Кішкене гидра түзілудің қайсы кезеңінде? а.бір қатты клеткалар қабатының түзілуі кезеңінде б.екі қатты клеткалар қабатының түзілуі кезеңінде в.үш қатты клеткалар қабатының түзілуі кезеңінде г.бір клетканың түзілуі кезеңінде
Жалпақ құрттарға тән белгі:
а.екі жақтылық симметрия б.тері – бұлшықет қабы
в.өзіндік зәр шығару жүйесі болады г.барлық жауаптары дұрыс
Жауын құрты немен дем алады:
а.оттегі жоқ ортамен б.атмосфералық ауамен
в.жауаптың екеуі де дұрыс болуы мүмкін г.тыныс алу болмайды
Бақалшақтың сырты немен қапталған:
а.әкпен
б.мүйізге ұқсас затпен в.хитинмен г.кремниямен
Айқұлақтың аталығының аналығынан айырмашылығы неде?
а.аналығынан ірілеу б.аналығынан ұсақтау
в.аналығынан айырмашылығы жоқ г.жауаптардың ешқайсысы дұрыс емес.
Шаянның зәр шығару мүшесі қай жерде орналасқан?
а.құйрық бөлігінде б.құрсақ бөлігінде в.бас бөлігінде г.көкірек бөлігінде
Насекомдардың ұлпаларына оттегінің жеткізілуі қалай жүзеге асырылады?
а.капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузиямен б.трахеяның қабырғалары арқылы диффузиямен
в.өкпе қапшықтарының қабырғалары арқылы диффузиямен г.бірінші трахея арқылы, сосын капиллярлар арқылы диффузиямен
Алабұғаның омыртқалар саны нешеу?
а.шамамен 10
б.шамамен 20
в шамамен 30
г.шамамен 40
Гликоген дегеніміз не?
а.гипофиздің алдыңғы аймағының гормоны б.ұйқы безінің ферменті
в.қанның қызыл пигменті г.глюкозаның полимері
Сопақша ми нені реттейді?
а.ас қорытуды б.тыныс алуды в.жүректің іс әрекетін
г.жауаптардың барлығы дұрыс