Ұрпақ бойында ұлттық ұғымдарды сіңіру үшін, біз оқушыға өткен тарихымызды танытуымыз тиіс


Функционалдық сауаттылықты дамытуда формативті бағалау барысы



бет2/3
Дата07.12.2022
өлшемі23,55 Kb.
#55496
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Ұрпақ бойында ұлттық ұғымдарды сіңіру үшін

Функционалдық сауаттылықты дамытуда формативті бағалау барысы
Түсініп тыңдау деңгейде жан - жақты жүргізіліп, естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Шағын әңгіме, үзінді, мақала мазмұндары оқылып, түсініп тыңдау мәтінді екі рет тыңдау арқылы екі - үш сөйлеммен мәтіннің мазмұнын айту жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс барысында сипаттама беру, мәтін бойынша жоспар құру, сұрақ коя білу сынды жұмыстар тіл дамыту жұмыстарына негіз бола алады. Оқушылар өздері оқығандары мен тыңдағандарының ішінен оқиғаларды және фактілерді тауып, соған өздерінің көзқарасын қысқаша айтып берулері тиіс. Олар өз пікірін айту үшін мәтінді жоспар жазбаларын пайдалануына болады.
Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек.Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда форматив бағалау үдерісінің едәуір дамуына және оны оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» атты модулді жиі қолдану оқушылардың білім алуында алға жылжуға септігі тигізеді. Сабақтарда осы модулді ауқымды түрде колдансаңыз, нәтижесінде оқушылардың оқуға ынталары арттып және білім алуға қызығушылықтары оянады.
Бағалау модулінің тағы бір ерекшелігі,оқушылардың оқуға ынтасын арттыру мен қатар оқушыларды өздерін бағалауға үйрету болды. Мұғалім стикерді пайдалану арқылы формативті бағалауды жүргізуі натижесінде оқушылардың ынталары едәуір арта бастайды. Ең алдымен оқушыларды ынталандыру үшін ынталандыру сөздерін қолдану керек.
Сабақ барысында оқушы берген жауапқа «Керемет»деген сөз жазылған стикер берсеніз, ол оқушының ынтасының артқаны байқалды. Сол оқушы келесі сұрақтарға жауап беруде белсенділік танытады. Оқушыларды формативті бағалау барысында әр түрлі стикерлерге «Жарайсың», «Өте жақсы», «Құнды идея», «Керемет» деген сөздерді пайдалану арқылы оқушылардың ынталарын арттыруға болады.
1.Оқушыларға бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу
2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;
3. Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;

4. Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;


5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету ;
6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы;
7. Оқушының әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы;
8. Қазақ халқының салт - дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеуге баулу;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет