5.Ішектің қабынуы Ішектің қабынуы – энтерит, барлық ішекке тарауы мүмкін, бірақ, оның жеке
бөліктерінде жиі кездеседі. Ас қазан мен ішектің бір уақытта қабынуы
гастроэнтерит деп аталады.
Серозды энтерит: Ашып сою – жиі қанталаулар болатын шырышты
қабықшаның ісінуі мен гиперемиясы. Ішіндегісі серозды экссудатпен сұйылады.
Гистологиясы: тамырлардың кеңеюі және жергілікті дегенерацияның серозды
экссудатпен инфильтратануы, жабын эпителиінің некрозы және бұралуы.
Өткір катаральді энтерит: Ашып сою – кілегей қабығы күңгірт,қою,
қоймалжың, жартылай мөлдір, серзды шырыштармен, кейде шырышты-іріңді
немесе қанды дақтармен жабылады, бұл күңгірт сұр-ақшыл үлпектер (сорылудың
бұзылуы, бездердің секрециясының күшеюі салдарынан). Гистологиясы:
шырышты диятрофия, торшалық инфильтрация, тамырлардың гиперемиясы.
Бокал тәрізді торшалардың мөлшері ұлғаяды, кірпікті эпителидің түсуі
нәтежиесінде эрозияның түзілуі. Созылмалы катаральді гастрит кезінде
эпителилердің регенерациясы кездеседі. Гистологиясы: шырышты дистрофия
және эабын эпителиінің түсі, интерстициальді дәнекер ұлпасының өсуі. Кілегей
қабықтары жіңішкерген, түзуленген.
Фибринозды энтерит: Ашып сою – сұр-жасыл түсті жалған қабықшалы
дақтар түріндегі фибринозды экссудаттың жиналуы. Гистологиясы:
фибрин
торлары, ілгектерде лейкоциттер және эпителилері түсіп қалған. Егер дақты алып
тастаған кезде, кілегейі ісініп, гиперемияланса, бұл энтерит түрі крупозды деп
аталыд. Қабықша астында ақаулар табылса – ол дифтериялық энтерит.
Гистологиясы: ішек қабырғасының терең некрозы, фибрин жиналған ядросыз
ақуыздық массалар. Демаркационды қабыну. Ліктен алынған кезде қалған
жаралар грануляциялық ұлпаларға толады (сүзек, оба және т.б аурулар кезінде).