Құрметті тараздықтар!



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата17.02.2017
өлшемі8,17 Mb.
#4314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Топ жұмысы ширақ

 

„

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту 



және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 

бекітілген діни экстремизм мен терроризм 

көріністерінің алдын алуға және болдырмауға 

бағытталған №5  мобильдік топ 2015 жылдың 

10 айы бойынша бекітілген жұмыс жоспарына 

сай топ мүшелерінің қатысуымен оныншы 

кезекті отырысын өткізді.

 «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тараз қаласының №5  аумағы бой-

ынша құрылған «Тараз қаласында діни экстремизм мен терроризм көріністерінің 

алдын алуға және болдырмауға бағытталған №5 мобильдік топ» ҚР Мәдениет 

және спорт министрлігінің Дін істері комитеті мен Жамбыл облысы әкімдігінің 

дін істері басқармасының тапсырмасына және Тараз қаласы әкімдігінің 27 

тамыздағы «Тараз қаласында Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 

қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» №483-IV Заңының 

орындалу барысы туралы» №857 қаулысының негізінде осы аралықта «Қаратау» 

мөлтек ауданындағы №29 үйде орналасқан «Светлана» дүкенінде «Ақ бұлақ» 

сауда кешенінің кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.  Кездесу барысында 

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағыттары»,  «Зиянды секталар-

дан сақтану әдістері», «Тыйым салынған діни ұйымдар», «Мұны білу керек!» 

және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы туралы айтылды. 

Аумақ бойынша, жалпы Тараз қаласы бойынша терроризм актісі салда-

рынан зардап шеккен тұлғалар және оның жолын кесуге қатысқан тұлғаларды 

әлеуметтік оңалту бойынша шаралар кешенін әзірлеу және оны іске асырудың 

еш қажеттілігі болған жоқ, себебі 2015 жылдың 10  айы бойынша терроризм 

актілері жасалынған жоқ. 

 Тараз қаласында діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға 

және болдырмауға бағытталған мобильдік топтардың қазіргі таңдағы атқарған 

жұмыстары жастарға, жас жеткіншектерге өз дәрежесінде көмек беруде, оның 

ішінде ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу көп септігін тигізуде десем, 

еш қателеспейміз.

Гауһар ОЛЖАБАЕВА,

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімінің жетекшісі, №5 мобильдік топ жетекшісі  

ДаИш – террорлық ұйым!

 

„

ХХ ғасырдың соңы мен ХХі ғасырдың басында дін атын жамылған 



трансұлттық сипаттағы террорлық ұйымдар адамзаттың бейбіт өмір 

сүруіне қатер төндіре бастады. 

Соның бірі өткен ширек ғасырда Ислам дінінің атын 

жамылған «Әл-Кайда» террорлық ұйымы болса, келесісі 

2014 жылы Сирия мен Ирак жерінде пайда болған ДАИШ 

ұйымы екені әмбеге аян.

ДАИШ қандай ерекшелігімен қауіпті дегенге келетін 

болсақ, бұл ұйымның ұстанымында Ислам шариғатына 

теріс «тағут» және «тәкфир» түсініктері бар. Олардың 

пайымдауынша, «тәкпір» деп  үлкен күнә жасаған адам-

ды айтамыз.

Ислам шариғатын басшылыққа алмаған кез келген 

саяси жүйеге «кәпір» үкімін тағады. Яғни, мемлекеттік 

конституциялық  құрылысы  Құран  мен  сүннеттен 

тұрмаған әрбір жоғары саяси институт «кәпір» болып 

табылады. Сондай-ақ, ДАИШ-тің бұл пікірін құптамаған 

өзге мұсылмандар да «кәпір» саналады. Әлбетте, бұл 

асыра сілтеп, шектен шыққандық еді.

ДАИШ  террорларының  түсінігінше  бұл  ұйымға 

кірмеген және олардың шейхтарына мойынсұнбаған 

әрбір мұсылман «тағут» саналады. Ал, ДАИШ-ке мүше 

болып, кейін олардан шыққан адам «муртад» (дінін тәрк 

етуші) болып есептеліп, өз пәтуаларында мұндай қадамға 

барған адамды өлтіруге рұқсат береді.

Әсілі, «тағут» туралы түсінік уахабилік-салафиттік 

ілімнің  теориясын  жазған  Мұхаммед  ибн  Абдул 

Уаххабтың  «Үш  негіз»  атты  еңбегінде  кездеседі. 

Мұхаммед ибн Абдул Уаххаб өзінің бұл пікіріне Ибн 

Таймия және Ибн әл-Қайимның шетін көзқарастарын 

арқау еткен. Ол «тағуттың» бірнеше санаттарын келтіре 

отырып, оның ішіне зайырлы жүйені де жатқызады. 

Яғни, Мұхаммед ибн Абдул Уаххабтың «Үш негізі» 

бойынша Алланың заңымен құрылмаған әрбір саяси 

жүйе және оның қызметкерлері «тағут» саналады. Олар 

«тағут» адамдардың қаны мен мал-мүлкі адал деген үкім 

шығарған. Осыған байланысты ДАИШ-тің жетегіндегі 

жанкештілер  өздеріне  қосылмаған  немесе  өздерін 

құптамаған мұсылмандардың бәрін өлтіруді күнә деп 

есептемейді.

ДАИШ  туралы  сараптамаларға  зер  салсақ,  бұл 

ұйымның алдын ала әзірленген жоба екенін аңғарамыз. 

Өйткені, алдын ала ұйымдастырылмастан, тоқсан елдің 

террористері бір уақытта Сирия мен Иракта бас қосып, 

үлкен көлемдегі әскери іс-қимылдарды жүзеге асыруы 

мүмкін емес. Мұсылман мемлекеттерімен қоса, Ислам 

діні аз таралған елдерден әп-сәтте содырлардың пайда 

болып, Таяу Шығыста бір мезгілде бас түйістіруі осыны 

әйгілесе керек.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хат-

шысы Нұрлан Ермекбаевтың мәлімдеуіне қарағанда, 

ДАИШ қатарында 400 қазақстандық азамат бар. Ал 

бейресми деректерге қарағанда,  ДАИШ құрамында 

1000-нан астам отандастарымыз бар көрінеді. Өкініштісі, 

осы күнге дейін құзырлы орындар содырлыққа соқтырар 

шетін  көзқарастарды  жегенелеуге  бар  күш-жігерін 

жұмсағанымен, бұл қан-шеңгел үдерісті ірку мүмкін 

болмай келді.

Қазан  айының  15  күні  Астана  қаласының  Есіл 

ауданының соты осы ДАИШ-ті террорлық ұйым деп 

таныған шешім шығарды. Бұдан кейін ДАИШ-ті құптау 

немесе оған еру ҚР ҚК-нің терроризм бабы бойынша 

сотталатын болады. Әрине, тек жазалаумен ДАИШ-ті 

ауыздықтай алмаймыз. ДАИШ идеологиясын түбегейлі 

жеңу  үшін  Исламның  содырлыққа  емес,  ізгілікке 

негізделген дін екенін толық сезінуіміз қажет. Ол үшін 

ҚМДБ имамдары мен өзге де теолог азаматтардың Хақ 

дінді жан-жақты насихаттауына қолдау білдіруіміз шарт.



Серікбол БЕРІКҚОЖА,

«Жаңа-Ру» жастар коалициясының президенті

// «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №48 (1283), 25 ҚАРАшА 2015 Жыл //

орта


14

- Мүлікті жария етуге құжаттарды қабылдау мерзімі 

2016 жылдың 1-ші желтоқсанына дейін ұзартылды.                                                                     

-  Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Тараз қаласы

Қойгелді №188, тел.51-00-12 

Құрметті салық төлеушілер!

Тараз қаласы бойынша мемелекеттік кірістер басқармасы Сіздерге 

жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын төлеу мерзімі 1 қазанда 

аяқталғанын, ал жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын төлеу мерзімі    

31 желтоқсанда аяқталатынын ескертеді. 

Осыған орай, баршаңызды өз міндеттемелеріңізді орындауға шақырамыз.



Дала ҚызғалДаҚТары ДасТарХанДа

 

„

«Қыз еркем – кестесімен көркем» дейді қазақ. Жаны гүлдей жайнаған нәзік 



жандылардың кестелі орамалға ою салғаны-  жүректерге жол салғаны, қызыл-

жасыл жіптерден әсем кілемшелер тоқығаны – жүректерге жылылық сыйлағаны, 

бармағынан бал тамып дайындаған дастарханы бір үйдің ажарын ашар қамқорлыққа 

дайын екендігінің дәлелі болса керек.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Кез  келген  ортада,  кез  кел-

ген  жағдайда  адамды  алып 

шығатын  оның  өнер  тамған  он 

саусағы  екені  анық.  «Білерің 

бір  тоғыз  болса,  білмейтінің 

тоқсан  тоғыз»  демекші,  Жам-

был  облыстық  Мүгедектерді 

оңалту және бейімдеу орталығы 

тұрмыстық бағыт бойынша түрлі 

тақырыптарда шеберлік- сынып-

тарын өткізуде. 

Ерекше  жандардың  көңілін 

аулап,  өнерге,  өмірге  бейімдеу 

мақсатында  қолға  алынған  іс-

арқаны кеңге салуға болмайды

 

„

Қр ҚК-нің 99-бабымен дәрежеленетін жеке 



адамға қарсы қылмыс санатындағы кісі өлтіру 

жан түршігерлік қауіптілігімен ғана емес, қалың 

жұртшылық арасындағы, сондай-ақ тұтастай 

қоғамдық ортада жағымсыз ой-пікір туындатып, 

көңіл-күй ауанына кері әсер ететіні хақ. 

2014 жылдың қорытындысымен 

қасақана адам өлтіру дерегі 38 сандық 

көрсеткішпен  (2013ж-63)  шектеліп, 

алдыңғы  жылмен  салыстырғанда 

бақандай 40%- ға кемігенін көрсетіп 

отыр. Биылғы жылдың 9 айында да 

бұл  аса  ауыр  қылмыс  түрі  тағы  да 

38  %-ға,  яғни  29-дан  18-ге  кеміді. 

Бұл әлбетте жағымды фактор болып 

табылады.

Талдау  барысында  анықталып 

отырғанындай,  аталмыш  аса  ауыр 

қылмыс  көбіне  спирттік  ішімдік 

ішу салдарынан орын алса, арагідік 

отбасылық  кикілжің  мен  адамдар 

арасындағы дау-дамай яки өшпенділік, 

кек пен ыза да себеп болуда.  Мыса-

лы  былтырғы  қазан  айының  26-шы 

жұлдызында көне кенттің Стариков 

атты  көшесіндегі  №13  үйде  орын 

алған қайғылы оқиғаны ауызға алсақ 

та жетіп жатыр. Бұл күні үй отағасы 

Б. Долбаев ұрыс-талас үстінде әйелі 

Г.Есенбекованы пышақтап өлтірген. 

Ал өзінің туған жездесі А.Сурцовқа 

пышақ салып, қасақана қаза келтірген 

А.Степанов  деген  неме  өзінің  бұл 

әрекетін  тек  мастықпен  ғана  емес, 

қайдағы бір қызғанышпен түсіндіріп 

бағады.  Әрине,  оның  мұндай  уәжі  

сотты пәлендей иландырып та жатқан 

жоқ.  Қазіргі  таңда  ол  он  бір  жыл 

мерзімге сотталып, кесімді жазасын 

қатаң  режимдегі  түрмеде  өтеуде. 

Сондай-ақ шежірелі шаһардағы №16 

балалар бақшасы маңында мастықпен 

өз жолдасын өлтірген Г.Асанов та ұзақ 

жылдар абақты дәмін тататыны анық. 

Өзгенің  өмірін  өз  бетінше 

қ и ю ғ а   же ке - д а р а   ж а н д а рм е н 

қатар,  топтасқан  түрде  бару  дерегі 

де  жоқ  емес.  Мысалы,  былтырғы                                                                       

12 маусымда Д.Нұралиеваны қаланың 

Тектұрмас  аумағына  алдап-сулап 

апарып,  артынша  қинап  өлтірген 

Е.Қоңырбаев  пен  Т.Жолдыбеков  те 

жазадан құтылып кете алмады. Яғни, 

алдыңғысына облыстық сот 17 жылды 

арқалатса, соңғысы 12 жыл мерзімге 

бас бостандығынан айырылып тынған 

болатын. Бұл тұрғыда басқа да қанды 

оқиға деректері баршылық.

Жалпы,  осы  тақырыпта  газет 

арқылы  әңгіме  өрбіткенде,  аталған 

санаттағы  аса  ауыр  қылмыстардың 

бірқатарын  таяу  шетел  азаматтары 

жасайтынына  азды-көпті  тоқтала 

кету  артықтық  етпес.  Айталық, 

солтүстік  көршіміз  саналатын 

Ресей  Федерациясының  азаматы 

А.Великанов  еліміздің  шекарасын 

аттай отырып, адам өлтірген. Дәлірек 

айтқанда,  ол  К.Жақсылықовпен  та-

нысып,  арақ-шарап  ішуді  әдетке 

айналдырған да, ақыры бөтелкелесін 

ұрып өлтірген. Енді әлгі ТМД азама-

аспаздық қызға жарасар. 

 Суретті түсірген автор.

ты ҚР ҚК-нің 96-бабына сәйкес жаза 

тартатын болады.

Айта  кетерлік  жайт,  қасақана 

қаза  келтірушілердің  арасында 

бұрын  сотталғандар  да  баршылық. 

М ә с е л е н ,   б ұ р ы н д а ғ ы   ұ рл ы қ -

қарлықпен  ұсталып,  тиісті  мерзімге 

сотталған  С.Бурников  бостандыққа 

шыққаннан кейін де тыныш жүрмей, 

дұрыс жолдан тағы да бұрыс кеткен. 

Яғни,  ол  Тараз  қаласындағы  2-ші                                                                              

Мусоргский келте көшесіндегі №182 

үйде  тұратын  Р.Габдулина  деген 

жалғыз басты әйелдің үйіне көңілдес 

ретінде  кіріп  алып,  паналағанын 

місе  тұтпай,  үй  иесін  жастықпен 

тұншықтырып  өлтірген  де,  оның 

76000 теңгесін ұрлап, ізін жасырмаққа 

әрекеттенген. Алайда, адымы алысқа 

бармай  тұтылған  ол  11  жыл,  алты 

ай  мерзімге  сотталып,  түрме  есігін 

қайтадан ашуға мәжбүр болды.

Сөз  соңында  және  де  атап 

өтерлігі, аталған санаттағы қылмысқа              

байланысты  пәрменді  іс-шаралар 

нәтижесінде,  бұрындары  ашылмай 

келген  бірнеше  қасақана  кісі  өлтіру 

дерегі анықталып отыр. Атап айтқанда, 

шұғыл  іздестіру  шарасымен  2003 

жылы қасақана өлтірілген Е.Шукинаға 

қатысты қылмыстың беті ашылып, Ма-

шинист атты азамат 13 жылға сотталса, 

бұдан тура үш жыл бұрын Ж.Ботаевты 

бауыздап өлтірген М.Исмаилов та 14 

жылға  бас  бостандығынан  айырыл-

ды. Сөз жоқ, бұл бағыттағы пәрменді 

іс-шараны  облыстық  ішкі  істер 

департаментінің із кесушілері, тергеу 

шұғыл  топ  мүшелері  жандандырған 

үстіне  жандандыра  береді  деген 

үміттеміз.



Ерлан ӘБДИЕВ,

Облыс прокуратурасының 2 

Басқарма бастығының орынбасары

ағалық алғысымды айтамын!

Мен қалалық №2 аурухананың нефрология бөлімінде ем алдым. Осында ем алып 

жатып, дәрігерлердің, ақ халатты абзал жандардың ыстық ықыласына бөлендім. 

Қарияға деген құрметтері, үлкенге деген ізеттеріне шынайы риза болдым. Атап 

айтқанда, сонау 1996 жылы Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы Ал-

маты медицина институтына түсіп, 2003 жылы оқуын тәмамдап келген соң, осы 

ауруханада еңбек етіп келе жатқан дәрігер-нефролог Жұлдыз Құлманбетоваға риза 

болдым. Жұлдыз ағымдағы жылдың ақпан айында аурухананың медбикелік күту 

бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалған екен. Айналайындар, еңбектерің 

жана берсін!



Сәти САЙЛЫБАЕВ, еңбек ардагері

шараға    осы  орталықтың  дирек-

торы Ескендір Жүнісов, Жамбыл 

облыстық  жұмыспен  қамтуды 

үйле стіру  және  әлеуметтік 

бағдарламалар  басқармасының 

интернаттар  бөлімінің  бастығы 

Аида  Утеулина,  сондай-ақ  БАҚ 

өкілдері қатысты. 

 «Карвинг» тақырыбы бойын-

ша әдемілік пен әсемдікке баули-

тын  тәсілді  қолға  алған  орталық 

ерекше  жандарға  сан  түрлі  өнер 

үйретуде.  «Карвинг»  сөзі  фран-

цуз тілінен аударғанда әшекейлеу 

мен  сәндеуді  білдіреді.  Жуырда 

ғана  шеберлік  -  сыныбы  бойын-

ша  меңгерген  тоқу  өнерін  қолға 

алған орталық тұрғындары бүгін 

дастархан  жаюдың  қыр-  сырын 

ашуға тырысты.

Жұмсақ  қағаздан  жасалған 

қол  сүрткінің  орамасының  өзі 

сан  алуан.  Жеміс-жидектерден 

жасалған  пальма  талы,  қауызын 

жаңа  ашқан  гүл  дестелер,  тіпті 

махаббаттың символына айналған 

аққу  да  қанатын  кеңге  жазып, 

дастархан  мәзіріне  еніпті.  Ал 

балалар асханасы үшін жасалған 

банан көлігінің сәбізден жасалған 

төрт дөңгелегі бала көңілін ауда-

рып,  зулап  тұрса,  доп  көтерген 

дельфинге  әне-міне  жан  бітіп 

ке т е рд е й .   А л   т р о п и ка л ы қ 

жемістерді  үккіштен  өткізіп 

жасалған  табиғи  қою  шырын 

тек дәруменді жемістердің дәмін 

татуға,  салауатты  өмір  салтын 

ғана  ұстануға үйретті. Ерекше 

дастарханға әсіресе қызанақтан 

жасалған алқызыл гүлдер көрік 

берді.Саусақтарынан бал тамған 

арулардың  өздері  де  осынау 

жайнаған  дастарханның  ба-

сында  бір  сәт  өздерінің  арбаға 

таңылғанын  ұмытып,  дала 

қызға лдағындай  ажарлана 

түскен еді.


15

//   «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №48 (1283), 25 ҚАРАшА  2015 Жыл  //

алуаН

не? ҚайДа? Қашан?

1 желтоқсан – Қазақстан республикасы Тұңғыш президенті

 күніне орай өтетін  мәдени іс-шаралар жоспары  

Қалалық мәдениет үйі

25 қараша 2015 

жыл

10.00


«Әйелдерге  қатысты  зорлық-зомбылықсыз  16  күн» 

атты жастар акциясы

25 қараша 2015 

жыл


18.00

Анна Вундердің концерті

26 қараша 2015 

жыл


10.00

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін 

азаматтар  кітапханасының  «Үміт  қанатында»  атты 

фестивалі

26 қараша 2015 

жыл


16.00

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының 

«Қазақстан.  2017  мақсаттары.  Ұлттық  іс-қимыл 

жоспары»  сайлауалды  тұғырнамасын  іске  асыру 

жөніндегі  аймақтық  жоспардың  орындалу  барысы 

туралы  саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы

 27 қараша 2015 

жыл


11.00

Ауыл шаруашылық басқармасының Ауыл шаруашылық 

қызметкерлерінің күні мерекесіне орай Агроөнеркәсіп 

кешені қызметкерлерінің облыстық кеңесі

27 қараша 2015 

жыл


15.00

«Асыл  аналар»  ансамблінің  «Ардагерлер  ән 

шырқайды» атты концерттік бағдарлама

28 қараша 2015 

жыл

11.00


«Жас  Ұлан»  балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымының 

«Ұланымыз Ұлы елдің» атты слеті

1 желтоқсан 2015 

жыл


10.00

«Ұлы тұлға-ұлт аманаты» атты жастар акциясы



«Баласағұн» орталық концерт залы

25 қараша 2015 

жыл

19.00


«Сәт» тобының концерті

26 қараша 2015 

жыл

17.00


Шымкент филармониясының концерттік бағдарламасы

27 қараша 2015 

жыл

16.00


«Оңтүстік»  өңірлік  әскери  қолбасшылығының 

құрылғанына 15 жыл толуына орай салтанатты жиын, 

мерекелік концерт

29 қараша 2015 

жыл

17.00


Алматы облысының «Күлансаз» ансамблінің концерті

1 желтоқсан 2015 

жыл

19.00


«Шымкент шоу» әзіл-ысқақ театрының кеші

Мүгедек балаларға арналған мектеп-интернаты

25 қараша 2015 

жыл

15.00


«Елбасы-ел  тірегі,  жас  ұрпақ  тәуелсіз  елдің  жүрегі» 

атты концерттік бағдарлама



Облыстық драма театры

25 қараша 2015 

жыл

18.00


Б. Бекжанов «Өмір» драмасы

27-28  қараша 

2015 жыл

10.00


«Тұңғышбай  Әл-Тарази  Таразға  шақырады»  атты 

актер өнеріне арналған II халықаралық театр фестивалі



№1 Қарттар үйі

27 қараша 2015 

жыл

11.00


Елбасы  күніне  орай  «Елдігімнің  ер  тұлғасы-Елбасы» 

атты мәдени іс-шара



Қазақ хандығының монументі

28 қараша 2015 

жыл

10.00


Қазақстан 

Республикасы 

Ұлттық 

қауіпсіздік 



комитетінің шекара қызметі №2035 әскери бөлімшесі 

сарбаздарының салтанатты ант қабылдау рәсімі



№2 Қарттар үйі

30 қараша 2015 

жыл

11.00


Елбасы күніне орай «Елбасы мәртебесі-ел мәртебесі» 

атты мәдени іс-шара



Қазақстан Республикасы  Тұңғыш Президентінің саябағы

1 желтоқсан 2015 

жыл

10.00


Қала тұрғындары арасында жеңіл атлетикалық жарыс 

(орталық «Достық» алаңына дейін)

1 желтоқсан 2015 

жыл 18.00

Елбасы күні мерекесіне арналған «Елбасы мәртебесі-ел 

мәртебесі» атты мәдени-көпшілік іс-шара, концерттік 

бағдарлама, мерекелік отшашу

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

25 қараша 2015 

жыл    15.00

«Елбасы  мәртебесі-ел  мәртебесі»  атты  ғылыми-

практикалық конференция 

М.Х. Дулати ескерткішінің алды

3 желтоқсан 2015 

жыл

11.00


«Тараз  әдеби  жастары»  білімгерлер  клубының 

Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президентке 

арналған өлең оқулары

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

30 қараша 2015 

жыл 

11.00


«Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президенті  күні» 

тақырыбында семинар



Тараз инновациялық-гуманитарлық университет

27 қараша  2015 

жыл 

10.00


Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті 

күніне  орай  студенттер  арасында  «Каратэ-до»  спорт 

түрінен облыстық турнир

28 қараша 2015 

жыл

10.00


Қалалық сайыскерлер турнирі

«Тараз - Арена» спорт сарайы

28- 29 қараша 

2015 жыл

9.00


Тұңғыш  Президент  күніне  орай  «Ордабасы»  және 

«Джун  Ри-таэквондо-до»  спорттық  ойын  түрлерінен 

ашық турнир

28-29 қараша 

2015 жыл

10.00


Мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Д.А.Қонаевты  еске 

алуға арналған еркін күрестен халықаралық турнир



«Ұлан» стадионы

16-30 қараша 

2015 жыл

12.00


Жасөспірімдер арасында  футболдан  облыстық ашық 

турнир


26 ҚАРАША – Қонақтардың келіп, орналасу күні

18.30 –  «Пегий пес» -  авт. ш.Айтматов     

Жамбыл облыстық  орыс  драма театрының  байқаудан 

тыс,  қонақтарға арналған арнайы қойылымы.    

 Режиссері  - Юрий Ханинга – Бекназар   

27  ҚАРАША – Фестивальдің бірінші күні 

9.30.  – Қатысушы театрлардың  салтанатты шеруі  

10.00  – Фестивальдің ашылу салтанаты (Үлкен залда)

11.00 – Баспасөз конференциясы  (2-қабатта, Кіші залда)                                                    

11.30   – «Песень  ветра» - инсц. Нурлан Асанбеков. 

«Сахна»  эксперименталды  театры.  Қырғызстан. 

Бішкек. Режиссері – Кенжегуль Сатыбалдиева.

13.30 -14.30  –  Түскі үзіліс 

15.00    – «Абылай» драмасы -  авт.  Иран-Ғайып.  

Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс  драма театры. 

шымкент. Режиссері – Ерғали Оразымбетов.

17.30     –  «Қара шекпен» - авт.  Г.Хугаев.  ауд. 

Қ.Төлеуішов.  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ  мемлекеттік 

академиялық балалар мен жасөспірімдер театры.  Ал-

маты  қаласы. Режиссері – Асхат Маемиров  

20.00-21.00 – Кешкі ас          

21.00   -  «Өмір»    психологиялық  драма  –  авт. 

Б.Бекжанов

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының байқаудан 

тыс,  қонақтарға арналған арнайы қойылымы.    

Режиссері – Мәлік Ақүрпеков.    

       


28 – ҚАРАША – Фестивальдің екінші  күні 

9.00 - 10.00  –   Мастер-класс (Н.Абдыкадыров, Қырғыз 

Республикасының  еңбек  сіңірген  өнер  қайраткері, 

ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты)   

10.30 –  «Аялдардан шан Кече» – авт. Хамза Хаким 

Ниязе. 


 Талас  облыстық музыкалық драма театры. Қырғызстан.

13.00-14.30  Түскі үзіліс 

15.00       –   «Ночь  в дали от Родины» -  авт. Н.Меликов 

(Бозор Собирдің  толғау-жыры  бойынша). Тәжікстан 

Республикасының  М.Вахидов атындағы  мемлекеттік 

жастар  театры.    Душанбе  қ.    Режиссері  –  Нозим       

Меликов

16.30-17.30  – Тараздың тарихи көрнекі жерлеріне саяхат



18.00   –  «Крутые виражи»  комедиясы - авт. Э.Ассу.

Ферғана облыстық мемлекеттік  орыс драма театры. 

Өзбекстан.  Режиссері – А.Абдуллаев

21.00  –    Фестивальдің    жабылу  және  марапаттау 

салтанаты

22.00.     –        Банкет




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет