Құрметті азамат
атағы берілсе
Жазушы Софы СМАТАЙ
— 60 жаста
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік та-
балдырығын аттағанымызға да, міне, 10 жыл
толғалы отыр. Осы жылдар ішінде халқымыздың
өмірінде, ой-санасында түбегейлі өзгерістер
болуда. Оның бәрін жүйелеп, қорытындылау
— болашақтың іcі. Дегенмен, сол өзекті оқи-
ғалардың ішіндегі ерекшелерінің бірі —
ғасырлар бойы аңсаған, тәуелсідігімізге жету
жолымызды талдап, өткен тарихымызға үңіліп,
жазира жерімізді білектің күшімен, найзаның
ұшымен күресе қорғап, азаттық үшін
жандарын пида қылған батыр бабаларымыздың
есімдерін қайта жаңғыртып, бүгінгі ұрпақтың
патриоттық сезімдерімен дұрыс ұштастыру деп
ойлаймын.
Әрине, тарихты
терең талдап, ек-
шелеп, ел санасына
қондыру екінің бі-
ріңің қолынан кел-
мейтін дүние. Бұл
іспен тарихшы-жазу-
шыларымыз, оқы-
мысты-ғалымдарымыз
шұғылданғаны абзал
және осы ретте соңғы
жылдары олардың
қаламдарынан біраз
қомақты туындылар
шығып та үлгерді.
Соның бірі — тәуел-
сіздігіміздін 10 жыл-
дығы қарсаңында
қолымызға тиіп
отырған атақты жа-
зушы, халықаралық
Алаш сыйлығының
иегері Софы Сматай-
дың өлеңмен жа-
зылған "Жарылғап
батыр" романы.
Романда қазақ
еліңің өткен тари-
хында елінің азат-
тығы мен бостандығы
үшін күрескен батыр
б а б а л а р ы м ы з д ы ң
ерлікке толы өнегелі
өмірі мен өрелі істері
тамаша баяндалады.
Жазушы жыр-дас-
танның негізіне Абы-
лайдың жекпе-жекке
шығатын батырла-
рының бірі — Жа-
рылғаптың өмірін
өзек ете отырып,
XVIII ғасырдағы
қазақ халқының
басынан өткен кү-
реске толы жағдайын
тартымды жеткізе
білген. Романда та-
рихтағы ірі тұлға-
лардың азаттық
жолындағы бай-
ланыстары да, күн-
делікті адами қа-
тынастары да, та-
биғаттың сұлу кө-
ріністері де шынайы
жыр жолдарына
түскен. Бірде әз-
Тәукенің өмірден
өткеніне қайғырған
халық мұңына ортақ-
тассаң, бір уақытта
дана Бұқар бабамыздың
өсиетін тыңдап, Қазы-
бек бидің саңқылдаған
үніне үийсың.
Менің мақсатым —
романды талдау емес,
тек өзімнің алғашқы
пікірімді қуана айта
отырып, оқырман қо-
лына суреткердің тағы
да бір кесек дүниесі ти-
ді дегім келеді. Өзінің
атақты "Елім-ай" ро-
маны туралы жазушы
бірде былай толғанған
екен: "Тарих - көптің,
қоғандық өмірдің бас-
тан кешкен дәуірі. Оны
қанша. бұлталаққа
салғанмен, уақыт
әмәнда аршып алып
отырады. Сондықтан
ұлы мәртебелі Тарих
алдында әрдайым адам
ақ көңіл, таза жүрек-
пен жүгініп отыру
ләзім". (Сөзстан, 1985).
Міне, дарынды жазушы
әлі де сол көзқарасымен
халқына адал еңбек
етуде.
Ойды ой туғызады.
Бүгінде қарымды қа-
ламгер, ақын, драма-
тург, көрнекті жазушы,
жерлесіміз Софы Сма-
тай 60-қа толып отыр.
Іргеміздегі Киіктіде
туып, Балқаш өңірінің
атақ-даңқына сүбелі
үлес қосып жүрген жер-
лес-бауырымызды ме-
рейтойымен құттықтай
отырып, халқын та-
лантты шығармала-
рымен қуанта берсін
дегім келеді. 60-тың
асуына ш ы қ қ а н ар-
дақты азаматымыз
Софы Сматайға мерей-
той тұсында "Балқаш
қаласының құрметті
азаматы" деген атақ
берілсе, нұр үстіне нұр
болар еді. Қалың
жұртшылықтың осы
ұсынысымды қуана
қолдайтынына сене
отырып, қала әкімінің,
депутаттардың наза-
рына ұсынамын.
К.БЕКМАҒАМБЕТОВ.
Балқаш өңірі.-2001.-6 шілде