Құрметті ата-ана!!! Әкесі: Анасы


Құрметті ата-ананың назарына !!!



бет14/19
Дата12.04.2022
өлшемі53,87 Kb.
#30736
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ҚОЛХАТТАР 2022ж

Құрметті ата-ананың назарына !!!

Әкесі:_________________________________________________________

Анасы:_______________________________________________________

"Қыз тәрбиелей отырып -ұлтты тәрбиелейміз"деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді."Қызым үйде,қылығы түзде"дейді бұрынғылар.Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса"Қызды қырық үйден тиюмен" шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, үлгі-өнеге көрсету қажет."Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып қыздарды әдептілікке, сыпайлыққа, инабаттылыққа, ұқылыптыққа, тазалыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа баулап, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу мектептен бастау алатыны белгілі.

"«Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді.Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.

Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. «Ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса-ас көп»,-деген ұлағатты сөз осыдан туса керек.

Кең байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт дәстүрінің, мінез-құлықтарының да біркелкі ұқсас болып келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным,Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған үлгі.

Қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күнұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Сондықтан қыздарымыз өзімен-өзі қалып бара жатқан жайы бар..."," Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш қалдыратын киімдер киіп, қымбат әшекейлер, алтын тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығынан, жастық жарасымдылығынан айырылады. Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан етіп жаратқанына мән бермейді. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» дегендей, жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әсем ғой. Табиғат берген көрік пен сымбаттан артық не бар.

Қыздардың ішінде ұрлық жасайтындар мен шылым шегіп, арақ ішетіндер де кезігеді. Демалыс сабақтарынан шашын дудыратып ұйыстырған, ұнамсыз ерсі киім киіп, аяғын бірінің үстіне бірін салып, темекі түтінін құмарлана жұтып отырған сылқым бикештерді жиі жолықтыруға болады. Қастарында отырған адамдардан именбейді. Ал, енді осыны көрген жас қыздарымыздың бұларға еліктемесіне кім кепіл?

Кейде аялдамадан кейбір қыздарымыздың үлкен бар, кіші бар-ау деп қымсынбай жігіттермен құшақтасып, сүйісіп тұрғанын көргенде шыдамай төмен қарайсың. Ардақтауды, мәпелеуді, құпиялықты қалайтын махаббат атты құдіретті аяққа таптау емес пе бұл?

Әрине, мұндай көргенсіздіктің өзіндік себептері көп екенін білеміз. Бірақ ең бастысы тәрбиенің кемшілігі екендігінде дау бола қоймас. Тек өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады.

Қыздарымыз осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен, сүйкімділігімен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы сыйлы. Ертеңгі күні не болатынын білмегендіктен, тек өздеріне сеніп, бүгінгі күнмен ғана өмір сүретін адамдар тобына айналып бара жатырмыз ба?-деп, қорқамыз. Себебі, біздің қоршаған ортамыз келген жаңа дүниелерге еніп, қалыптасу үстінде. Сондықтан шығар, біз, өзіміздің адами құндылықтарымызды жоғалтып, кейбірі ну орманның ішінде жүргендей адасып, теріс жолға түскендері қаншама?..."

Сол себепті, құрметті ата-аналар қауымы ! Қыздарды әдептілікке, сыпайлыққа,инабаттылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке, төзімділікке, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу мақсатында Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия әкімшілігі ЕСКЕРТЕДІ:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет