5.2.1.4 – компьютерге арналған барлық ақпарат екілік түрінде ұсынылғанын түсіндіру
Ақпараттарды компьютерде қалай өңдейміз?
Компьютерде барлық ақпарат дабыл
( сигнал) түрінде ұсынылады.
Ақпаратты компьютерге жазу үшін компьютердегі әрбір белгі дабылдар тіліне аударылу керек
Ақ-қара кескін
(0-ақ торкөз, 1-қара торкөз)
Кодтар мен кодтау жүйесінің көптеген түрлері бар. Оларды ұсыну тәсілдеріне қарай үш топқа бөлуге болады.
Екілік таңба деген не?
Ақпараттың көлемін анықтау үшін ақпараттың өлшем бірлігі қолданылады
Бит- ағылшын тіліндегі binary digit (екілік таңба) деген қысқарған сөз
Әдетте, компьютер жадындағы деректер , командалар жекелеген
биттермен емес топтасқан 8 бит өлшемімен жазылады. Тізбектелген
8 бит 1 байт өлшемін құрайды
Ақпаратты кодтау кезінде компьютерде екілік код қолданылады. Екілік алфавитті қолдану арқылы ақпаратты ұсыну екілік кодтау деп аталады. Екілік кодта «0» және «1» символдары ғана қолданылады
Символдардың кодталу комбинацияларының (тіркестерінің) жиынтығын кодталу кестесі деп атайды.
Екілік кодтау Есептеуіш техникасында ең көп қолданылатын код – ASCII , америкалық ақпарат алмасудың стандартты коды болып табылады Негізгі кесте
Мысал:
15+А
Жауабы:
1-00110001
5-00110101
+-00101011
А-01000001
Кеңейтілген кесте
Мысал :
ЖАД
Жауабы:
Ж-11000110
А-11000000
Д-11000100
Хабардың ақпараттық көлемі – бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы
1 байт =8 бит;
1кбайт(килобайт) =1024 байт;
1мбайт (мегабайт) =1024 кбайт;
1гбайт =1024 мбайт.
Компьютерлік алфавитте 256 символ бар. Оған латын және қазақ/орыс алфавитінің
бас және кіші әріптері,тыныс белгілер, баспа символдары мен пернелер үйлесімі кіреді.
256 үйлесімді құру үшін 0 және 1 –ден тұратын 8 ұяшық қажет