Лекция. Буылтық құрттар типі Annelida



бет1/12
Дата04.10.2022
өлшемі0,92 Mb.
#41231
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
№4 Лекция. Буылтық құрттар типі


4 Лекция. Буылтық құрттар типі - Annelida

Аннелидтер (латынша «annulus» - сақина) немесе буылтық құрттар типі - жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты жануарлар. Бұлардың денесі кезектесіп қайталанып келетін сегменттерден немесе метамерлерден құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом қуысы бар. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы. Целомның қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған.


Ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен құралған. Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған.
Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Личинкасы трохофора.
Буылтық құрттардың денесі дорза-вентральды бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше миллиметрден 2,5 метрге дейін.
Буылтық қүрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 9000-ға жуық түрлері белгілі.
Буылтық құрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер -Aclitellata және белдеулілер – Clitellata.
Белдеусіздер тип тармағы - Aclitellata
Белдеусіздер тип тармағына - теңіздерде тіршілік ететін, дара жынысты, жыныс сегменттерінде белдеулері болмайтын, дамуында трохофора деп аталатын личинкасы бар құрттар жатады. Бұларға бір класс жатады - көпқылтандылар – Polychaeta.
Көпқылтандылар класы - Polychaeta
Полихеттердің 5000-нан астам түрі бар, көпшілігі теңіздерде тіршілік етеді. Денелерінің ұзындығы бірнеше миллиметрден үш метрге дейін (Eunice gigantea). Басым көпшілігі жүзіп, ал кейбіреулер бекініп немесе топырақты қазып тіршілік етеді, «үйшіктер», түтікшелер жасайды. Паразиттік тіршілік ететін түрлері де кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет