Роботтарға белгілі бір затты көтеріп, орнын ауыстыру, өзгерту, сындыру немесе одан басқа әрекет жасау керек. Роботтардың қолдарын робототехника саласында ағылшынша end effectors деп атайды.[14] Робот қолдарының соңы, нақты айтқанда затты ұстайтын бөлігі ауыстырмалы болады. Әр бір түрі нақты бір жұмыс түріне арналған. Алайда, кейбір роботтарда соңы тұрақты болады, ол кезде аустырылмай бір ғана түрлі қысқышпен жұмыс жасайды, кейбіреулерінде гуманоид роботтың қолы сынды (адам қолы сынды) тұрақты, бірақ жұмыстың бірнеше түрін атқара алатын болады.
Роботтарды адам сынды сөйлеткізу жүрісінде кедергілер пайда болып жатыр. Әлеуметтік себептерге бола, синтетикалық дауысты қолдану қолайсыз деп шешілді, сол себептен дауыстың эмоционалды құрамдастарын түрлі жолдармен дамыту керектігі байқалды.
Роботтың пайдасы
Роботтар адамзаттың әлі жетпеген немесе атқара алмаған жұмысын әлдеқайда табысты әрі тиімді орындайды. Мәселен, автокөліктерді бөлшектері бойынша құрастыру, заманауи технология бойынша - робот-хирургтердің сәтті ота жасауы. Роботтардың пайдасы зор, бірақ адамзаттың шығармашылық қасиеттері туралы ұмытпауымыз керек. Себебі роботтар оны ешқашан алмастыра алмайды. Заманауи әлемде роботтар үлкен сұранысқа ие. Олар өмірдің әр түрлі, тіпті, көбісі біле бермейтін салаларында қолданылады.