59
институтының патологиялық анатомия кафедрасының зертханасында жүргізілген
жүздеген биопсиялардың ішінен терінің және иейрофиброманың сыртқы
жыныстық ағзаларының ісіктері, папилломалар, фиброкарциномалардың тек 6
жағыдайы ғана табылған. Қан және лимфа түзуші ұлпалардың ісіктік зақымдалуы
(лейкоз) 0,1% ғана болады.
Мелоногенді жүйенің (меланомалар және меланобластомалар) қарапайым
ісіктері сұр түсті кәрі жылқыларда жиі кездеседі, оның гистогенезі әлі күнге дейін
анықталмаған.Бұл қауіпті және қауіпсіз пигментті ісіктер аналь тесігінің, кеуде
және құрсақ қуыстарының, плевра, шажырақай және көкшандыр терілерінің
маңайында, жұлынның қабықшасында орналасады. Кәрі биелерде қауіпті
меланомалар ісікті жараға айналдыратын, түйінді, диаметрі 100 мм-ге дейін, ірі
болатын меланомалар сыртқы жыныс аумақтарында орналасады. Сұр
жылқыларда меланобластоманың жиілігі оларды ұһтұқым қуалайтын ауру ретінде
қарауға мүмкіндік береді. Ісіктердің басқа түрлері жылқылардаың кебіреулерінде
ғана кездеседі. Мысалы, асқазан рагы шамамен 10000 ашып союжа кездескен.
Достарыңызбен бөлісу: