Робототехника


Конструктордың жобалау редакторы –



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата16.12.2023
өлшемі5,11 Mb.
#140303
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Конструктордың жобалау редакторы – 
құрастырылған роботты 
басқару үшін программа құру ортасы. 
Датчик
-
әр түрлі ақпаратты (температура, жылдамдық, сәуле, түс, 
дыбыс) өлшеуге арналған құрылғы. Датчиктер электронды және 
механикалық болып бөлінеді. 
Ультрадыбысты датчик - 
қашықтықты өлшейді, нысандарды 
анықтайды. 
Датчик 
«көздерінің» 
айналысындағы 
қызыл 
түсті 
жыпылықтамайтын жарық, оның «
Өлшеу
» режимінде тұрғанын 
айтады. Ультрадыбысты датчик дыбыс толқындарын жіберіп, қайтып 
келген сигналдарды оқиды және нысандарды тауып, оларға дейінгі 
қашықтықты есептейді. 
Гироскопиялық 
датчик 

көлбеу 
бұрышты, 
айналу 
жылдамдығын градуста және секундта өлшейтін құрылғы. 
Контроллер – 
электроника және компьютерлік техникадағы 
басқару құрылғысы.
 
Перфузия - 
(лат. perfusio сөзінен - құю, инфузия) - ағзаның 
мүшелері мен тіндерінің тамыр жүйесі арқылы қан, қанды 
алмастырғыш ерітінділер мен биологиялық белсенді заттарды 
жинақтау және беру әдісі. Сонымен қатар, перфузия дегеніміз - 
ағзаларды қанмен қамтамасыз ету.
 
 
 
 
 
 



Кіріспе 
Қазіргі уақытта робототехникалық құрылғылардың жаңа 
мүмкіндіктерінің пайда болуына байланысты оларды тұрмыста, ауыл 
шаруашылығында және өнеркәсіпте қолдану кеңінен таралуда. 
Осының барлығы робототехникамен байланысты мамандықтар 
спектрін кеңейтудің өзектілігін анықтап, атап айтқанда роботтарды 
пайдалануға бейімделген бағытталған адамның қызметті түрлерінің 
қажеттілігін туындатып отыр. Осылайша, робототехника саласында-
ғы инженерлік мамандықтармен қатар робототехника саласындағы 
мұғалім мамандығын дайындаудың да қажеттілігі пайда болауда. 
Робототехника мұғалімін даярлау басқа мамандықтарға қараған-
да, мысалы, математика, физика немесе информатика мамандықтары-
на дайындау мақсаттары мен міндеттерінен ерекшеленетін жаңа, өзге 
де мақсаттар мен міндеттерді анықтайды. 
Бұл ең алдымен робототехника мұғалімін оқытудың өзіндік 
әдістемелік жүйесін әзірлеу қажеттілігін білдіреді. Робототехника 
мұғалімі үшін білім берудің түрлі деңгейлері бар екенін: мектепке 
дейінгі дайындық, кіші және орта мектеп үшін даярлаудың өзектілігін 
атап өткен жөн. Білім берудің деңгейлеріне сай педагогтарды 
даярлаудың әртүрлі әдістері мен тәсілдері қолданылады. 
Қазіргі уақытта әр түрлі себептерге байланысты оқытудың қандай 
да 
бір 
құралдарының: 
құрастырғышлардың, 
электрондық 
эмуляторлардың - электрондық технологиялық ресурстардың, 
программалау тілдерінің, қолданылатын ақпараттық жүйелердің 
айырмашылықтарына негізделген оқушыларды оқытудың белгілі бір 
дәстүрлері қалыптасып келеді. 
Әрине, бұл айырмашылықтар одан әрі де бола береді, оның үстіне, 
олардың одан әрі даму процесін болжау, оқытудың жаңа 
құралдарының пайда болуын болжау мүмкін емес. Біздің жағдайда 
педагогтарды оқыту әдістемесін дамыту көбінесе осы процестермен 
анықталатын болады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 
Сіздердің назарларыңызға ұсынылап отырған оқу құралы «Оқытудағы 
робототехника» деп аталады. 
Осы әдістемелік құралдың құрылымы робототехника саласындағы 
педагогтарды даярлаудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру 
ерекшеліктерімен анықталды. 
Бірінші бөлімде робототехниканың даму тарихын талдау 
негізінде, пәндік білім берудің көптеген салаларын біріктіруші ретінде 



робототехника саласында педагогтарды даярлаудың әдістемелік 
жүйесін синтездеу әрекеті жүзеге асырылды. Сонымен қатар, бұл 
бөлімде осы оқыту жүйесінқалыптасатырудың негізгі құралдары 
болуы мүмкін әртүрлі робототехникалық конструкторлардың 
салыстырмалы 
талдауы 
келтірілген. 
Әрине, 
ұсынылған 
конструкторлар тізімі кеңейтілуі мүмкін және кеңейтілуі тиіс те. Бұл 
педагогикалық бағыттағы бакалаврлар мен магистрлерді дайындау 
мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді. 
Екінші бөлім қазіргі кезеңдегі робототехниканың даму процесте-
рін сипаттауға арналған. Бұл бөлімнің мазмұны мұғалімге робототех-
никаны дамытудың басты бағыттарына баса назар аударуға және оқу 
материалының мазмұнын соған сай қалыптастыруына мүмкіндік 
береді. 
Үшінші бөлім негізгі жалпы білім беретін мектептің оқу процесі-
не робототехниканы енгізудің әдістемелік негіздеріне арналған. 
Мұнда келтірілген материал осы білім деңгейі үшін робототехникаға 
оқыту әдістерін қалыптастырудың негізінде алынуы мүмкін. 
Төртінші бөлімде білім берудің әр түрлі оқыту деңгейінде 
қолданылатын оқу жабдықтарына талдау келтірілген. Бұл 
параграфтың бірінші бөлімнен айырмашылығы, ол қолданыстағы 
конструкторлардың мүмкіндіктерін ғана емес, сондай-ақ, олардың 
одан әрі даму перспективалары мен оқыту құралдары ретінде 
пайдалану кезіндегі мүмкіндіктері де егжей-тегжейлі сипатталған. 
Бесінші бөлім оқуларын аяқтап отырған магистранттардың 
орындаған бірнеше практикалық жұмыстарына арналған. Бұл бөлімде 
оқытуда болашағы бар құралы ретінде Vex IQ конструкторының 
мүмкіндіктері арқылы жоғарғы сынып оқушыларын робототехниканы 
оқытуда жобалар әдісін қолдану қарастырылған, сондай-ақ, 
құрамында әртүрлі дачиктері бар техникалық құрылғыларды 
программалау курсы да қарастырылған. Бұл бөлім одан әрі жобалау 
үшін негіз болатын аяқталған және сынақтан өткен әдістемелік 
тәсілдердің мысалдарын қамтиды. 
Алтыншы бөлім робототехниканы білім берудің бастапқы 
сатысында қолдануға арналған. Бұл бөлімде бастауыш сынып 
оқушыларын робототехникаға оқытудың айрықша ерекшеліктері 
қарастырылған. 
Соңғы 
жетінші 
бөлімде 
негізгі 
мектепте 
робототехниканы оқытудың әдістемелік аспектілері қарастырылған 
Қорытындыда әдістемелік және техникалық әдеби көздер 
көрсетілген әдебиеттер тізімі келтірілген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет