есіңізде болсын!
Мақсат пен міндеттеріңіз анық болсын
Атқарылатын ісіңіз жоспарлы түрде жүзеге ассын
Оқыған тапсырмаңыздың, істеген ісіңіздің негізгісін анықтай біліңіз
Бастаған ісіңізді аяғына дейін жеткізіңіз
Жасалған жұмыстар ұқыпты, әрі тиянақты болсын
Ғылыми- көпшілік әдебиеттермен, ғылыми кітаптармен жұмыс істеңіз
Зейін мен ынтаңыз зор болсын
Теориялық біліміңізді күнделікті өмірде қолданып отырыңыз
«Ондай болмақ қайда» деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз деген Абай атамыздың сөзін естен шығармаңыз.
Биология пәні бойынша олимпиада тапсырмаларының жинақтамасы 6-11 сынып оқу бағдарламасын және тереңдетілген бағдарламаларды қамти отыра, төмендегідей тақырыптарға негізделе жасалған.
6-11 сынып биология пәні оқу бағдарламасының негізгі тараулары. Цитология негіздері. Жасушаның құрылысы химиялық құрамы және атқаратын қызметі. Жасушадағы зат және энергия айналымы.
Өсімдіктердің өсімді және көбею мүшелерінің құрылысы, атқаратын қызметі, түр өзгерістері.
Өсімдік және жануар ұлпасы. Ұлпаның түрлері, қызметі, құрылысы. Өсімдіктер дүниесі.Төменгі сатыдағы, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер.
Жануарлар. Бір және көп жасушалы жануарлар тіршілігі. Жануарлардың сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктерінің эволюциялық дамуы. ( ұқсастықтары, айырмашылықтары)
Жануарлар дүнйесі. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлар.
Адам- тірі ағзалардың жоғарғы сатысы. Адам ағзасындағы барлық мүшелердің құрылысы мен атқаратын қызметі. Гигиенасы, алғашқы көмек.
Ағзалардың көбеюі және жеке дамуы.
Генетика және эволюция. Өзгергіштік . Мутациялар және модификациалар. Мендельдік тұқым қуалау заңдылықтары. Моногибриттік, дигибриттік және полигибридтік будандастыру. Аллелизм. Рекомбинация, жыныспен тіркесіп тұқым қуалау, Харди Вайнберг заңы.
Эволюция механизмдері. Мутация, табиғи сұрыпталу, репродуктивті оқшаулану адаптация .
Органикалық дүниенің даму жолдары мен заңдылықтары.
Экология. Экосистемалар. Қоректік тізбектер, трофикалық деңгей, продуценттер, консументтер, редуценттер.
Энергия ағындары. Биомасса пирамидалары. Энергия пирамидалары. Көміртегі, азот айналымдары.
Популяция структурасы мен динамикасы.
Популяцияның жастық және жыныстық структурасы. Туу және өлім көрсеткіштері. Экспоненциальды көбеюі. Биосфера. Қоршаған ортаның ластануы және оның алдын алу шарттары.
Жоғарғы сатыдағы және төменгі сатыдағы өсімдіктердің негізгі айырмашылықтарын салыстыра сипатта.
Гормондар мен витаминдердің қандай ұқсастығы бар
Белгілі аурумен ауыратын көптеген науқастарға көмектесетін дәрілік препораттар кейбір жағдайда дәрменсіз болып қалатыны әжептәуір жиі кездесетін жағдай. Бұл қандай себептерге байланысты.
Жасушаға қандай физико – химиялық қасиеттер тән? Жауапты дәлелдеңдер
Бір жасушалы ағзалардың көп жасушалы ағзалардан қандай айырмашылықтары бар?
Неге табиғи сұрыпталу эволюцияның бағыттау факторы болып тұр? Жауапты дәлелдеңдер.
Биологиялық прогресс пен биологиялық регрестің маңызы неде? Биологиялық прогрестің негізгі бағыттары қандай? Түсіндіріңдер.
Жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің негізгі айырмашылықтарын көрсетіңіздер.
Омыртқасыздар қатарына жататын жануарлардың қозғалу тәсілдеріне толық сипаттама беріңіздер.
Жалпақ құрттар типінің паразиттік және еркін тіршілік ететін өкілдерінің құрылысының ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
Витаминдер мен гормондар арасындағы айырмашылықтар мен сәйкестіктер неде?
Рефлекс пен инстинкт құбылыстарының айырмашылықтары мен сәйкестік дәрежелері неде?
Егер белгілі бір түрге жататын өсімдіктердің гүлдерінің формасы мен көлемі тұрақты, ал басқа түрге жататын өсімдіктердің гүлдерінің формасы мен көлемі алуан түрлі cебебі неде?
Жануарлардың жүйке жүйелерінің қалыптасуының негізгі сатылары
Комбинативті мутациялық және модификациялық өзгергіштік құбылыстарының айырмашылықтары.
Адам генетикасын зерттеудің әдістері,
Генетика, цитология және молекулалық биология салаларындағы хромосома терминінің мағынасында қандай айырмашылақтар бар деп ойлайсыз.Геннің молекулалық структурасына қазіргі кездегі көзқарастар
Жануар ағзасындағы майлардың рөлі қандай?
Қанайналу жүйесінің түрлері және оның негізгі ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |