Ісіктің өсуінің полиэтиологиялық теориясы моноэтиологиялық принципке
қарама-қарсы, барлық қатерлі ісіктің жалпы бір себепті факторы - вирустық
концепция. Осы теорияға сәйкес бластомогенді вирустар адамдағы және
жануардағы кез келген қатерлі ісікті ң пайда болуын анықтайды. Осы теория
бойынша физикалық және биологиялық әсерлер ісікті шақырады, себебі, олар
латентті вирустарды белсендіреді. Бірақ, вирусты концепция әртүрлі канцерогенді
және канцерогенді емес заттардың белсенділік себебін түсіндірмейді.