Ted конференциясына арналған ұсыныстар



бет1/3
Дата19.06.2023
өлшемі22 Kb.
#102287
  1   2   3

3.3.3- ресурс.


Ted конференциясына арналған ұсыныстар.


Сөз мазмұны:

  1. Шынайы болыңыз. Өзімшілдік танытпаңыз. Мақтанбаңыз – өйткені аудиторияның назарын жоғалтасыз.

  2. Биік мақсаттар туралы ойланыңыз. Ешкім ешқашан көрмеген нәрсені көрсетіңіз. Аудиторияның есінде қалатындай нәрсе жасаңыз. Әлемді өзгерте алатын идеямен бөлісіңіз.

  3. Оқиғалар туралы әңгімелеңіз. Өзіңізді ақылды етіп көрсетуге тырыспаңыз. Түсінікті сөйлеңіз. Түсіндіріңіз! Мысалдар келтіріңіз. Нақты болыңыз.

  4. Сахнада жарнамалық сатылыммен айналыспаңыз! Өз компанияңызды, өнімдеріңізді немесе туындыларыңызды жарнамаламаңыз. Өз қажеттіліктеріңізге ақша сұрамаңыз.

  5. Жиі әзілдесіңіз. Әзілдеп сөйлеу тыңдаушылардың назар аударуға көмектеседі.

Материалды ұсыну:
1. Эмоционалды байланыс жасаңыз. Аудиторияны күлдіріңіз! Оларды жылатыңыз!
2. Басқалардың сөздеріне өз пікіріңізді еркін білдіріңіз, оларды мақтауға немесе сын айтуға еріктісіз. Қарама-қайшылықтардан энергия алуға болады! Басқаларға ынта-жігермен қолдау көрсету өте жақсы қасиет!
3. Өз шынайылығыңызды көрсетіңіз. Өзіңіздің қызығушылықтарыңызбен, армандарыңызбен және тіпті қорқыныштарыңызбен бөлісіңіз. Өзіңіздің осал тұстарыңызды жасырмаңыз. Сәтсіздіктеріңіз туралы да, табыстылығыңыз туралы да айтыңыз.
4. Сөзіңізді оқымаңыз. Шағын жазбаларға рұқсат етіледі. Бірақ егер таңдау оқу мен түсініксіз сөйлеу арасында болса – онда оқып беріңіз!
5. Уақытында аяқтаңыз. Сөйлеуді созу дегеніміз – сізден кейін сөйлейтін адамдардың уақытын алу дегенді білдіреді.


ТАНЫСТЫРЫЛЫМНЫҢ МАЗМҰНЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ФОРМАТЫ


Тақырыпты қалай таңдауға болады
Адамдардың дүниетанымын өзгерте алатын немесе оларды әрекет етуге итермелейтін бір ғана идеяны таңдаңыз.Тыңдаушылардың қызығушылығын арттыру үшін әңгімеңізді оқиғалармен, фактілермен толықтырыңыз. Аудиториямен эмоционалды байланыс орнату үшін барлық адамдарға тән махаббат, қарым-қатынас, тұлғалық өсу және жарқын болашаққа деген үміт сияқты терең қажеттіліктерді қамтыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет