10.5.1.1 геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін, негізгі категорияларын түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Білім алушы геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін, негізгі категорияларын біледі.
Көпшілік оқушылар үшін:
Білім алушы негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтап.сипаттап бере алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Білім алушы геосаяси ықпал көрсетудің негізгі құралдарын зерттепбере алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.