 
және А.А.Раевский болды. Профессор Равин И.И. ірі қара мал обасын зерттеген. 
19-шы ғасырдың екінші жартсында  К.Т.Блюмберг (1876)   Қазан 
ветеринарлық 
институтында  жалпы  патология,  паталогиядық  анатомия  және  соттық 
ветеринария  пәндерінен  сабақ  берген.  19  ғасырдың  аяғына  қарай  Қазан 
университетінің  қабырғасында  ғалым,  профессор  К.Г.Боль  «Ауылшаруашылық 
жануарлары  патологиялық  анатомиясының  негіздері»  оқулығын  шығарды. 
Ленинград  мектебінің  негізін  салушы  патологанатом,  профессор  Н.Д.Балл  және 
оның  шәкірті  амилоидоз,  маңқа,  сүйек  жүйесінің  патологиясы,  энцефаломиелит, 
құтыру,  инфекциялық  анемия  және  ауылшаруашылық  жануарларының  басқада 
аурулары  бойынша  жұмыстарын  орындады.  Профессор  Н.Н.Мари  актинамикоз 
бен құтыру бойынша монографияны басып шығарды. 
 
 
 
 
 
Биологияда  қоршаған  орта  мен  ағзаның,  функция  мен  құрылысының 
ажырамас  байланысы,  патология  мен  қалыптың  қағидатты  бірлігі,  әр  түрлі  ішкі 
және  сыртқы  әсерлерге  ағзаның  реакциясы  туралы  негізгі  жеке  жағыдайлары 
дәлелденді.  Павловтың  зерттеулеріне  сәйкес  сол  немесе  басқада  аурулармен 
шақырылған ағзадағы барлық құбылыстарбірімен бірі тығыз байланысты және ол 
осы үрдістерді бастаушы нейрогуморальдық регуляция деді. 
 
 
 
 
Кеңес заманының ғалымдары жалпы патологияны зерттеуге және ғылыми 
дәлелденген  емдік  алдын  алу  шараларын  өңдеуге  үлкен  үлес  қосты.  Көптеген 
жұмыстар  инфекциялық,  инвазиялық  және  саңырауқұлақтармен  шақырылатын 
ауруларды  зерттеуге  арналған:  маңқа,  оны  паразитарлы,  микотикалық  және 
басқада  ұқсас  түйінді  зақымдалулардан  морфологиялық  ажырату  (К.Т.Боль, 
Н.Д.Балл, Б.К.Боль, Б.Г.Иванов және басқалары). 
 
 
 
 
 
 
Көптеген  жұмыстар  ауылшаруашылық  жануарларының  туберкулезін, 
патологиялық 
морфологиясын, 
зақымдалу 
жолдарын, 
таралуын 
және 
генерализация  формаларын  зерттеуге  бағытталған  (П.И.Кокуричев,  Н.А.Налетов 
және  басқалары).  Бруцеллез  (Б.К.Боль,  М.Б.Ариель,)  аусыл  (Б.Т.Иванов,  А.В. 
Акулов),  құтыру  (А.И.  Савватаева,  К.И.Вертинский)  бойыншада  көптеген 
зерттеулер жарыққа шықты. 
 
 
 
 
 
 
 
Қазіргі уақытта патологиялық анатомияның өңдеулері зерттеу әдістерінде 


12 
 
кең  ауқымға  ие:  гистоцитохимиялық,  химиялық,  электрондық 
және 
люмиесценттің микроскопия және басқалары. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет