61
кафедрасының мәліметтері бойынша иттердегі қауіпті ісіктер қауіпсіздікке ие
және барлық ісіктердің ішінен 72,5%-ын құрайды.
Иттерде ісіктердің орналасуы бойынша бөлінеді: тері және тері асты
клечаткасында – 32,4%, сүт безінде – 20,5%, жыныс бездерінің ісігі – 14,5 %, ал
қан түзуші және лимфоидты ұлпалардың ісігі (лейкоз) бар болғаны 8%-ды
құрайды.
Иттердегі ісіктерді зерттеу жануарлар мен адамдардағы ісіктерге ұқсастығын
және айырмашылығын анықтайды және салыстырмалы онкологияға ортақ
мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.
Мысық.Иттер мен мысықтарда ісіктердің таралуында белгілі бір
ұқсастықтар байқалады, бірақ мысықтарда өзіндік ерекшеліктері бар. Оларда
қауіпті ісіктерге қарағанда қауіпсіз ісіктер асып түседі. Иттердегі сияқты, ісіктер
10 жастан асқан кәрі мысықтарда кездеседі. Егер ісіктердің орналасу негізі тері
мен тері асты клечаткасы болса, ал, мысықтарда – бауыры. Ісіктердің 24,2%-ы
бауырда, ал тері мен тері асты клечаткасында өте сирек кездеседі. Мысықтарда
ісіктік аурулардың ерекшелігі басқада үй жануарларында мүлдем кездеспеген
тілдегі рак ауруының 10% - ы мысықтарда диагностикалануы болып табылады.
Мысықтардың тіл рагының негізгі бір себебі – тілдің балық сүйектерімен жиі
жаралануы.
Үй жануарларында ісіктік аурулардың таралуында түрлік, тұқымдық,
жастық, жыныстық ерекшеліктері бақыланады және оларды салыстырмалы
онкологиялық зерттеулерде есепке алады.
Достарыңызбен бөлісу: