Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:синус,косинус,тангенс,котангенс,бұрыш,формула,квадрат бөлшек,қос бұрыш,жарты бұрыш.
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер….,
тригонометриялық функциялардың қосу формулалары….,
қос бұрыштың тригонометриялық функциялары дегеніміз…,
Жарты бұрыштың тригонометриялық функциялары дегеніміз …,
бөлшекті қысқарту…,
тригонометриялық функциялардың қасиеттері...
қысқаша көбейту формулалары….
— көлбеудің анықтамасын сипаттаңдар
— көлбеудің проекциясы дегеніміз не?
— 3 перпендикуляр туралы теореманы сипаттау
— қандай жазықтықтар перпендикуляр жазықтықтар деп аталады?
«Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
иә немесе жоқ деп жауап бересіңдер. 1. АВ┴α, CD┴α, B€ α, D€α, AB=AC. АС түзуі мен α жазықтығы параллель ма? ( иә) 2. екі түзу 90° бұрышты құрайды. Олар перпендикулярды ма? (иә) 3. а мен m түзулері бір біріне перпендикуляр, ал b a- ға параллель. M және b перпендикуляр ма? ( иә)