аяқтамаса да "Майкрософт" негізін құрып, жасы қырыққа толмаса да
қазір Америкадағы ең бай адам. Ал бір бейсболшы оған "ақылы кем"
деген айдар тағылса да жылына төрт миллионнан астам табыс табады.
Біз көпке дейін үнсіз қалдық. Сонда менің түсінгенім: мен ұлыма,
баяғыда өз əке-шешемнен естіген ақылымды айтумен болған екенмін.
Бізді коршаған əлем өзгерген,бірақ ой-өрісіміз, бірер кеңестеріміз
ескілікті деңгейде өзгеріссіз қалған.
Біздің балаларымыздан басқа, жақсы оқу, жоғарғы баға алу-
табыс кепілдігі емес екенін, ешкімде байқамайтын тəрізді.
-Мама -деді əрі қарай ұлым, мен сендер сияқты жұмыс істегім
келмейді. Сендер жақсы табыс табасыңдар жəне біз жақсы үйде
тұрамыз. Егерде, сенің айтқаныңды тыңдасам, онда менде сендер
сияқты өмір сүруім керек, себебі: үлкен салықтарды төлеп отыру
үшін, əрдайым көп жəне одан да көп жұмыс істеуім қажет, ең соңында
қарызға белшемнен батамын. Біздің дəуірімізде тұрақты жұмыс
болмайды.Жұмыстан босату мен қысқартудың не екенін мен білемін.
Соңғы кезде университет бітірушілер, сенің кезіңдегіден жалақыны
кем алатындығын тағы білем. Мысалы, дəрігерлер. Олар бұрынғыдай
көп табыс таба алмайды. Мемлекет немесе компания зейнетақысына
сенімділікпен қарауға болмайтындығын да білемін Маған осындай
көптеген күрделі сұрақтардың барлығына жаңа жауаптар қажет.
Расында оныкі шындық еді. Оған жаңа жауаптар қажет болса, маған да
сондай қажет еді.
Достарыңызбен бөлісу: