Д. Исабеков «Әпке» драмасы. Шығарманың композициялық құрылымы ( 5-сабақ)



Дата17.03.2023
өлшемі10,92 Kb.
#75127
түріСабақ


Автор: Турсынбекова Ляйла Раушанбековна
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 8-сынып
Бөлім: Махаббат және абырой
Тақырып: Д. Исабеков «Әпке» драмасы.Шығарманың композициялық құрылымы ( 5-сабақ)

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

8.2.2.1 А/И1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау

Сабақтың мақсаты:

- Шығарманың жанрын, эпилог, прологтарын анықтайды, композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды. 

Тілдік мақсаттар:

Драма, ремарка, монолог, диалог, перифраз, ирония, сатира 

Күтілетін нәтиже:

Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды

Бағалау критерийлері:

- Мазмұны бойынша сюжеттік жоспар жасайды, эпилог, прологын анықтайды;
- Композициясына талдау жасайды 

Құндылықтарды дарыту:

Отбасы, бауырмалдық

АКТ-ны қолдану дағдылары:

https://www.youtube.com/watch?v=MlvciJ4ScJM

Пәнаралық байланыс:

Сахна өнері, театр

Бастапқы білім:

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (перифраз, ирония, сатира,элипсис, гротеск) қолданысын талдау

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
(5 минут)

Амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу мақсаттарынан сабақтың мақсатын шығарады. Зейінді шоғырландыру және білімді өз беттерімен алуға түрткі жасау: - Сіздің әпкеңіз бар ма? Ол кім? Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (перифраз, ирония, сатира,элипсис, гротеск) қолданысын талдау. 
➢ Мұғалімнің түсіндіруі, толықтыруы. Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы дамиды.

Сабақтың ортасы
(27 минут)

Дамыту тапсырмалары. Практикалық жұмыстар. №1 тапсырма. ЖСЖ. Нұсқаулық. ➢ Берілген пьесаны 0:02.05-11.48 жерге дейінгі үзіндісін көреді; ➢ Оқушылар драма үзіндісінен кейіпкерлердің іс- әрекеттерін анықтайды 
№2 тапсырма.
Топтық жұмыс. Оқуды жетілдіретін формативті тапсырмалар. І топ: Драмалық шығарманың эпилогы мен прологын анықтайды, шығармадан мысал келтіреді; Шығарманың композициялық жоспарын құрыңыз.

Сабақтың соңы
(5 минут)

Кері байланыс.
"Аяқталмаған сөйлем» тәсілі
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады. Бүгін сабақта қуантқаны..... Мен өзімді.....үшін мақтар едім. Маған ерекше ұнағаны..... Сабақтан соң маған........келді. 38 – қызықты да түсінікті 36,6 – қызықсыз, күрделі 34 – пайдасыз, құнды емес. 

Рефлексия
(3 минут)

"Көңіл-күй" термометрі


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет