Романдағы әйел-аналар образы арқылы жанама кейіпкерлер қырын сипаттау мазмұНЫ


«Абай жолы» эпопеясындағы ұнамды және ұнамсыз әйелдер бейнесін көркемдегіш тәсілдер арқылы талдау



бет6/12
Дата07.01.2022
өлшемі64,52 Kb.
#18829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Романдағы әйел-аналар образы арқылы жанама кейіпкерлер қырын сипаттау

1.3 «Абай жолы» эпопеясындағы ұнамды және ұнамсыз әйелдер бейнесін көркемдегіш тәсілдер арқылы талдау
А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы», ең алдымен, сөз өнерінің негізгі жүйесін танытып берген деп есептейміз. Сонда автор суреткерге тән сегіз ерекшеліктерді көрсетіп те берді, олар:

1. Сезім. Нәзік сезімталдық

2. Бақылау. Жіті бақылағыштық

3. Қиял. Творчестволық фантазия

4. Интуиция.

5. Өмірбаян.

6. Парасат.

7. Шеберлік.

8. Шабыт.

А.Байтұрсынұлының осы сегіз ерекшелігі әйелдер бейнесін жырлауда Абай бойынан табылды ма деген сауал туындайды. Осыған жауап беріп көрелік.



1. СЕЗІМ. Абай сезімта болды ма? Ақын өмірі туралы М.Әуезовтің күллі жаһанға аян, қазақтың тұңғыш эпопеясы, Ең талғампаз суреткерлер баға берген «Абай жолын» оқыған қай адам болмасын, алдымен сондағы бас кейіпкердің сезімі жайлы айтса керек. Мұнан бөлек, ақын өлеңдеріндегі махаббат жанрын оқи отыра сөзбен түсіндіруге келмес әсерлерден «сезім» Абайдан басталғандай күй кешесің. Мәселен төмендегі өлеңге қаралық,
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,

Аспанда ай менен күн шағылса да.

Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ-

Саған жар менен артық табылса да.
Абайдың сезімге адалдығы, бойын билеген күш сезімнің Абайды бағындырғаны көрініп-ақ тұр! Бұл өлеңге Абай энциклопедиясында мынадай баға берілген: «Өз сезімі қыз жүрегінен үндестік тапсын-таппасын, ол алған бетінен қайтпайды, жалындаған ыстық махаббатының құрбандығына көніп, жүрек қалауының барлық азабын тартуға әзір»(5. 245 б.) Сөздің тоқ етері Абай әйелдер бейнесін жырлауда Байтұрсынов айтқан «сезім» талабына жауап береді.
2. БАҚЫЛАУ.Абай айналадағы бақылағыштық қасиетінен де кенде емес. Мұны тағы да ақынның өмір жолы «Абай жолынан» білеміз. Онда атақты Шөже ақынмен алғашқы кездесу, оның өлеңдерін бақылауы, сондай-ақ шығыс ақындарының еңбектерін де жіті назарда ұстауы бұл талапқа Абай сай екендігін білдіреді. Қарапайым ғана, А.Құнанбайұлының бір өлеңін мысал келтірелік:
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын,

Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын.

Ақылдылар арланып ұялған соң-

Ойланып түзеле ме деп айтқанмын ,- дей келе қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын екендігін айтып, осы күнге дейін мұны айтқандығын, айтқанда да біліп, егжей-тегжей бақылап сөйлегенін күйініп жырлайды.

Абай әйелдер бейнесін жырлауда Байтұрсынов айтқан «бақылау» талабына жауап береді.
3. ҚИЯЛ. Ақын қиялынан туған дүние оның талантын айғақтайды. Қиял дегеніміз жаңа идея, жаңа ой, жаңа мазмұн. Олай болса, Абай атамыз қиялды пайдалана алған ба?...сөзсіз, иә. Сұраққа жауап әлі күнге аударма ма, төлтума ма деп шешілмей келе жатқан «Онегинь-Татьянада». Ақын қиялы Пушкиннен басқаша сарындағы «бағалы дүниені» тудырды. Махаббат тақырыбындағы шағын лирикалық поэма Абайдың төлтумасы екендігі зерттеушілер айтып-ақ келеді. Өйткені, дәлел бар. Пушкинмен салыстырғанда Абай қиялынан туған көптеген өзгерістер болды. Бұл туралы кейіннен сөз қозғаймыз.

Абай әйелдер бейнесін жырлауда Байтұрсынов айтқан «қиял» талабына жауап береді.
4. ИНТУИЦИЯ. Сезімталдық қасиеті адам баласының бәрінде де болатындығы рас. Ал, Абайға берілген осы қасиет айырықша, оның сезімі бір бөлек әңгіме, сезімталдығы тағы бір ұзан-сонар баяндайтын мәтіндей. Абай сондай сезімтал болған-ки, тіпті жесір қалған әйел, баласынан айырылған ана атынан жырлаған. «Әбдірахманның әйелі Мағышқа шығарып берген жоқтаудың» өзі қандай әсерлі еді. Мағыштың зарын Абай өз мұңында көріп аса дәлдікпен, нағыз детальдармен береді. Жоқтаудан үзінді келтірсек:
Қызықты күнім қалмады,

Жылаған айтып зарымнан.

Көре алмай зар боп айырылдым,

Құдай қосқан жарымнан.

Кейіннен....



Ашпадың , Алла, қабақты,

Қылмадың қабыл тілекті.

Өле алмай шыдап отырмын-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет