Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия әкімшілігі жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу , сабаққа қатысуын қатаң бақылауға алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету , орын алған келеңсіз жағдайлар жөнінде жедел ақпарат беру және ҚР-сы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 28 маусымдағы №247 және Шымкент қалалық білім бөлімінің анайы хаттарының негізінде
№47 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ӘКІМШІЛІГІ ЕСКЕРТЕДІ :
1. Сынып жетекшілер 1 күн сабаққа келмеген оқушының нақты себептерін анықтау мақсатында сынып жетекші ата-анамен байланыс жасап себептерін анықтайды, бірнеше күні ( 2-3 күн) оқушы келмеген жағдайда ата-аналар комитеті мүшелерімен бірге үйіне барып АКТ түзейді.Оқушының себепсіз сабақтан қалған жағдайда мәселесі мектепішілік "Тәртіптік кеңесте" қаралатындығын тағы да ескертеді.
2. Оқушының себепсіз сабақтан қалғаны-48 сағаттан асқан жағдайда ҚР-ның "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Кодексінің 127 бабы бойынша және мектепішілік "Тәртіптік кеңестің" шешімі бойынша ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы тағы да ескертеді.
3. Мейрам күндері және қүзгі, қысқы, көктем,жазғы демалыс алдында және кейінгі күндер кезінде балаңызды сабаққа жіберуі-тікелей міндетіңізге жататындығын тағы да ескертеді. Дәл сол күндері оқушылардың сабаққа қатысуы азая бастайды.
4. Балаңыз сабақтан себепті жағдайлармен қалған жағдайда, дәлелдейтін құжаттар-медициналық анықтама,спорттық жарысқа қатыстыртып сабақтан босату туралы бұйрық немесе басқа сабақтан босату туралы анықтамалар дер кезінде, яғни мектепке баратын күні кешіктірмей берілу керектігін тағы да ескертеді.
5. Сабақтан тыс уақытта балаңыздың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне тікелей ата-ана жауапты екендігін тағы да ескертеді.