4.Өліктің шіруі күрделі органикалық қосылыстарды қарапайым,
қосылыстарға, күкірт сутектерге, аммиакка, көмір қышқыл газына дейін
ыдырататын, микроағзалардың өміршеңділігі мен ұлпалардағы аутолиз үрдісінің
әсер ету нәтежиесінде пайда болады (сондықтан иіс болады).
Аутолиз – ішек – қарын шырынының, ұйқы безі секретінің және т.б. әсерінен
ішек пен қарының кілегей қабықтарының өліктік қортылуы. Ол, торшалар
бұзылған кезде ферменттердің босауына байланысты.
Өліктің шіруінің белгілері:
1.Ұлпа мен ағзаның көлемі ұлғаяды.
2. Құрсақ және шат қуыстары аумағындағы ұлпалардың түсі лайлы – қоңыр
түске айналады.
3. Ұлпалар жұмсақ, борпылдақ болады.
Өліктің шіру жылдамдылығын салқын температура, құрғақ орта,
консервирлеу, бальзамирлеу ақырындатады. Жануарлардың тез шіруіне оның
сепситен өлуі, ылғал, жылу әсер етеді.