Робототехника



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата16.12.2023
өлшемі5,11 Mb.
#140303
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
 
РОБОТЕК 
РОБОТЕК, HUNA конструкторының негізінде жасалынған. Оны 
робототехникадан сабақтар өткізетін мектептерден табуға болады. 


25 
БАЗАЛЫҚ РОБОТРЕК 828-бөліктен тұрса (сурет 9), РОБОТРЕК 
СТАЖЕР А 668-бөлшектен құралған (сурет 10). 
Робототехника сабақтарында осы жинақты пайдалану кезінде 
робототехника саласындағы толыққанды оқу міндеттерін шешуге 
болады. Конструкторта барлық негізгі алгоритмдік құрылымдары бар 
және сенсорлер арасында жеткілікті таңдау бар, олардың санын және 
ассортименттерін көбейтуге болады, сатып алу бойынша ресурстық 
жинақтарды да қосу мүмкіндігі бар. Программалау үшін ПҚ Windows 
ОЖ үшін ғана есептелген. 
Бұл 
жиынтықтың 
артықшылығы 
ретінде 
ТРЕКДУИНО 
платасының бар екендігін айтуға болады, оған кез келген 3-контактілі 
сенсорды қосуға болады, оның ішінде стандартты емес (бұл жағдайда 
тиісті бағдарламалық кітапхананы пайдалану қажет), Перифериялық 
құрылғыларды қосу үшін көптеген порттар бар. Мұның бәрі бір ғана 
жиынтыққа тән күрделі модельдерді құруға және программалауға 
мүмкіндік береді. 
Роботрек конструкторына CD-диск қоса беріледі, онда БЖ және 
жинақ бойынша кітаптар бар. Кітапта жинақтардың бөлшектері мен 
электрондық компоненттерін біріктіру ережелері, модельдерді кезең-
кезеңмен құрастыру нұсқаулығы, қарапайым, күрделі және модельдің 
маңыздылығына қарай құрастыруға дейінгі ұсынылған тапсырмалар 
да бар. Модельді зерттеуге бағытталған жаңа жағдайлар немесе жаңа 
параметрлермен кейін кірістіріледі. 
Нұсқаулықтарда 
жалпы 
программалауды, 
басқарушы 
контроллерді қалай программалау керектігі айтылмаған және бұл 
мәселені шешу үшін не РОБОТРЕКТІҢ ресми сайтына жүгіну қажет 
немесе бұл міндет мұғалімнің иығына жүктеледі. 


26 
9-сурет. Стажер А роботрегі 
10 – сурет. Базалық робетрегі 


27 
Роботрек программаларды жасау блоктарды біріктіру арқылы 
жүзеге асырылады, әрбір блок тіркелген (сурет 11). Әрбір әрекет 
белгілі бір деректерді (сигналды) енгізу немесе шығару құрылғысымен 
байланысты. Осыған байланысты құрылғының кірулері мен 
шығыстарына программа талаптарына сәйкес қажетті кіру/шығу 
қосылуын қадағалау қажет. 
Осы жиынтықты бұрын онымен танысқан және оған арналған 
қарапайым программа құрған, сондай-ақ немесе жаңа ақпаратты тез 
және оңай қабылдайтын балалар орындай алады. 
11-сурет. Роботрек конструкторының программасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет