Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!
Несіпбек Дәутайұлының «Тағдыр» әңгімесінің осы электронды
нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін. Бұл шығарма kitapjaris
ұйымдастырған кітап сайысында оқытылды. Ӛзіңіз ғана оқыңыз.
Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп сенемін.
Теледидардан кешкісін «Тағдыр» деп аталатын сұхбат кӛрсетілген.
Оны кӛргендердің ішінде екі адам аса қатты толқыған: бірі – зағиптар
үйінің директоры, екіншісі – шалғайдағы шағын қалада тұратын кӛркем
бір әйел.
Зағиптар үйі директорының қайран қалатындайы бар: сұхбаттағы
кейіпкер, бұл басқаратын мекеменің тұрғыны. Осында келіп
орналасқанына екі-үш жылдың ар жақ, бер жағы. Бір кӛзі мүлде
кӛрмейді, екіншісі жарық пен қараңғыны әзер-әзер ажырата алады.
Бүйрегіне жасалған отадан кейін осылай болып қалған. Отаның ӛзінен
емес. Салдары басқа: үйінде оңалу кезінде ваннада аяғы тайып
жығылып, шүйдесін тас қабырғаға қатты ұрып алған соққыдан. Кӛз
тамырлары үзілгеннен бе, бас жағына келген басқадай зақымнан ба,
әйтеуір дәрігерлер қанша айналдырғанымен айықтырар амал таппаған.
Зағип тұйық. Шешілмейді. Сұрағыңа жауабы. Кезінде болған-ақ
екен, деген сӛзді жүрдім-бардым әңгімені құлағы шалған. Қайсыбірде
кабинетіне шай дайындатып, оңаша сӛзге тартпақ еді, «Қайтесің!» деп
қайырып тастаған.
Артынан іздеп келуші жоққа тән. Бастапқыда әйелі мен ұлы бірді-
екілі тӛбе кӛрсеткен, кейін ізім-ғайым. Жалғыз-ақ бір жазатын жігіт ара-
тұра соғып тұрады. Қызметі теледидар жағында екен. Соңғы бір
келісінде әдеттегідей бұған сау болыңызын айтып жатып: «Әйтеуір,
кӛндірдім-ау» деген. «Қай нәрсеге?» «Арнайы телехабарға қатысуға».
Енді, міне, сол кӛрсетілім…
***
Осы сәтте шалғай қалада тұратын кӛркем бір әйелдің кӛкірегіне
кӛктен жай түскендей қарс айырылып, қай жағына қараса да қара түнек
қаптап келе жатқандай, дүние қанкӛбелек ойнаған. Жанары жасқа
толды. Оттай ыстық. Кӛз аясынан ӛртеніп ақты. Ӛмірінде дәл осылай
алғаш рет. Жо…жоқ… Сонау, сонау жылдары да… Одан бері, қанша
қар жауып, қанша су ақты. Ӛмірге ме, ӛзгеге ме, ӛзіне ме ӛкпелі сол бір
еңіреудің ӛткір жасы енді ойда жоқта оңдырмай тиген соққыдан сорын
қайнатып сорғалайды. Есеңгіреп, еденге етпетінен түскен...
***
Зағиптар үйінің директоры аяқасты аспан айналып жерге
түскендей күйде еді. Жан дүниесі алай-дүлей: кӛз алдында жаңа әзірде
кӛрген хабар. Не естіп, не біліп, не қойды?.. Жазатын жігіт: «Аға, сіз
ӛткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының алғашқы жартысында
қазақтан шыққан алғашқы меценаттың бірі едіңіз» деп қойды алғашқы
сұрағын. Анау айтса, қара қазақта қайырымдылық та қан қуалайды.
Бабасы, атасы, әкесі... Алдыңғы екеуі дәулеттің арқасында айнала
жұрттың қай кезде де қамын жеп, қажетіне жараған. Тіпті ауыл-
аймақтағы зерделі балаларды бай мен кедейдің ұлы деп алаламай,
Омбы, Орынбор қалаларында оқытқан. Ӛз қаражаттарына. Ал әкесі
кеңес заманында ӛмір сүрді ғой. Қырық жыл дүкен ұстады. Есебін таба
білген адам еш нәрсеге есесін жібермейді. Есі кіріп қалғанда білгені:
әкесі кӛктемде кӛрші әскери қалашықты айнала отырған орыстардан
жиырма бес сомнан он шақты бұзау сатып алатын. Оны сиыр бағатын
кӛңілі жақын бақташыларға танаға, тананы ӛгізшеге айырбастап, күзде
әрқайсысын тӛрт- бес жүз сомға сатып отыратын. Былайғы жұрт бұл ӛзі
дүниені қалай тауып жатыр демейтін. Ӛйткені ол қай кезде де қалтасы
жұқа қазақтың қажетін ашты. Қазір ойласа, сол кездің кез келген билігі
жасай алмайтын, жасауға құлқы жоқ әлгіндей шаруа мұның әкесінің
қолынан келіпті. Мұны «Дүниені адамдардың қажетін ашып жарап
жүру үшін жинауы керек» деп ӛсірді. «Ата-бабаларымыздан қалған ақ
жол» деп отыратын. «Дүние - кӛзін тапқандікі» дер еді және. Содан
шығар есеп-қисапқа ес білгеннен үйір бұл Қырғызстандағы
кооперативтік институтқа түседі. Сол кездің заңдылығы болар,
факультетті Мәскеуде бітіреді. Оқып жүрген кезінде... Аса қат
америкалық джинсы шалбарларды Алматыға әкеліп, жасырып сатып
басталады бәрі. Әкенің қаржысы, ӛзінің сауда-саттықтан жиғаны бар,
әуелі шағын дүкен ашқан, бірте-бірте бірнешеуін... Ары қарай ана қала,
мына қала... Ресейден тауар жеткізуге жақын Ақтау, Атырау мен
Астрахан...
«Алғашқы меценаттығыңыз?.. - деп сұрады жазатын жігіт. - Солай
ету жайлы ойлаушы ма едіңіз, мысалы, қолыңыз жүре бастағанда?».
«Қай кезде де қаперімде еді. Бірақ қашан, қандай жағдайда, кімге,
неге?.. Оны білген жоқпын, әрине. Кабинетінде отырған қайсыбір күні
егде тартқан үшеу есігін ашады ғой. Біраз қызметтің басын
қайырғандары бірден байқалады. Арыдан тартса ағыл-тегіл, беріден
тартса беліңді буып, бұғанаңды бекітіп, берекеңді айтып, береріңді
бекітіп, бет бақтырмай бедеулеген әңгіме: түтеп отырған түгел сӛздің
тӛркіні - осы отырған тӛртеуінің түп атасы біреу болып шықты.
Жарықтықтың дүниеден ӛткеніне үш ғасыр толмақ. Кіндігінен тараған
ұрпақтан бәлен ата. Игі жақсылары ақылдаса келе, бабаларының басын
қарайтуды ұйғарған. Қарайтқанда, тӛрт құбыласына түгел кӛрініп
тұратын кӛрнекті күмбез. Ол енді қыруар қаржы. Қара қазақтың
қалтасын қанша қақсаң да алатының қара бақыр. «Ӛзіңді сырттай жаксы
білеміз. Құдайға шүкір десіп, үнемі тілеуіңді тілеп жүреміз. Әкең кӛлік
апатынан кӛз жұмбағанда, әуелі содан бастар едік, аруақ атап, «Ал,
қане» дегенде әй-шайға қаратпай алып шығып кетер кімдеріміз бар
десіп жасаған тізіміміздің ең басындағылардың бірі болып ӛзің
тұрсың...».
Әңгіменің ауанын байқаған бұл сӛзге келмей, үшеудің қолына он
мың долларды ұстатып жіберген. Сонда... Сонда, бар болмысын бір
тылсым күш билеп қоя берген. Бабасының ба екен, атасының ба екен,
әкесінікі ме, дабылға ұқсас дауыс жеткен санасына. Жан әлемі
жапырағын жаңа жая бастаған жас талдай жайнап, жайқалып бара
жатқандай жадыраған. Ол бабасы атасына, атасы әкесіне, әкесінің бұған
айтқан: «Біздің тұқымның алғанына емес, бергеніне қуанышы алабӛтен»
дегеніне кӛзі жеткен. Бұл дүниеге келіп, ғұмыр кешудің мәні осы шығар
деп пайымдаған.
«Аға, - деп сұрақ қояды жазатын жігіт, тоқсаныншы жылдары
қайда жүріп, қайда барарын білмей қу тірліктің құрдымына кетіп бара
жатқан талай ақын-жазушы, ғалымдарға қол ұшын бергеніңізге кӛбіміз
куәміз. Осы отырған ініңіздің де кітабын шығарып бергеніңіз бар».
«Сӛйттім бе?». «Ағалап алдыңызға келгенімде, салған жерден
«Керегіңді айт» дедіңіз. Болған, біткені осы. Ӛлгенше ұмытпаспын деп
едім ӛзіңізді». «Ӛзгелер де айтқан осыны». Зағиптың даусы қарлығып,
қаңсып шыққан: «Қайда енді солар...»
Залдағы диванда кӛзі бақырайып оңаша жатқан зағиптар үйінің
директоры осы тұста орнынан тұрып кеткен. «Қайда енді солар?..
Қапелімде қамшымен қақ маңдайдан тартып жібергендей сауал. Қаны
суып, қаңыраған күй. Жанын жеп, жабыққаны бір бӛлек, бұл ӛзін ӛзі
жатырқап тұрғандай да сезімге тап болды. Түйсігінде, «қайда енді
солардың» қай жағында жүрміз деген сезік қылт-қылт етіп, қылаң
берген. Ӛзі тығып қойып, жатарда арагідік ешкімге кӛрсетпей қырлы
стаканмен тартып алатын коньякты алып, шӛлмектің аузынан жұтып-
жұтып жіберді...
***
Есеңгіреп еденге етпетінен түскен кӛркем әйел еміс-еміс есіне
келіп жатқан. Сондай бір сәтінде зордың күшімен басын кӛтеріп,
тӛсегіне жетті. Жарықты жаққан жоқ. Қалауы - қараңғылық. Сол
қараңғылыққа тесілген сайын кӛз алдында сәулелі бір елес...
Теледидардағы жаңағы хабар. Кейіпкерін ол әуелде танымаған. Бірте-
бірте шырамытты. Құдай-ау, сол ғой мынау, сол...
Онда бұл ӛнер институтының екінші курсында оқып жүрген. Күз
айы. Атыраудағы ата-анасынан жедел хат алған. Әкесі дертті. Шұғыл
келіп қайтуын айтқан. Қарашаның мейрамы қарсаңы. Пойызға билет
таба алмайтын кез. Жолсерікке үстеме ақы беріп, әзер ілінген.
«Мінгіздім, ары қарай күніңді ӛзің кӛр» деген анау. Вагон купелі еді.
Жол тӛрт тәулікке жуық. Күндіз жүріп-тұрып дегендей, түн баласы
ұзын дәліздегі орындықта қалғып-мүлгіп келе жатты. Екінші тәулікке
қараған түні ғой. Әлдекімнің иығынан қозғап тұрғанын сезді. Еңселі ер
адам еңкейіп тұр екен... «Тұра ғой» деген шынтағынан ұстап.
«Жіберіңіз» деп бұл апалақтады. «Ағаның созған қолын ақылды қыз
қақпайды, - деді анау. Қане, түрегел». Еркектің еркін мінезінің мысы
басты ма, әлде жол азабы ӛтіп кетті ме, соңынан ілесе берді.
Вагон іші жым-жырт. Жолаушылар қалың ұйқыда болса керек.
Еркек арнайы купеде жалғыз екен. Қарсы орын бос. Қыздың
мұндай купеге кіріп тұрғаны осы. Тамақтануға арналған тақтайшаның
ортасында Алматының апорты. Иісі жұпар аңқиды. Еркек қатталған
аппақ тӛсек жаймасы мен жамылғыны ұсынып: «Андағы орын сенікі»
деді. «Неге бос?» деп қалды қыз әлдебір секемінің тӛбесі қылтиып.
«Атырау, Ақтау, Астраханға жиі жолым түседі. Тыныштық үшін купені
түгел сатып аламын. Қарадай үрікпе. Әуелгі жыным әлдеқашан
басылған, қалқам...»
Қатты ұйықтап қалыпты, оянғанда тақтайша үсті дәмді-дәмді суық
тамаққа толыпты. «Жақсы демалдың ба? - деген еркек оқып отырған
қалың журналын ары қойып. - Жуынып кел, ауқаттанайық».
Бұлар үш тәулікке жуық бірге болды. Әкенің жалғыз қызы ғой,
кӛбіне соның бауырында ӛскендіктен бұл ер адамды жатырқамайтын.
Керісінше, олардың кейбіреуінің кӛзқарасындағы ӛзгеше ӛткірлікке
тәнті еді. Мына ер адам қай әңгімеде де танымның тамырын дәл тауып,
тарқата білетін, тамсандыра алатын жан-жақтылығымен бірден
таңғалдырған. Ӛмірдің, ғұмырдың табиғи заңдылықтары, тұрмыс-
тіршіліктің түгесіліп бітпейтін түйткілдері туралы толғанысы ерен. Бұл
еркек қызға жаһанның жарығына жаны құмар, жартасқа да жауқазын
ӛсетініне кәміл сенетін, кӛрініс атаулының бәріне бір мезгілде күн
сәулесі тӛгіліп тұрғанын кӛксейтін кӛзі ашық, кӛкірегі ояу кӛркем ойлы
адам болып кӛрінген. Қыз жаратылыс атаулының келісім-үйлесімін
сӛзбен салатын суретшінің де болатынын алғаш рет осы еркектен кӛріп,
біліп, сол тапқан жаңалығына қуансын келіп. Сосын ананың тым
құрығанда жалғыз рет жанары жайнап, жанып-күйіп қарамағаны қайран
қалдырған. Бұл ӛзінің аса сұлу екенін білетін. Жандары қалмай жабыса
кететін жас жігіттер түгілі, талай-талай қырма сақал, кӛк тұқылдарға
дейін айдай ажарын кӛз қиықтарымен аймалап тұрмайтын ба еді. Ал
мынау... Ӛзіне ұнамайтын еркекке де ұнауды кӛксейтін әйел затының
ӛзімшіл әйдік сезімі бұған да тән еді. Сонымен бірге ӛткізген үш
тәуліктің түндерінде «Еркектік жасап, есімді шығарып жүрмей ме?»
деген үрей-күдіктен арыла алмай қойған қылығына қысылған. Іштей
қимай-қимай қоштасты. Ананың қолын беріп тұрып, бар айтқаны:
«Аман бол, абай жүр. Кӛкең жазылып кетсін...» Болған, біткені осы.
Тұрағы, қызметі жайлы тіс жарған жоқ. Ең ӛкініштісі, үш күндік жолда,
нені айтса да мұның ойы, арман аңсары, кӛксегенімен жарасым тауып,
жан дүниесінің жалауын желбіреткен жампозбен енді қайта
жолықпайтыны еді... Осы ауыр оймен үйіне жеткенде білгені: әкесінің
асқазаны аты жаман ауруға ұшыраған.
«Жазылып кетермін» деп жүріңкіреп қалыпты. Қаралған дәрігер,
тәуіп, емшінің ешқайсысынан қайыр болмаған. Енді не амал бар? Әке
жалғыз, шеше жалғыз, қыз жалғыз. Ӛң жалғыздан тұратын үйелмен
үрей үстінде. Үзілмейтін үміт қана үйірсектейді. Қайсысының да
қаперінде қарап қалмай, қалайда қам жасау. Оның жалғыз амалы - әкені
Алматыға жеткізу. Үлкен қаланың дәрігерлеріне.
Қыз
ӛнер
институтының
жатақханасындағы
күндіз-түні
кернейлетіп-сырнайлатып жататын у-шуынан қашып, құрбысымен
қаланың орталығына таяу кӛшенің бірінен пәтер жалдап тұратын. Пәтер
дегенде, пәтер иесі ертелі-кеш қолынан қазақша-орысшасы аралас газет-
журнал түспейтін интелли- гент қария. Кемпірі де сондай. Ӛздері ӛте
тату тұрады. Үйде де, сыртта да жұптары жазылмайды.
Аһылап-уһілейтін кездері де бар. «Ә, қу жалғыз-ай. Айдың-күннің
аманында айдаладағы арапқа тиіп... содан шүу қарақұйрық... Қанды
жасымызды ағызып қалдырып кеткені... Құдайдың кӛзі соқыр ма» деп
қой, сонда.
Бұл әкесін алып жетіп, пәтер иесіне жағдайды айтқанда, қарияның
кӛзі жасаурап қоя берген. «Қарағым-ай, - деген, - қарғадай болып...
Қарат әкеңді, қарат, айналайын!».
Әкені жетелеп, қанша әуре-сарсаңға түссе де, мендеңкіреп кеткен
ауруға шипа табылмады. Рас, дәрігерлер біраз күн жатқызып, қараған.
Ақыр соңында олар да басын шайқады. Берген кеңесі: «Жалғыз үміт -
Қытай жақ. Ақылы. Қыруар қаржы».
Мұны естігенде пәтер иесі қария біртүрлі жабырқап қалды. «Осы
мен... - деген бір кезде... - оқып ем... Қайсы газеттен еді?.. Тігінділерін
қарайыншы».
Артынан белгілі болғандай, қария газеттен қазақтың бір меценат
азаматы жайлы оқыған, қаржыдан қатты қысылған кімге де қол ұшын
беретін. Тігінділерден тауыпты сол мақаланы. Одан газет басшыларына
телефон шалады. Меценаттың кеңес тұрағы, телефонын алады.
«Барайық соған, - деді. - Шапанымызды шешіп алмас. Кісілігі ғой
үмітіміз. Ӛзім ертіп барамын».
Әке мен қыз елең еткен. Әйтсе де әкесі: «Мүлде бӛтен біреудің
қып-қызыл ақшаны ұстата салуы миыма қонбай отыр-ау, қызым» деген.
Қыз не дейді, «Кӛкелеп ӛбектегеннен басқа.
Кӛрікті әйелдің жылжып ӛткен сонау, сонау жылдарды аралап
кеткен ойы осы бір сәтте сәл-сәл сейілген.
***
Түннің қай уағы екенін кім білсін, зағиптар үйі директоры жаңағы
хабардан жадында жатталып қалған жаңғырықтан арылар емес. «Аға,
зағиптар үйіне...» деп қалған жазатын жігіт. «Қалай түсіп қалғаным
ба?». «Сол...». «Тағдыр талайын айналып ӛте алмайсың дегенге сенесің
бе?». «Енді...» «Дүниеде, сірә, сенбейтін нәрсе жоқ. Ойымызға
келмейтін тылсым күштер, күтпеген оқыс жайлар, қай жағыннан шыға
келетін белгісіз беймәлім қасіреттер... Бәрі бар. Тек оны біз алдын ала
білмейміз. Қаперімізге де кірмейді. Құдай емес, адам, яғни жай ғана
пенде болғанымыздан».
Ары қарай таратады: Мәскеуде бес жыл оқығанда есеп-қисаптың
ғана түбін түсіріп қойған жоқ. Қанша кітап оқыды, ӛнер туындыларын
қызықтады. Соларда адам білуге тиістінің бәрі айтылып қойған
сияқтанған. Бұл солай пайымдады. Түгел белгілі болып кӛрінді. Әсіресе
адам жайлы... Қателесіпті әбден. Тіпті ӛзгелер түгілі қанша жыл тар
тӛсекте тебіскен, ӛз әйелінің шын мәнінде кім екенін білмепті. Ӛз
ауылынан, колхоздың мал дайындаушысының қызы еді. Кӛрікті. Кӛп
сӛзі жоқ, момақан кӛрінген. «Үндемегеннен үйдей пәле шығады» деген
сӛз, сірә, бекер айтылмаса керек.
Мұның шаруасы дӛңгеленіп, әйелі ендігі жерде не ішемін десе
ішіп, не кием десе, киіп, алтын-күміс тағынып, қонақта тӛрге қатар
жайғасып, айналасынан құрмет, қошемет кӛруге жеткенде, кӛрер кӛзге
кеудесі шалқақтай түскен. Ісіне араласа бастады. Әсіресе табыс жағына.
«Қаймана қазақтың қажетін ашу - қаржыны қалай болса солай шашып-
тӛгу» деп ентікті. Оган қоса, ойда-қырда ойнастарын кӛп деген пәлені
де ойлап тапқан. Бұған қыз-келіншектің қырымнан кӛз салатыны рас та
еді. Кез келгенін жуадай солдырып кете бермеді бірақ. Десе де,
жігітшіліктен ада күйде едім дей алмайды. Болатын ондай оқта-текте.
Ойламаған жерден. Лып етіп жанып, лып етіп сӛнетін сәттік ләззаттар...
«Сенесің бе, осыған?» деп сұраған зағип «Еркекпіз ғой, аға» деп
құбылған жазатын жігіттің үні. Зағип әңгімесін ары қарай жалғайды...
«Жастықтың жыны жаман. Алды-артына абай қарау айдалада қалады.
Албырттықтың шаруасы апыл-ғұпыл. Әйеліме солай үйленгенімді
білдім. Біз әр қилымыз ғой. Біреулер үшін қолды сілтей салу оп-оңай:
барын киіп, артығын бӛктеріп кете береді. Біреулер олай істей алмайды.
Бір құдіретті күш тыпыр еткізбейді. Солардың біреуі едім мен. Оқта-
тектегі, ойда-жоқ жердегі жігітшілігім ӛзімнің сол болмысыма
қарсылығым шығар. Кім білсін. Енді, бірде... Күтпеген жағдайда
жолықтырдым бір аруды. Кӛркін қойшы, кӛкке емініп кӛңіл тербейтін
кӛк қанат қиялы, аппақ арманы, лүпіл қаққан үкілі үміті... «О, дариға,
сол қыздың ӛзі болып кӛрінген. Ешқашан есік кӛрмеген, ешкім етегін
кӛтермеген кӛк ӛрім. Менен әлдеқайда кіші. Бірақ ересектер түгілі, егде
тартқандардан кӛріне қоймайтын естілігі қайран қалдырған. Екі жылдай
ма екен, жолығысып жүрдік. Армансыз айтылатын әйдік-әйдік әдемі
әңгімелер... Сырласу, ұғысу, үйлесу... Бары осы. Маған ӛзге еш нәрсенің
керегі де жоқ еді. Жүзін кӛріп отырсам, даусын естіп отырсам, жетіп
жатқан. Іңкәр кӛңілім, ынтызар тілегімнің менің жағдайымда одан әріге
бара алмайтынын білетінмін. Ауған аңсарымның қылдай қуанышы,
шӛкімдей бақытын місе тұттым. Осымның барлығының күтпеген
жерден адыра қалатынын білсем, қане. Айдың аманында тілдей қағазға
жалғыз ауыз сӛз жазып қалдырып, із-түссіз кете барар дедім бе. Не
ойларымды да білмедім. Біздің ара қатына- сымыздың ақыр соңында
ешқайда бастап бара алмайтыны рас та еді. Сӛйте тұра... Ешқашан
емексітіп кӛрмеген ес-түссіз бір іңкәрлік лебінен сытылып шыға
алмадым ғой. Мейлі бірер күн, бәлкім, бірер ай, әйтеуір қанша болса да
әлгі әлей сезіммен ӛмір сүргім келген. Енді... Опындым, оңбай. Отым
сӛніп қалды. Іздеп табуды ойлап тұрып, іркілдім. Ӛйтіп қайтем. Ӛйтуге
қақым қайсы. Ең басты ӛкінішім екеуара ағыл-тегіл армансыз
ақтарылып, үйлесім тапқан үкілі сәттер ол үшін ойын болғаны. Неткен
аярлық. Керек десе, мейлі тұрмыс құрсын, шетел асып оқысын, бәрін,
бәрін ӛзім кӛтеріп бермес пе едім. Ойымда әуел бастан жүретін осы.
Ӛзіне ӛзімді іңкәр еткені үшін де оған ӛмір бойы қарыздармын деп
есептегенмін... Қапелімде қара түнек басып қалғандай халде қалдым.
Әйелімдікі анау, қыздікі мынау. Әйел біткен дегенің, құбыл, қу, сенімсіз
екен шетінен. Бұлардан ба бұлардан... Қалған кӛңіл - қара жер. Кім
білсін...» «Кӛзіңіз кӛрмей қалғаннан кейін, жеңгейдің мінезінде бір
ӛзгеріс болды ма? Аяп дегендей...» - жазатын жігіт жақауратты.
Зағиптын күрсінгені ап-анық естілген. Сол үнсіз қалып, ары қарай
таратқаны: «Кӛруден қалған жағдайға ұшырағаннан кейін, әйелі
құтырып шыға келген. Бар игілікті ӛз атына аудартты. Қарға адым жер
түгілі, алдындағы қағаз бен қаламды кӛруден қалған мұның басқадай
амалы жоқ та еді.
Әуелде күтуші жалдап беретінін айтқан, бірақ «ойбай, барды
үптеп кетсе қайтеміз» деп онысынан бас тартқан. Ертеңгі шайын береді,
түскі асына оны-пұны суық тамақты ас бӛлмесіндегі үстелге қойып
кетеді. Кешкісін солар қай кезде келеді, сол кезді күтесің. Таяғын
тыұылдатып ас бӛлмесіне, ваннаға, балконға ӛтуді біліп алған әйтеуір.
Адам қандай азапқа да кӛнеді. Тіпті су қараңғылыққа да. Ал
адамның, соның ішінде ен жақыныңның қорлығы... Әйелі мен ұлының
мұның бар-жоғында шаруалары бола бермеді. Екеуінің әңгімесі - бұл
жасаған игіліктің айналасы ертелі-кеш. Қайсыбірде жатқан бӛлмесінің
сәл-пәл ашық қалған саңылауынан ас бӛлмеде отырған олардың
әңгімесін естіп қалған. «Жасың отыздың ортасынан асып барады,
үйленбейсің бе ана қызыңа, - дейді әйелі ұлына. - Косметикалық салон
ашып берер едім оған». «А его куда деть?!» деп ұлы бұл жататын
бӛлмеге қарай иек қаққан. Етіне күн, бетіне жел тигізбей ӛсірген
жалғызы. Не ішіп, не кием демеген перзенті. Оқытқан, тоқытқан тұяғы.
Ата-баба, әкеден жалғыздап келе жатқан әулеттің ертеңгі үміт, сенімі...
«Кетпесіңізге амал қалдырмаған екен» деп қалды жазатын жігіттің
даусы жабығып. «Жақсы ит ӛлігін кӛрсетпейдінің кері. Иә, сол. Іші-
сыртым теңдей қара түнек. Шӛкімдей сәуле қалмаған»...
***
Зағиптар үйі директорының кӛңілі босаған. Бордай тозып, бойын
әзер билеп, балконға шыққан. Темекінің түтінін үсті-үстіне сорып
тұрғанда кенет әйелінің қалын құйрығын қасып жатып: «Зейнет жасың
да жақындап қалды ғой, осы бастан орныңа мені отырғызып кетуді
ойла» дегенде, «ой- пырайлағаны» бар еді. Шалдардың: «...Қойныңдағы
қатыныңа сенбе дейтіндері есіне енді түсті. Сонда әу бастан әйелде опа
болмағаны ма. Ӛзгені қайдам, ӛзі мұны ешуақытта қаперіне не жӛндеп
алмаған екен. Кӛз алдына соңғы кездері әйелінде пайда болған қылық,
бұған қаратып айтса, екі бүйірін таянып тұрып сӛйлейтіні келе қалды.
Денесі дір-дір етіп қоя берген.
Енді ғой ойласа, әйелінің уысынан әу бастан шыға алмаған екен.
Сол не айтса, соны істепті. Ағайын-туыстан баяғыда қол үзген. Оны
айтасың, ӛмір бойы мал соңында жүріп, мұның жыртығына жамау
болған тете інісінің қай жақсылығы есінде қалды?.. Оның қай баласын
жетеледі. Тіпті қатынның қатқан қабағынан жуымай кетпеді ме. Құдай-
ау, ӛзге түгілі ӛзіне сүйеніш болған ӛз бауырына да опа бермепті ғой
бұл. Есінде қалмапты оның жасаған жақсылығы. Кӛз алдына әсіресе
тоқсаныншы жылдары сонау жер түбінен қойдың тұтас етін арқалап
келіп тұратын тете інісі елестеп, кӛзіне жас келді.
***
Кӛкірегі күйіп-жанып күйреп кеткендей күймен кӛркем әйел
кӛрпеге оранып алды. Кӛз алдында... Пәтер иесі қарияның ескертуімен
әкесі екеуі ерте тұрған. Әкенің боп-боз ӛңінде қызғылт рең қылаң
беретіндей. Үміт оты. Иә, сол. Қыздың да қолтығынан құс ұшып
шыққандай, қалықтап кете жаздаған. Кенет... Үйінен бері беттеп келе
жатқан қария кӛзге түскенде... Шымқай қара костюм, ақ кӛйлек,
қызғылт галстук таққан қарияның екі ӛңірі толған орден, медаль.
«Қызым, такси ұста» деген қария. Таксилетіп іздеген мекенжайға әп-
сәтте-ақ жетіп келді. Қабылдау бӛлмесіндегі жүзі жылы хатшы қыз
орнынан лып етіп кӛтеріле берді. Қария жӛн айтты. «Бәріміз
топырламай, - деген қария бұған. Біз кӛкең екеуміз кірейік».
Не болып, не қоярын білмей, қозғалақтап отырған қыз меценаттың
кабинетінен жарыла сӛйлеп, алшаң басып шыққан қария мен әкесін
кӛргенде, жолдары болғанына қатты қуанды. «Бар ғой, бар бізде азамат
ердің баласы. Сӛзге келмеді ғой. Кӛрді. Барлап қарады. Құлақ қойды.
Қажетті құжаттарыңызды дайындап, керек қаржының кӛлемін анықтап
келіңіздер деді. - Қарияда жан жоқ. Нағыз азамат емей, немене».
Шет елге емделуге берілетін құжаттарды әзірлеудің шаруасы шаш
етектен екен. Қытай емдеушілерімен келісімі былай... Осыларды
жиыстырып сабылып жүргенде, біраз күндер ӛтіп кетіп, әкенің дерті
мүлде меңдеп үлгерген. Жүріп-тұруының ӛзі қиындады. Қиырдағы
қытай, амал жоқ, жайына қалды. Есі кеткен қыз дәрігерлерге әл беретін
дәрі салдырып алып, қарияның арқасында әкені самолетпен ауылына
алып ұшқан. Аман жеткізіп, апта ӛтпей жерлеп қайтып еді... Қайсыбір
күні пәтер иесі - қария мұны шақырып алып: «Жағдайдың не болғанын
айтып, анау азаматқа кіріп шыққаның дұрыс болар еді. Хабарсыз кете
беру ыңғайсыз. Риза кӛңілді білдірген жӛн» деген. Сонда... Меценаттың
кабинетіне кіргенде... Ӛз кӛзіне ӛзі сенсе, қане... Құдай-ау, Атырау
пойызының арнайы купесінде үш тәулік сапарлас болған ер адам... Ӛңі
ме, түсі ме?.. Анау да ан-таң. «Мұндай да болады екен» деді басын
шайқап. «Міне, қызық» деп қыз қабағын керді. «Қалай сонда?» «Ӛткен
жолы кӛкеме Қытайға барып емделіп келуіне қаржы бермек болып
едіңіз». «О кісі сенің әкең бе еді?» «Иә». «Қайта келмей кетті гой бірақ».
«Құжаттарды әзірлеп үлгермедік. Ауылға әзер жетіп, қайтыс болып
кетті». Анау күрсініп, кӛңіл айтты. «Кӛмек сұрап алдына келген әкемнің
ӛтінішін жерде қалдырмаған адамға алғысымды айтып шығуды парыз
санадым, - деді қыз. - Бірақ сол адамның сіз екенін білгем жоқ». «Мұны,
сірә, тағдыр талайы дейді». «Сонда қалай?» «Кенет кездесіп, солай
қоштасып, ойда жоқта қайта жолығу... басқаша қалай». Пойыз купесінде
жанын тербеп, жадында қалған жағымды, жампоз дауыс. Соның
әуенімен тұла бойы түгел лүпілдеген. Жауып, ашылған күннен кейін
жарық дүниенің жадырап қоя беретін құбылысындай жан тебіренісін
аңғарды. Пойыз купесінде-ақ лүп еткен сезім. Сӛйтсе де, үйелменді,
ӛзінен әлдеқайда үлкен еркекке емексуді құр әурешілік кӛрген. Анау
кезде қол беріп, қоштасқанда тағы да жолығармыз деген сенімі болып
па еді. Күдерін үзген. Үміті сӛнген. Ұмытпағаны, ұмыта алмағаны қалай
бірақ. Әуендетіп тұрып алмады ма, жадында. Тағдыр деді, жаңа.
Шынында да жаратушының ӛзі қилы-қилы жол- мен қисынын тауып,
қиюын келтіріп қоятын шындық деген шығар, сол.
Анау бұған визиткасын ұсынып: «Қабылдау бӛлімі мен тікелей
телефоным осында», деді. - Қиын бір жағдайға тап болып жатсаң,
хабарлас қалайда». «Былай да бола ма?» «Оны, - деп жымиды анау,
патша кӛңілің біледі».
Қыз хабарласа алмай жүрді. Есебін таппады. Не айтып, не қояды.
Апталар ӛтіп жатты. Күн сайын оқталады телефон шалуға батылы
жетпейді. Ықтиярына кӛне бермейтін ынтызар күйдің ындыны құрып
шыға келгенде, сергелдеңге түсіп, сенделіп кетерін былай дінгелетеді.
Ақыры күндердін бір күнінде телефон шалған. Тіке номеріне.
Кӛтермеді. Тәуекел деп қабылдау бӛлімінің номерін терді. Хатшы
қыздың айтқаны: Анау бүйрегі ауырып, ауруханада екен. Адресін алды.
Барды іздеп. «Сенбісің?» деді анау таң-тамаша қалып. «Телефон шалып
едім амандасқалы, ауруханада деді». «Бүйрегімнің ӛстіп қоятыны бар».
«Жазылып кетіңіз». «Хабарласпай кеттің... Ұмытты ма деп едім».
«Ӛйтпеңіз. Қалай ұмытамын... Ыңғайсыздандым...»
Екеуі аурухана алдындағы жапырағы қалың ағаштың кӛлеңкесін
саялап, әңгіме-дүкен құрып отырды. Еркек біртүрлі мейірімі тӛгіліп
қараған. «Сурет салып жүрсің бе?» «Шимай-шатпақ». «Неге олай?»
«Білмеймін». «Суретші болғанымда, - деді анау, - тағдырдағы
таңғажайып бір кӛріністі салар едім. «Ең таңғажайып дейсіз бе». «Иә».
«Ол қандай, не сонда?» «Ол ма...» Менің кӛзқарасымда тағдырдағы ең
ғажайып кӛрініс - мына сен сияқты болып кӛрінеді маған». Қыздың
қолтығынан құс ұшып шыққандай қалықтап кете жаздаған. «Ұялып
кеттім ғой, аға» деген қысылғаны рас болса да шаттанып.
Осы күннен былай қараған жерде олар ара-тұра кездесіп жүрді.
Ӛліп-ӛшіп, ӛбісіп, ӛбектеусіз. Қатар отыратын, қатар қуанатын, қатар
қиялдайтын. Осының ӛзіне шексіз разы еді қыз. Осылай бола бергенін
тілеген құдайдан. Бақыттың құшағында балқып отырып, оның отбасы
бары ойына орала кет- кенде, жанын қоярға жер тапса, қане. Сорлы
жүрек солқылдап жылаған-ау талай. Үйлі-баранды адамды үйірсектеуге
болмайтынын, оның күнә екенін білетін. Алайда адамның ауған кӛңілі,
алды-артына абайлап қаратардай халде емес еді. Іңкәр болып қалудың
айы оңынан, күні солынан туғандай шексіз қуаныш-шаттығымен
күндердің қалай ӛтіп кеткенін білмей де жүрді. Солай екі оттың
арасында жүргенімен, ол адами әлемнің табиғи тілегі - ынтызарлық
сезімдерін алғаш оятқан еркекті жолықтырғанына бәрібір шексіз разы
еді... Амал қайсы, жалғыз бір сәтте соның барлығының аяғы кӛктен
келді: КазГУ градтын жаңа-жаңа салынып жатқан кезі. Құрылыс
ауқымы ӛте үлкен. Еңсе кӛтерген ғимараттардың арасы бір-бірінен
алшақ. Араларын жалғызаяқ соқпақ жалғап жатады. Сондағы салынып
біткен жатақхананың бірінде тұратын құрбы қызына шаруасымен
жолығып, іңір қараңғысына дейін отырып қалған. Бұл кезде жұрт аяғы
сирейді. Ойында түк жоқ, жалғыз қайтып келе жатыр еді, кенет үлкен
ағаштың тасасынан шыға келген еңгезердей екеу екі жақтап, ес
жиғызбай арыдағы қалыңға кӛтеріп әкеткен. Қапелімде аузын да ашып
үлгермеді. Ӛкпесіне тиген жойқын соққыдан дымы ӛшті. Ар жағы ӛң
мен түстей. Бәрі, бәрі адыра қалды. Басынды тауға соқ, тасқа соқ....
Ойраны шыққан дүние орнына қайта келмейді. Асқар Алатау- дай
кӛретін Анау - аяулысының, үкілеген Үміттер, асқақтаған Армандарды
тоғыстырған Алматының бетіне қалай қарайды. Шұғыл шешімі - ӛзін
білетіндердің кӛздері кӛрмес, құлақтары естімес қиыр.
Конвертке тілдей қағазға «Аяулы ағатайым, айып ете кӛрмеңіз.
Қарамды біржолата батырып барамын. Біз енді ешқашан жолықпаймыз»
деп жазып, Ананың мекемесіндегі хатшы қызға қалдырып, қары қалың
қиырдағы қалада тұратын нағашы жұртқа кете барды. Театрға суретші
болып орналасып, кӛп ұзамай анасын қолына кӛшіріп алған. Одан
кейінгі ӛмір... Екі жолы тұрмыс құрды. Екеуімен де үйлесім таппады.
Анадағы бардың тым құрығанда бер жағы да болмады, бұларда. Ал
үйренісіп, үйелменді болып кету кӛнбістігі болмысында жоқ болып
шықты. Бала да сүймеді... Бір кездегі Анау айтатын сӛзбен салатын
суреттерді ақ қағаз бен ақ кенепке кӛшіремін дейтін арманы адыра...
Спектакльдерге декорация салумен шектелген...
Кӛрікті әйел дүниеге сыймай кӛрпені лақтырып тастап, еңсесін
кӛтерді. Кӛз жасы құрғамапты. Қанша жыл аққан кӛз жас. Қайдан
шығып жатыр. Қайдан?..
***
Жазатын жігітпен болған сұхбаттан кейін зағиптың бойы біраз
жеңілдеген сыңайлы. Әйтеуір ескеріп іздеп келгені, там-тұмдап болса
да, оған тағдыр талайын таратқаны. Там-тұмдап... Айтылмай қалғаны
қанша. Асқақтаған армандары, мақсат-мұраттары... Кӛкке ұшқан олар.
Ӛзімен қалғаны, ӛңмен деп тұрған ӛксігі, басылмайтын ӛкініші, ӛзегін
ӛртеген ӛкпесі. Бәрі құдайдың құлдарына қатысты. Солардан қалған
кӛңіл. Қай күні бағың тайса, сол күні қайрылмай кете баратын
пәтуасыздык. Ӛзге түгілі, ӛз әйелінен, ӛз ұлынан кӛрмеген опа... Анау
қыз... шығарға жаны басқа еді, ол дегенде. Жалт етті де жоқ болды.
Ойнаған мұнымен. Неткен опасыздык... Қайсысынан да қара тас болып
қалған жүрегі орнынан кенет бұлт етіп қозғалып кеткендей. Бойы ұйып,
босап барады. Жарқ етіп, жарық дүние елес береді. Арылып бара жатқан
қалың нӛпір. Ӛмірде кімді кӛріп, кімді қойды, солардың бәрі кетіп
барады ішінде. Ешқайсысы бұған бұрылып қарап, қолдарын созбайды...
***
Зағиптар үйі директорының ұнжырғасы түсіп, сіркесі су кӛтермей
отырғанына апта ӛткен. Ертеңгілік есігін біреу қақты. Кӛргеннің кӛзі
тоятын кӛрікті әйел. Ана зағипты іздеп келіпті. - Кімің еді? - деп сұрады
бұл күтпеген жерден келген тосын әйелге таңырқай қарап.
- Мен бе... Мен... - кӛркем әйел күмілжіді.
- Бұған дейін қайда жүрдің, айналайын?
- Білмедім, - деп тұншықты. - Білмедім о кісінің мұнда екенін.
Директор уһіледі. Үһілеп тұрып, үзіп-үзіп айтқаны:
- Қай...тыс... бо...лып кет...ті, ол кі...сі... Ап...та бұ... ры...ыы...н,
миы...на қан құйы....лып...
- Қойыңыз - әйелдің даусы бордай тозып ботадай боздап кетті, -
Оныңыз не...
- Кеш қап жүреміз, - деп күңіренді директор. – Сӛйтеміз ылғи.
Біржола алып кетейін деп келіп едім, - деп әйел бетін басып, екі
бүктеліп қалды. - Алып кетейін деп... Алып кетейін деп...
Нені күтсе де, директор дәл мына жағдайды күтпеген еді. Әйел
кім?.. Ананың кімі? Дәнеңе түсінбеді. Кӛркем әйелдің шығып кеткенін
де байқамай қалды. Ӛн бойында ӛзеуреген ӛзгеше бір ӛкініштен ӛзге
ештеңе қалмаған директор тұра сала терезеге барып, сыртқа үңіліп еді,
жаңа әзірде түнеріп тұрған қара аспаннан қара нӛсер құйып берген екен.
Соның астында желкесіне түйілген шашы екі иығына жайылып кеткен
әйелдің ӛн бойынан жауын суы сорғалап, аяғын әлтек-тәлтек басып бара
жатқанын кӛрді. «Не болып кетті ӛзі?» деп ӛзегін қуалай жӛнелген ӛткір
лептен ӛмірем қауып, ӛксіп тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: |