Ұрпақпен өмір жолы жалғанады, Көңілді күндер тусын алдан әлі



Дата16.02.2023
өлшемі15,58 Kb.
#68292
Байланысты:
Биле


«Биле, биле» би байқауы
Жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.
Армысыздар, бармысыздар, өнер сүйер қауым! Ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі 8 - 10 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Биле, биле» атты би байқауына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:


Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Бүгінгі қатысушыларымыз билейтін билерінің жанрларын алдын ала ұйымдастырушылардан алған болатын. Сол түскен жанр бойынша билерін орындайтын болады. Атап айтар болсам,
1. 9В орыс биі
2. 9А корей биі
3. 9 Б түрік биі
4. 9 Ә испан биі
5. 9 Г үнді биі

Жүргізуші:


Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Биіңе сенің бағасын қояр төрелерді,
Сайлап алып, жалғастырсақ қайтеді,- дей келе бүгінгі байқауда мың бұрала билерін ортаға салатын қатысушыларымызға өз төрелігін беретін әділқазылар алқасын таныстырып өтейі
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сасанова Р.
2. Мектебіміздің психологі Райымкулова А.

Жүргізуші:


Биле, биле өнерпаз
Біз тәнтіміз биіңе.
Таңқалдырып журиді,
Көрсет, кәне, мереке
Олай болса, қазағымыздың ұлттық биін орындау үшін____ оқушыларын қошеметтеп, құрметтеп, сонымен шапалақты аямай соғып қарсы алайық.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.

Жүргізуші:


Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
___сынып шықсын ортаға.
Бүгін биші атанбақ.
Келесі сайыскерлеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.

Жүргізуші:


Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- дей келе келесі _________ биін орындау үшін ______________________ бишілерімізді ортаға шақырайық.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.

Жүргізуші:


Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық, қанеки, тартынбастан – деп ___________биін орындау үшін_____________ бишілерінің өнерін тамашалайық.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.

Жүргізуші:


Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – дей келе, ___________биін орындау үшін_____________ келесі бишілерімізді ортаға шақырамыз.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.

Жүргізуші:


«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» - деп ақындарымыз жырлағандай, ортаға соңғы қатысушыларымызды ___________биін орындау үшін_____________ ортаға қошеметтеп шақырамыз.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.

Жүргізуші:


Рахмет! Бүгінгі байқауға белсене қатысқан оқушыларымызға алғыс білдіреміз. Әділқазыларымыз ойлана бергенше, би -дискотека
Жүргізуші:
Балалықтың өткізіп балдәуренін,
Тілейміз бақыт, шаттық, қуаныш - дей келе, осымен «Биле, биле» атты байқауымызды аяқтаймыз. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Көріскенше күн жақсы!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет