Құрметті Владимир Карпович! Қадірлі депутаттар!



бет2/6
Дата14.10.2023
өлшемі33,47 Kb.
#114414
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Доклад Министра каз

Біріншіден, Қытай Халық Республикасында, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, Үндістанда, Иранда және басқа да бірқатар елдерде инвестициялар бойынша кеңесшілер қызметі енгізілді. Түркияда, Қытайда және Оңтүстік Кореяда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлерінен кедендік атташат институты құрылды.
Дубай, Ыстамбұл, Пекин қалаларында «Қазинвест» кеңселері іске қосылды және мұндай кеңсе жақында Тегеранда ашылады.70 шет елде Қазақстан Республикасының құрметті консулдары институты сәтті жұмыс істеуде. Еліміздің шет елдердегі достары клубы белсенді пайдаланылып келеді.
Екіншіден, Министрлік сыртқы экономикалық міндеттерге қол жеткізу үшін ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтып келеді.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірге қазақстандық өнімдердің экспортын ілгерлету бойынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге агроөнеркәсіп кешеніне шетелдік инвестицияларды тарту бойынша, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігімен бірге қазақстандық қорғаныс өнімдерін экспорттау бойынша Білескен іс-шаралар жоспарлары қабылданды.
Үшіншіден, инвесторлармен жұмыс істеу жағдайы жақсарып келеді. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Экономикалық ынтымақтастық дәне даму ұйымына мүше барлық елдер, сондай-ақ Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері және Сингапур үшін визасыз режим енгізілді. Бұл Астана халықаралық қаржы орталығын құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен байланысты.
Біз шет елдермен 118 екіжақты үкіметаралық комиссияның және 24 іскерлік кеңестің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс істеп келеміз.
Мұндай ұзақ мерзімді жұмыстың алғашқы нәтижелері қазірдің өзінде байқалуда. Нақтырақ айтқанда, 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның Азия елдерімен сауда айналымының жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға артты. Ақшалай алғанда, ол 13,3 млрд. АҚШ долларын құрады (экспорт - 7,8 млрд. АҚШ долл., импорт - 5,4 млрд. АҚШ долл.).
* * *
Сыртқы істер министрлігі Мемлекет басшысының сыртқы саяси іс-шараларын ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр.
Бүгінгі талқыланып отырған бағыт бойынша 2016 және 2017 жылдары Мемлекет басшысының Қытайға (екі рет), Жапонияға, Оңтүстік Кореяға, Иранға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Сауд Арабиясына (екі рет) 9 шетелдік сапары өткізілді. Сондай-ақ, өз кезегінде азиялық 12 мемлекет пен үкімет басшылары Қазақстанға сапармен келді.
Анықтама үшін: 2016 жылы: Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян - 3-4 қараша, Түркия Премьер-Министрі Ахмет Даутоғлы - 6 ақпан, Мысыр Президенті Абдел Фаттах әл-Сиси - 26-28 ақпан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет