Пәнге қатысты лексика және терминология: Бұрыш,градус,радиан, шеңбер, радиус ұзындығы,центрлік бұрыш,шеңберің доғасы,, сан,радиандық бұрыш.
Диалогтар және жазу үшін керекті тіркестер: - Қандай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады?
-Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
-Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
-Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы түзуге параллель
неше түзу жүргізуге болады?
-Бір түзуге перпендикуляр екі түзу қиылысама?
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту.
Ұжымдық жұмыс.
8 мин.
Ұйымдастыру: -Оқушылармен амандасу, сынып оқушыларын түгелдеу.
Топқа бөлу: Оқушылар бұрыш, радиан, градус деген сөздер жазылған түрлі түсті қима қағаздар таңдау арқылы топтарға бөлініп отырады;
Ітоп:«Бұрыш»,
ІІ топ:«Радиан»,
ІІІтоп:«Градус»
Топтар топ ережесін сақтайды , өз қалаулары бойынша топ ішінен топ басшы сайлайды,топ басшы топ мүшелерінің сабаққа белсенді қатысуын қадағалайды.