Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Айгүл Кемелбаеваның «Қоңыр қаз»



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата26.02.2023
өлшемі0,63 Mb.
#70002
  1   2
Байланысты:
Айгүл Кемелбаева Қоңыр қаз



Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!
 
Айгүл Кемелбаеваның «Қоңыр қаз» әңгімесінің осы 
электронды нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін. Бұл шығарма 
kitapjaris ұйымдастырған кітап сайысында оқытылды. Ӛзіңіз ғана 
оқыңыз. Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп 
сенемін. 
Сіздерге ұсынылған шығарма терең танымды қажет етеді. 
Айгүл Кемелбаева – қасаң қағидаларды бұзып, ӛзінше пайымдап, 
ӛзінше жазатын, кӛп ізденетін талантты жазушы. Оның жаңашыл, 
бітімі бӛлек, шоқтығы биік шығармасының бірі – «Қоңырқаз». 
 ҚОҢЫРҚАЗ 
Ганс Христиан Андерсен рухына. 
Үлкен сахна жайлы кӛкейтесті арманмен қош айтысуға мәжбүр 
болған Қаршыға беймаза қаладан тезірек кетуге асығып, қырдағы 
қойшы ағасы Ақылбайға ағынан жарылып хат жазды. Туған жерге
оралғысы келетінін, некесіз сәби күтіп жүргенін, жанашыр жалғыз 
туысы осы күнәсін кешпей ат-тонын ала қашып, жирене теріс 
айналса, кіндігі кесілген атамекеннен мүлде безініп, ел-жұртқа 
масқара қылмай, біржола жоғалатынын қысқа қайырды. 


Тауда жалғыз үй шошайып, әйелімен ғана күнелтіп, бір отар 
қойдан ӛзге ештеме кӛрмеген заты момын қойшы не десін, дереу 
бойын кернеген тосын сезімдерден аңырап, шын пейілімен 
ақтарылып, адаспайтын адам баласы, сүрінбейтін ат тұяғы 
болмайтынын мойындап, қарындасына еш зілі жоғын, ғұмыры 
аялап жақсы кӛріп келгенін, ақ сүтпен берілген туысқандық 
мейіріміне ешнәрсе шіркеу бола алмасын айтып, «қалқам» деп 
жауап жазды. 
Ақылбай қойшы құдай бергелі тұрған бӛбекті «бауырыма басып 
алам» деген ойға мастанып, қуанышы қойнына сыймады. 
Ағасы жазғырса, жақсы ит ӛлімтігін кӛрсетпейді деп бекінген 
Қаршыға кӛңілі тынып, еліне оралды. 
Бұл жақта кӛктем жаз күндеріндей жұмсақ, шуақты еді. 
Қойшының қоңыр киіз үйі, жаз жайлауға кӛшкенде адыр-адыр бел 
асқан кең даланың жұпар иісі жас әйелдің сағынышын сағымға 
айналдырып жіберді. Жиегінде қамысы желкілдеген шағын айна 
кӛлдердің күнмен шағылысқан келбетін кӛргенде ӛзін байыз 
таптырмай, бабажұртқа жіпсіз шырмап, қаңбақша айдап әкелген не 
ғаламат екенін түйсінді. Қарға адым қашықтықта тізілген жабайы 
кӛлдердің беті қым-қуыт тіршілікке толы. Әлем алғаш жаратылған 
күннен бауыр басқан құс баласының сан түрін айтпағанда, кербез 
аққулар қалқыған ақ айдынның кӛркем суретін екі аяқты адам 
баласы пайда болғанға дейін ешкім бұзбап еді. 
Ана қаз тӛсінің майда түктерін тұмсығымен жұлып алып, ұя 
түбіне тӛсейді. Ұя басып отырған аналық құс кей сәтте қорек үшін 
ұша жӛнелмес бұрын жұмыртқаларын бұлтиған құс кеудесінен 
суыртпақтаған мамықтармен бүркеп қояды. Ұясына қайта ұшып 
оралғанша әрі таса, әрі пана. 
Шешініп барлық киімін бір бұтаның түбіне үйіп, салқын судан 
тайсалмақ түгіл, іші кеседей дӛңгеленіп жұмырлана бастаған 
салмағын қаперіне алмайтын уыздай жас әйел ұзын шашын 
тӛбесіне түйіп тастап, кейде шұбатылған бұрымын жинауға су 
арбап асықтырып, бір қолына уыстап жүзіп жӛнелетін, әдетте 
бүйтіп жүзіп кеп, судың тұнығын талғап ішетін жыртқыш аң болар. 


Сонда тәнінің ақтығы кӛлдің жұмсақ тереңінде жасырынған, 
құйрығын күн шалмаған ақ балық тәрізді. Су перісінен бар 
айырмасы балық құйрығы бітпеген демесе әйелдің таңмен таласар 
сиқыр шырайына кӛктегі күннің алтын сәулелері нұр шашып 
әлпештеп, тек мазасы қашқан қанаттылар тұқымы мына
сұлулықтан жерініп, наразылықтарын қаңқылдай, сұңқылдай жария 
етіп, кӛлін тастап, үркіп үдере тік кӛтерілгенде сан қанаттың бір 
мезгілдегі қағысы тұтасса кӛл бетін бүркейді. 
Кӛлдерге жалғыз жаяу кетіп қалатын Қаршығаның жабайы құс 
жұмыртқаларына ӛлердей құмартып, аяғы ауырлығына қарамай 
жүзіп іздеп, жыл құстары толтырып тастаған ұяларды үптеп, ұрлап 
жеп жүргені қойшы мен әйелінің үш ұйықтаса түсіне кірмес еді. 
Жеңсік ас дегбірін алып, ақылдан айырған әйел әр ұядан екі 
жұмыртқа алып, шикідей жұтып жүрді. Қаз-үйрек, бірқазан, 
аққұтанның жұмыртқасын түсінен танитын. Қанат біткеннің аруы 
аққудың бірнеше мәйегі кӛгілдірге айналмай жатып адамзатқа жем 
болды. Кӛлдерден құмары қанып, құрбанын шалып рахаттанып 
оралады. Кейде жеңгесі сӛзге сараң Қаршығаның кӛзі мұнарланып, 
түлкі алған бүркіттей қомданып, асып-тасып шала мас кӛрінетін 
тым бақытты бейнесіне қайран қалып, алай-түлей сезімін айтпаса 
да ұғып, онысын ауық-ауық жұтатын бал қымыздың буынан деп 
жорамалдап жүрді. 
Кӛбелек қуып, желмен жарысатын жалаңаяқ балалық шақта 
кішкене қыз обал дегенді түйсінді ме екен, ӛзге балалар қармақ 
салып балық аулап, шортан аңдыған мәз-мейрам кезде алыс жүзіп, 
ұя іздейтін. Бәлкім, ауылдастары ӛскен соң аңызға лайық даусы 
бар ұлы артист болады деп сұқтанған үмітті тас-талқан етіп, ӛнер 
ӛлкесінен қатал жұлып тастаған беймәлім күш – сол күнәсіз 
құстардың қабық астындағы уыз қарғысы болар, кім білсін. 
Аға-жеңгесі күн ұзаған сайын тәубесіне түсіп, тәтті үмітпен 
малданып жүрген күздің күндері қойшының кӛне киіз үйінде 
дүниеге қыз бала келді. Нәресте анасын қинамады десе болады. Тап 
бір құс жұмыртқалай салғандай топ етіп оңай туды. 


Иттеріне айқайлап қойып, қой қайырып жүрген Ақылбай қойшы 
қас қарая үйіне таянғанда оңтүстікке топ-тобымен ұшып бара 
жатқан құстардың ӛзгеше үн шығарып, жапан далада шоқиып жеке 
тұрған ӛз түтінін бір айналғанын кӛргенде қайран қалды. 
Қоңыр қаздар қаңқылдап, шаңырақты бауырлай ұшып, ұзақ 
сапарға жӛнеп берді. Жердегі түйелі қазаққа керуен тартуды 
үйреткен кӛктегі тырналар еді. Алақандай адам тұрағының 
тӛбесінен тырналар үшкілдене тыраулай ұшып барады. 
Ақылбай қойшының тірі жанға қастығы жоқ дархан жүрегін 
елжіретіп, кӛзіне жас үйірген аққулар болды. Сұлу құстардың 
сұңқылдаған қоштасу үні мұңлы. Қазақ үйді бірнеше айналып 
қимай ұшқан солар еді. 
Қулық-сұмдықтан ада қарапайым қойшының ойына табиғаттың 
мына жұмбағын ӛзгеше жорып, үрейлену де келмеді. Атамекеннен 
түу алысқа, мұхиттарды аңсап бетке алып ұшуға тиіс жыл құстарын 
кӛзіне жас алып, ыңылдай әндеткен «Әудемжерін» үзіп алып 
аңырып, кері аман оралуын тілеп, қимай шығарып салды. 
Атын байлап үйіне кірген қойшы нәресте береріне Тәңірге 
алғысын үнсіз жаудырып, елжіреп күтіп жүрген жиенін кӛргенде, 
қандай қуанды десеңізші. Жаялыққа оралып кӛзі жұмулы жатқан 
қызылшақа нәрестені еппен күс-күс қолдарына алып сүйсініп қарай 
берді. 
Мейірімі кӛзінен тӛгілген жеңгесі жаңа туған балаға азан 
шақырып, құлағына үш рет айқайлап, Хорлан деп ат қойды. 
Бала қырқынан шыққанда Қаршыға қызынан құдай болмаса 
адам айырмасын түсінді, ойша иемденіп, айналып-толғанып, 
бақыттан жасарып кеткен аға-жеңгесіне бӛпесін бермеуге бекінді. 
Жазғытұрым сай-салада қар суы еріген мезгілде, кішкене қыз 
алты айлық болғанда болар-болмас білінген арқасындағы қос 
шеміршек ептеп ӛсіп қалғандай еді. Әйтседе сахнада үні жұтылып, 
талып құлағаннан бері ештемеге селт етпейтін Қаршыға бұл 
ерекшелікті елемеді десе болғандай. 


Сәби еңбектеуге жарағанда сорлы қойшыға қарындасы ауылға 
барып жұмыс істейтінін, қызын берсе жүрегі қоса жұлынарын 
мәлімдеді. 
Кӛңілмен иемденіп балақайды ерен жақсы кӛріп үлгерген 
Ақылбай қойшы және оның мұңлық әйелін бұл сӛздер аязша 
қарыды. Бірақ екеуі ӛкініш пен ӛксігін жасырды. Кӛнбегенде не 
істемек. 
Кӛрікті қарындасы күйеуге шығуды кӛздеп, баланы бауырыма 
салып береді деп күткен қойшы ӛмірдің ащы шындығымен бетпе-
бет келіп, жасып, күрсініп жүріп ауылдан екі бӛлмелі үй алып, 
Қаршығаны кӛрпе-жастығын, еншісін беріп кӛшіріп салды. 
Мектепке музыка пәнінен мұғалім боп орналасқан Қаршыға 
қызынан бӛгде игілік бар-ау деп тілемеді, бӛтен адамдарды кӛрсе 
де байқамағандай еді, селсоқтанып селт етпейтіні сонша, 
баласының бүкір болу қаупіне мән бермеді. 
Бозбала қауым бір кӛргеннен естен тана ғашық болар кӛркі бар, 
той-думанда, қыз қууда аруағы асып, ат арқасында бекем отыратын 
Қаршыға, ән салғанда сүйсінбейтін жан қалмайтын ӛнерпаз 
Қаршыға ел-жұртына жағасын ұстатып, жолдан тапқан мүгедек 
қызымен моп-момақан ӛмір сүрді. 
Хорлан тӛрт жасқа толғанда астауда шомылдырып отырған 
анасы бір түнде шеміршектің ұшы күлтеленіп құстың 
баласынікіндей шоп-шолақ кішкене қос қанатқа айналғанын кӛріп 
шошып кетті. Сүйікті ағасына қимағаны, қызынсыз бір сәт тұра 
алмайтын қасиеті тегін болмады. Жасаған Ием әлденені алдын-ала
сездірген екен. Даусынан айрылғалы дүниенің ӛзге қызығынан 
безіп, сопы тәрізді жұпыны тірлік кешкен әйел о баста біраз 
үрейленсе де, артынша бұл тылсым белгіге ми қатырып, тереңдеп 
мән беріп жатпады. Бар болғаны «Балапанымды адамдардың 
жауыздығынан қорғауым керек, оның қанатты адам екенін тірі жан 
сезбеуі тиіс!»,– деп түйді. 
Бұл кезде Ақылбай қойшының шаңырағына бақыт құсы 
қонақтап еді. Он үш жыл зарығып күткен балаларын кезек
құшақтап айналып-толғанса-ақ пейілі кең қойшы қарақат кӛз үркек 


жиенін жаны елжіреп еске алатын, ықыласы соған ауып, жақсы 
кӛрген соң құдай мені де ұрпақсыз құр қоймады деп ұқты. 
Хорланды туған балаларынан артық кӛргені рас. 
Екінші класта оқып жүріп, Хорлан бүкір деп мазақтаған тұстас 
балаларға ӛкпелеп мектепке бармай қойды. Қызының болашағын 
ойлаудан зәресі ұшатын Қаршыға бұл қыңырлыққа кӛз 
жұмбайлықпен келісе салды. Сегіз жасар қыз бала ұзақты күн 
үйден шықпай отыратын, кәдімгі балаларға тән ойынқұмарлық 
деген онда атымен болмады. 
Күміс тозаңды құс жолы мен түпсіз тұңғиық ғарыш әлемін 
жадына алса сарыүрпек балапаны қанаты қатайғасын қан жылатып 
ұшып жоғалатыны, ӛзінен мәңгілік алыстап, қиял жетпес қиянға 
шырқап кетуі әбден мүмкін-ау деген қатігез ойдан санасы 
сарғайған музыка пәнінің оқытушысы бейбақ ұрпағына кӛңілін 
бӛліп алдандыратын ғажап бір іс тауып бермек боп басы қатты. 
Кітаптың құдіретті күші адамға апиынша әсер ететінін 
білетіндіктен оқыс іске жетелер деп үйдегі қағаз атаулыны құртты. 
Әрі кішкене Хорлан әзер хат танитын, оның оқуға құлқы жоғына 
анасы қуанбаса ренжімеді. Жұрт қатарлы телевизор алуды 
ойламады. Сиқырлы қорапша қызының жарымжан кӛңілін астан-
кестен қылмақ түгілі, ӛзінің есіне қайдағы-жайдағыны салып 
мазалайтын. 
Әйел бірде қызының пластелиннен неше түрлі мүсін жасап, 
тізіп қойғанын кӛргенде жүрегі жарылардай қуанды. Сол-ақ екен, 
пластелин қорабын тау ғып үйіп тастады. Титімдей қыз ойыншық 
бейнелерді бар ынтасын тӛгіп шебер әрі құдайдың құдіретімен тек 
құс мүсіндерін жасайтынына анасы мән беріп жатпады. 
Жылына екі рет таудан түсіп, қарындасының үйіне соғып кететін 
Ақылбай қойшы тәтті-дәмді және қымбат ойыншық атаулыны үйіп-
тӛгіп әкеп жүрді де, артынан құртымдай жиенінің ерен мүсіншілік 
ӛнері барын аңдап, саз балшық тауып беруге құмартты. 
Әлгі оқиғадан соң қарапайым мектеп мұғалімінің шағын екі 
бӛлмесі музейге ұқсап кетті. Айнытпай жасалған түрлі-түрлі құс 
мүсіндері кереуеттің астында да шүпірлеп толып отыратын. Үстел 


үстін тұғыр етіп, қаздай тізілген қанаттылар отряды басты, әрі-
беріден соң балшық құстардан үйде аяқ басар аттам жер қалмады. 
Қара шашын орамалмен тарс байлап тастаған Қаршыға класта 
күйсандық тартып, яки болмаса нота үйретіп жатқанда адамзаттан 
ӛзгеше жаралған сәбиін есінен бір сәт шығармайтын. 
Бұлардың 
кӛрші 
аттап 
баспайтын 
тым-тырыс 
үйіне 
Қаршығаның әріптесі Еркежан келе қалды. Жас кезінде суретші 
болуды армандап, үй-ішінің тірлік қамымен кеткен Еркежан 
бӛлмеде аузы-мұрнынан шыққан құс мүсіндерін кӛргенде ерекше 
таңырқап, 
шегін 
тартты. 
Кісікиік 
Қаршығаның 
салқын
кӛзқарасынан именбей-ақ саз балшыққа нәзік саусақтары
былғанып, кезекті кӛгершіннің құйрығын жасап жатқан кішкене 
қызды еркелетіп басынан сипап, «Құс тегін соншалық сүйеді 
екенсің, ендеше мен саған ӛте қызық нәрселер тауып беретініме 
илан!», – деді. 
Осыдан соң анасы бӛтен үйлерге кіруге тыйым салған кішкене 
қыз әлгі кісінің үйіне барып тұруға рұқсат алды. Күллі ауылда 
Қоңырқазды бүкірек, ӛркешті бота деп мазақтамайтын Еркежан 
ағаның екі ұлы еді. 
Сол үйдегі сӛре-сӛре кітаптарда таңғажайып құстар бар.
Қоңырқаз сан алуан кӛрікті құстардың фотосуреттеріне телміріп 
қарап отыра беруге еш жалықпаушы еді. 
Қыз бала он жасқа аяқ басқанда оның Хорлан есімі ұмтылды. 
Нағашысы жиенін Қоңырқаз атандырды да, ӛзге адамдар, әсіресе, 
бала біткен бүкір, нарбота, ӛркешті қыз дейтін болды. 
Қаршыға енді құс тұқымын киелі санап, қанаттылардан 
қорқатынын жүрегінің түбіне терең жасырған. Қызын Қоңырқаз 
деуге аузы бармас па еді, қайтер еді. Ақылбай қойшы еміреніп
қойған лақап есімге қызының ӛзі құп алып құлай кетпесе. 
Қаршадай бала ӛз есімін мойындамай қойды, Қоңырқаз деп атаса 
ғана бұрылып тіл алатыны сорлы анасын амалсыз кӛндірді. 
Үндемей жүре беретіндіктен кейде тілі байланып, мылқау болып 
қала ма деп күдіктенетін қоңырқай ӛңді бала қыздың баданадай
кӛздеріне қараса-ақ бойын жалын құрсап, шабыт кернейтініне 


Еркежан таңқалып жүрді. Жастық шақта әлдилеген балауса 
арманы күл астындағы шоқ тәрізді елеусіз жатады екен. 
Қоңырқаз құс жайлы сансыз кітаптарды армансыз ақтарып, 
сурет атаулыны кӛріп болғандықтан, Еркежан ағайы оған ұлы 
суретшілердің шығармаларына арналған қалың кітаптарын кӛруге 
берді. 
Балақай аузы шала ашылып, құс ұшып кірсе сезбестей аңқиып, 
кӛзі отша жанып, кітапқа бар назары ауыпты. Еркежан тағаты 
таусылып, анасы тәрізді селт етпейтін қыз баланы сонша тұтқындап 
арбап тастаған не екенін білмекке құмартып қасына келді. 
Қоңырқаз ортағасырлық қылқалам шеберлері жан берген, 
флоренциялық суретшілердің сүйікті тақырыбына айналған, құдай 
анасының маңында ұшып жүрген сәби кейіпті періштелерді кӛріп 
есі кетіп отырған беті екен. 
Күллі тұлғасынан аңқаулық аңқып тұратын, тегі жұрт жарымес 
санайтын кішкентай жан иесінің күллі махаббатын тӛгіп тебіреніп, 
қанатты періштелерден кӛз айыра алмай қалғаны шынымен тосын 
құбылыс еді. 
Қоңырқаз Еркежан ағасының үйіне қанатты періштелерді кӛру 
үшін асығатын қызық күйге ұшырады. Қыз бала томырық мінез 
анасына тартып, ештемеге елең етпейтін меңіреу тәрізді әсер 
ететін. Жұрт Қаршығаны мүсәпір санап, жарымжан қызымен 
екеуін пері шалған деп әңгіме етсе де, ән салуды ұмытқан 
Қаршығаның әсем үнін бір тыңдауға құштар еді. 
Бірде ауылда мереке күні бойын тұтқиыл кернеген ынтығуды 
баса алмай, Қаршыға сахнаға кӛтеріліп, Құсни-Хорлан деп 
Естайдың ғажап әнін шырқады. Жұрт қол шапалақтап, дүрлігіп 
жатқан әуезді үн буынын алған Қоңырқаз әнді ӛзінің құрметіне деп 
қабылдап, жымиып күлді. Артынан ауыл күйшісі домбырасын 
безектетіп аққу күйін тартқанда шыдай алмай, ӛксік буып, 
Мәдениет сарайын тастап үйіне қашып еді. Мӛлт-мӛлт тӛгілген 
жасын ешкім байқамады. Қызының бойын қандай жанкешті сезім 
кернеп, нәзік денесі қайтіп үсік ұрғандай қалтырағанын кӛрсе 
Қаршыға байғұста ес қалмайтын еді. 


Томаға-тұйық тірлікке еті үйренген Қоңырқаз Еркежан 
ағайының кітаптарын ашқан ғажайып жаңалығынан соң ӛзінің 
қанаты барына масаттанып, кӛңілі тасып жүрді. 
Ол тіпті ӛзін кӛрсе келекелеп, бет-аузын тыржыңдатып, қыр 
соңынан қалмайтын шиборбай ұсақ балаларға ешқашан кектеніп 
кӛрген емес. 
Адамдардың ӛзін әрі мүсіркеп, әрі сыртынан күлетінін білсе де 
ренжіген емес. Оның жасына сай дамудан тежеліп қалғаны анық 
еді, хайуандай ойсыз кӛрінетін. Тірі жанға қастық ойламайтыны 
нағашысына тартқан. 
Сәбидің бұл фәнилік емес екенін еміс-еміс жүрегі сезіп құса 
шегетін, әрдайым жиенін кӛл-кӛсір қуанышқа бӛлеуге тырысатын 
Ақылбай қойшы қолы тисе шалғай жатқан шаһарға арнайы ат 
арылтып барып, тор-торымен шымшық, торғай тектес құстың алуан 
түрін әкеп беріп жүрді. 
Мұндай сыйлыққа есі шығып, шаттанатын байғұс бала тордың 
қақпасын ашып, әдемі құстар қанаттарын сермеп ұша жӛнелгенін 
кӛргенде мейірі қанып, мейлінше рахаттанатын еді. Тірі 
ойыншықтарынан иемденген сәтте айрылып қалатыны ойына кіріп 
те шықпайтын. Сондықтан қамқор нағашысы қусаң кетпейтін 
асыранды үй кӛгершіндерін әкеп берді. 
Еш жәндікті жәбірлемейтін мейірімді Қоңырқаздың қаһарына 
мініп, кектеніп, ӛш алған кездері болды. 
Тауықтарға шашылған жемге ортақтасып, секектеп жүріп, қатер
тӛнгенін кӛрмей қалатын ақымақ торғайлардың талайын ұстап, 
талап жеген кӛршінің шұбар мысығын ол жек кӛрді. Жұмсақ табан 
жалмауыз мысық сүйікті ақ кептерінің ту-талақайын шығарғанын 
кӛргенде қаны кӛтеріліп, долылық буып, бұл тажалды мықтап 
жазалауға ұйғарды. 
Қоңырқаз әлгі мысықты ұстап алып, басын орамалмен тұмшалап 
тас қылып байлады да, моншадағы су толы бӛшкенің ішіне тастап, 
қақпағын жауып қойды. Монша жаққан күні шешесі судағы ӛлі 
мысықтың басындағы орамалын танып, қызынан келген кесел 
екенін сезіп бажылдап ұрысты. «Неге ӛлтіресің, ойбай?! Мұнша 


зұлымдықты саған кім үйреткен?! Жалғыз мысықтың қарғысы 
қырық кісіге жүк болады деуші еді. Ендігәрі жәндікті 
жәбірлегеніңді кӛргенше, қара жерге кірейін!», – деп едәуір 
таусылды. 
Жыл құстары лек-легімен ұшып келіп жатқан жазғытұрым 
қасиетті күндердің бірінде іші-бауыры күйіп, безгек буғандай
қалтыраған Қоңырқаз соқыр түйсік меңдеп, тауға рұқсатсыз қашып 
кетті. Құпиясы мол қарындасы қия бастырмайтын аяулы жиені ӛз 
үйіне қарлығаштай сағынып келгеніне қатты риза болған Ақылбай 
қойшы шүкір деп құтты қонағына қазан кӛтертті. Қызын ӛкшелеп 
машинамен қуа келген Қаршыға алқынып жеткенде, мәре-сәре киіз 
үйде Қоңырқаз ӛзіне арнайы сойылған дәу қойдың құлағын жеп 
отыр еді. 
– Енді осылай қашып кеткеніңді кӛргенше қара жерге кірейін! – 
деді Қаршыға шегелеп. 
Бұрын айтқанын екі етпейтін қызы таудан кеткісі келмей 
қырсыққанын кӛріп жаны жаман қиналды. Ертесінде қойшы 
отарын айдап, жайлауға түсті. Қызын қалдырып кетуге қорыққан 
анасы кесе-кесе күміс кӛлдері жарқыраған баяғы кӛкорай далаға 
амалсыз ілесе келді. 
Қоңырқаздың шыр етіп дүниеге келгеннен бері кӛлді алғаш 
кӛруі осы еді. Қызының ӛңі мүлде ӛзгеріп кеткенін кӛргенде 
бақытсыз ананың кеудесінде шықпаған қу жаны қалды. Кӛл беті 
азан-қазан, қас қылғандай қасқалдағы сүңгіп, аққуы жүзген 
салтанаты толған шақ. 
Мойнын әсем иіп суда жүзген аққуларды кӛргенде Қоңырқаз 
дүниедегінің бәрін ұмытты. Жұрт бүкірліктің белгісі деп 
қабылдаған қос қанаты арқасын жапқан шүберекті тесердей
бұлқынып, ес-түсін білмей суға күмп бергенде Қаршыға дауыс 
салып жылап жіберді. Жандәрмен ұмтылып жүзе жӛнелген қызын 
зорға ұстап қалды. Қолына тас қып жабысып, жағаға сүйреді. 
Бейбіт жүзген аққулар сұңқылдап кӛлден кӛтерілгенде кіршіксіз 
аппақ қанаттар бетіне жанап ӛткенін Қоңырқаз күллі болмысымен 


сезінді. Лықсыған ыстық сағыныш күйдіріп, шыдай алмай қара 
кӛзден жас парлады. 
Кӛл жағасында еңіреп жылағанда етегі толған анасы құстар 
кӛкжиекте кӛзден таса болып, қызының бұлақша аққан кӛз жасы 
тыйылғанда бетін жуып, киіз үйге оралып еді. Содан кідіре беруге 
жүрегі дауаламай қызын құшақтап ауылға тартты. Машинадан 
кӛтеріп түсіргенде қызы денесі от шарпып күйіп тұр екен. Сол 
жатқаннан екі тәулік қатты ауырды. 
Қоңырқаздың кӛрінбей кеткеніне мазасызданған, жұмбақ мінез 
қыз бала пайда болғалы ұмыт қалған қылқаламын қайта қолға алып, 
сүйікті ӛнеріне біржола бет бұрғанына бек разы Еркежан ағайы 
«Не болғанын біл!» деп бір ұлын жүгіртіп еді. Ол Қоңырқазды 
кӛре алмай қайтып келді. Жүрегі суылдай берген соң суретші 
қасына дәрігер келіншегін ертіп, Қаршығаның үйіне келді. Күн-түн 
Тәңірге жалбарынып, ұйқы кӛрмей кӛзі қызарып кеткен жас әйел 
ерлі-зайыпты екеуіне тағылық танытып, қызы бар бӛлмеге 
жолатпады. 
Суретші үйіне тұнжырап оралды. Жолай әйелі басын шайқап, 
баласына ешқашан дәрігер шақырмайтын Қаршығаның жабайы 
мінезіне тұңғыш рет қатты күдіктенді. 
Қоңырқаз анасын қуантып, тез тәуір болды. Ол қағаз бетіндегі 
періштелерін аңсап суретшінің үйіне жүгірді. 
Хорлан-Қоңырқаз бір мүшелді толтырғанда үріп ауызға 
салғандай бота кӛзді жасӛспірім қыз болды. Анасы жалғызының 
кемтарлығына жаны ашыған ауылдастарының күбір-күбір сӛзін
түк естімегендей баяғысынша жүре берді. Қайғы меңдесе, 
қарағайдай сұлатарын сезіп, бӛтен ой ойламауға тырысатын әйел 
қызы бойжеткен сайын қанаты ӛсіп, арқасының томпақтығы 
бүкірлерге тән сүйір сипат алмай жұмыр кӛрінетінінен қарадай 
састы. 
Қоңырқаздың шашын анасы қысқа қиып ӛсірмеді, күлтеленген
толқынды шашына, маздап жанып тұратын қос қарашығына қарап, 
оны момақансып кӛрінетін ӛжет те тентек ұл бала деп ойлап қалуға 
болатын. 


Есіне аққулы кӛлдерді жиі-жиі ала берген Қоңырқаз оңашада 
жалаңаштанып, қос қанатына айнадан кӛз салатын, ұшуға 
құмартып, әзер жүргеніне таңданды. 
Сонымен, әлқисса, аққулы кӛлдерді сағынып, аңсары ауып 
жүрген шақта құпия ойын сезгендей бетіне жалтақтап қарай берген 
суретшінің үйінен қайтар жолында Қоңырқаз ауыл шетіндегі бақта 
балалардың тӛбелесіп жатқанын кӛрді. Жүрегі ӛрекпіп, Қоңырқаз 
үйіне жүгірді. Тілеуіне орай анасы мектепте екен. Жалаңаштап 
арқасына анасының шашақты қара ала шәлісін жамыла салды. Екі 
ӛкпесін қолына алып, алқынып жеткен Қоңырқаз тӛбелескен екі 
ұлдың ортасына түсе берді. Зәбір шеккен жасӛспірім ұлды қорғап, 
оның қарсыласын кеудесінен итеріп кеп жіберді. 
Озбырлана ұмтылған жанжалқор баланың саусағы шашақты
шәліге ілікті. Сусып иықтан сырғыған шәлі сыпырылып жерге 
түскенде, о, құдірет, айнала қоршаған топ мифтегі Горгонаның* 
басы сиқырлағандай мелшиіп қатып қалды. О, құдірет! 
Сұмпайылық пен асқан сұлулықтың ерен күші тепе-тең екен ғой! 
Кӛрген жанды екеуі де естен тандырады. Сұлулыққа кӛз қуанады, 
сұрықсыздық кӛз қариды. 
Айқай-шуға елеңдей жүгіріп шыққан суретші жазыла бастаған 
қос қанатты кӛріп, сілейіп қатып қалды. Сұңғақ бойлы, қоңырқай 
ӛңді қыз бала ертегі елінен ұшып келген аққу – ханша дерсің, 
сиқыр сұлулығы адамзаттан алабӛтен кӛрінді. Тәңірім-ай, неткен 
сымбатты тұлға еді! Адамдарды неге қанат бітіріп жасамадың? 
Кенет таяқ жеген жасӛспірімді белінен құшақтай алған 
Қоңырқаз жоғары кӛтеріле бастады. Күнмен шағылысқан аппақ 
қанаттар жазылып, кӛкке шырқады. 
Мынау ұлды неге ала ұшқанын ол әуелгіде ұқпаған. Мұрнына 
тек кӛк аспанның кезбе бұлттарының үлбіреген мақпал иісі келіп, 
үздіге жұтып, жел айдаған ақ бұлттармен жарысып, жер мекенінен 
ұзай берді. Ұйықтаса түсінен шықпайтын кӛлдерді бір кӛруге зар. 
Қоңырқаз адамдардан мүлде безініп, бауыры суығанын сезінді.
Ауыл тұрғындары далаға атып шығып, демде жайылған 
хабарға сенер-сенбесін білмей сеңдей соғылысып, жапа-тармағай 


аспанға сүзілген. Дүрліккен елден Қаршыға болған жайтты шала-
шарпы естіп, талып түсе жаздады. Бар қуатын жиып, алақтап, 
машинасы құрғыр ұшыраспаған соң жақын маңдағы қораның біріне 
жүгірді. Ауладан жетектеп алып шыққан атқа қарғып мініп, 
жайлауға қарай аттың басын жіберді. 
Аққулы кӛлдер таяу қалды. Қоңырқаздың ауыр салмақ 
жанышқан қолдары үзіліп түсердей кӛрінді. Сәл шыдасам деп
ойлады ол санасы біртүрлі күңгірттеніп, басынан ой атаулының 
бәрін аластауға құштарланып. Сосын бәрі бітеді. 
Айдын кӛлдердің айнасы жарқ етіп найзағайдай ұрғаны ма, 
зәулім кӛктен сорғалап, тӛмендеп құлдырап келеді, шіркін-ай, сәл 
тӛзсе ғой! 
Бұл фәнидің жүгі неткен ауыр еді. Соңғы күшін бойына 
жиғанмен, болар іс болды. Құшағы ажырап, серігі кӛлге құлады. 
Қанатынан қайырылып, түбінен опырылып кеткендей сезінді. Жебе 
тиген жаралы құстай суға құлады. Су беті анасының аялы 
алақанындай жұмсақ екен. Анамды жылатып кеттім-ау, енді 
қайттім?! – деп тұншығып ойлады. Менен адасса, қара жерге 
кіргеннен ӛзге несі қалды...Жаны елжіреп, еңіреп жылап жіберді. 
Бірін-бірі шабақша қуалап бұйра толқындар жыбырлайды. Ұл 
шым батып кетті. Жанталасып су бетіне кӛтеріліп еді, қайта иірім 
тартты. 
Хорлан-Қоңырқаз іші-бауыры шыдатпай күйіп бара жатқанын 
білді. Ішінде бірдеңе үзіліп түскендей жаны қиналып барады. Ол 
кӛлдің тереңінен сүңгіп барып, ұлды жағаға алып шықты. 
Есіне кӛршінің шұбар мысығы оралды, ӛліп қалғанда қимылсыз 
қалып еді, мына адам баласы да жансыз қалғанын кӛріп ӛліп қалды-
ау деп ұқты. Оның құлағына сұңқылдаған құс үні талып 
естілгендей болды. Мұндай керемет үнді анасының құрсағында 
жатып тыңдағанын түсінді. Жан-дүниесін таңғажайып таныс әрі 
бейтаныс күй баурады. Ол қиялы дәрменсіз бұлдыр мекенді аңсап, 
күрсініп салды. Адамдар арасында ұзақ жүріп қалғанына ӛкінді, сол 
мекенге жетуге құштар. Іші-бауыры күйіп барады. Қанаттан 
айрылғанша анасының назасы есіне түсіп қара жерге кірсемші деді. 


Аққу мекенге сағынышы жас болып ағып жатыр. Дүние бұлдырап, 
кӛз жасымен қоса шайылып барады. Ұшуға талпынып, қанатын 
сермеп еді, ауырсынып, биік кӛтеріле алмай қор болды. Осыны 
сезінуі мұң екен, Қоңырқаз адамға тән түйсік сезімнен мүлде 
арылып еді. 
Осы минутта жүйрікпен шауып жеткен Қаршыға жерге 
домалай секіріп түсті. Әттең, жан иесі жазмыштан озған ба, кеш 
қалды. «Москвичте» отырғандар да кешіккен. 
Кӛлге ұшып жеткен бірнеше аққу судағы қыз баланы киімінен 
тістеп, биік тауларға алып ұшты. 
Шарасы құрыған әйел жалбарынып, кӛкке қолын жайып, құс тегі 
ұрлаған ұрпағының соңынан кӛзін сатып, телміріп қала берді. 
Жағадағы ұл ӛзіне-ӛзі кеп, тізерлеп, қолы жаюлы қалған әйелге 
жаутаңдап: 
– Апа, Қоңырқаз қайда? – деп кемсеңдеді. 
Қоңырқазынан табанда айырылып қайғы алған суретші егіліп 
жылай берді. Артынан кӛл бетіндегі бірнеше қауырсынды жүзіп 
барып жинап алды. Қаракӛз Қоңырқаздан қалған бар белгі сол ғана. 
Жӛргегіңнен иісің сіңбеген соң суық бауыр тартып, жатсынып, 
кӛл шошытты ма сені, Қоңырқаз, әлде бітімің бӛлек, шоқтығың 
биік болған соң елсінбей, қара жерден безіндің бе, Қоңырқаз?! 
Сол күні Ақылбай қойшы Сарыарқада малын бағып жүріп 
аспанда әлденені кӛтеріп ұшқан аппақ құстарды кӛріп еді. Соның 
не екенін анықтап кӛруге кӛзінің кемістігі бӛгет болды. Суретші 
жігіт қызметін мүлде тастады. Тіл-жақтан айрылып, адамзат 
қоғамынан безініп, бӛлмесіне бекініп, күннің атысы, түннің батысы 
кенепке сурет салады деседі. Оның дәрігер келіншегі күйеуі 
қапыда айырылған қанатты адамның ерекше әдемі кӛздерін тірі 
күйінде бейнелей алмаса асылып ӛлуге даяр екенін әулиелікпен 
сезіп, суретшіге зор шеберлік тілеп, жаны қалмайды. 
Қылжақбас біреу қамысты кӛлдерден әйел басты құс кӛрдім деп 
бӛскен еді. Қаршыға егіліп жанына жаналғыштай жетіп келгенде
тұтығып, «Жай айта салып ем»,– деп міңгірлеуге зорға тілі келді. 


Ауыл адамдары Қоңырқазды анда-санда естеріне алады.Тек 
ұмытпайтын – анасы мен қияли суретші ғана. 
Әйел ӛзін тағдырға мойынсұнып тыныш ұстайды. Кейінірек ол 
тұрмысқа шығып, нәресте сүйді. Кӛктем мен күзде жыл құстары 
келіп-кетіп жүрген буырқанған қасиетті шақта Қаршыға базары 
тайған үйіне жоламай, ұзақты күндер аспанға телміріп, кӛкжиекке 
тесіле кӛп қарайды. 
Нағашысы бӛбегін Қоңырқаз деп бекер атапты. Оны аққулар 
әкетті. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет