мерекелік
отшашу
«Достық» алаңында тараздық жұртшылық Жаңа
жылдық мерекелік кештің куәсі болды.
Баға бағаны неге тұрақсыз?
Есеп тыңдалып,
олқылықтар ескерілді
Жаңа жылдың алғашқы күндері-ақ облыс орталығындағы әлеуметтік саланың
күнделікті қолданысындағы қоғамдық көліктердегі жол жүру құны – 60 теңгеге бір-ақ
көтерілді.
Жыл соңында «Нұр Отан»
партиясы облыстық филиалында
Саяси кеңесі Бюросының
кеңейтілген отырысы өтті.
қала-қарбалас
2
// «ЖАмБыл - ТАрАз» // №1 (1236), 7 қАңТАр 2015 Жыл
Шынболат Биділдаұлы
Бұл мерекені тойлау үшін орталық алаңға
қала тұрғындары мен қонақтары көптеп
жиналды. Алаң ортасындағы қаланың бас
шыршасы көздің жауын аларлықтай әсем
безендірілген. Оның айналасы мерекелік
көтеріңкі көңіл-күймен жүрген думаншыл
халыққа лық толы.
Кеште облыс және қала тұрғындарын
келе жатқан Жаңа 2015 жылмен құттықтау
үшін, сөзді Жамбыл облысының әкімі
Кәрім Көкірекбаев алды. Облыс басшы-
сы мерекелік құттықтау сөзінде «Өткен
2014 Жылқы жылы облыс және қала үшін
мерекелі, берекелі, табысты, жеңісті жыл
болды деп санаймын. Келе жатқан 2015 жыл
бұл қой жылы. «қойдың сүті - қорғасын»
демекші, еншімізге жазылғалы тұрған жыл
- жайлы жыл болмақ. Сол себептен, қой
жылы - той жылы болып, әр шаңырақ, әр от-
ауда мереке үзілмесін! Және облысымыздың
әр тұрғынының дені сау болып, абыройы
асқақтап молшылыққа кенеле берсін!» деген
тілек білдірді.
Одан әрі мерекелік кеш көңілді
сахналандырылған шоуға ұласты. Ортаға
ызғары мен боранын ілестіріп, қуанышы
мен сыйлықтарын арқалап, Жаңа жылдың
басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақар келді.
Аяз ата келе салып, жиналған көпшілік
қауымға ізгі ниетін жолдап, батасын берді.
Келер жыл елімізде «қой үстінде бозторғай
жұмыртқалаған заман болсын, Халқымыз
аман болсын!» деп, оны Ақшақар да қолдай
түсті. мұнан соң, Аяз ата мен Ақшақар
керемет сөздің жүйесін келтіріп, Тараз
қаласының жыл сайын тіпті, күн сайын
көркейіп, өсіп-өркендеп келе жатқанын
сөздеріне тиек етті. Сонымен қатар, қалада
заман талабына сай ықшам аудандар, за-
манауи ауруханалар, көптеген әлеуметтік
нысандар бой көтеріп, халық саны 2013
жылы 343 мың болса, 2014 жылы 356 мыңға
көбейгенін зор қуанышпен жеткізді. Осын-
дай жүйелі сөзді керемет әспеттей білген
Аяз ата мен Ақшақар жетістікке толы, өтіп
бара жатқан Жылқы мен жаңа қой жы-
лын ортаға шақырды. Ойқастаған Жылқы
орайы келген орамды сөзді жалғастыра
келе, ел мен жер байлығын сақтағанын,
адалдық пен алғырлықты жақтағанын айтып
марқайды. Және барша халыққа молшылық,
бақыт әкелгенін қуанышпен айта отырып,
жаңа қой жылына лебізін білдірді. Сол
сәт кідірместен қой жылы аманатқа адал
болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы
асылзат ЖұМаБай
Бұл жылдың қорытынды жиынына партия
облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері,
партия қалалық және аудандық филиалдарының
төрағалары мен бірінші орынбасарлары, партия
облыстық филиалы Партиялық бақылау комис-
сиясы мен Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі
қоғамдық кеңестің мүшелері, облыс әкімдігі
басқармаларының басшылары, һәм БАқ өкілдері
қатысты. Бюро отырысын облыс әкімі, «Нұр Отан»
партиясы облыстық филиалының төрағасы Кәрім
Көкірекбаев жүргізіп отырды. Аталмыш кездесудің
күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі – «Нұр
Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының
төрағасы Нұржан Кәлендеровтің «Нұр Отан» пар-
тиясы саяси Доктринасының «қуатты экономика»
басымдығы мен қр Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауынан
туындайтын міндеттерді орындауға байланысты
жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Жоғарыда аталған баяндаманы талқылауға партия
облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, облыс
әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков,
облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшы-
сы, рахия Тұрмағанбетова, партия Талас аудандық
филиалының төрағасы, аудан әкімі Болат рысмен-
диевтер шықты. Партия облыстық филиалының
төрағасы баяндамаға қатысты туындаған сұрақтар
қойып, тиісінше жауаптар алды. Бюро отырысының
күн тәртібіне енгізілген мәселелер толық қаралып,
қаулы қабылданды.
арсен БайЗаҚ
Дегенмен, әр нәрсеге бір
себеп негіз болары анық.
Өйткені, өткен жылдың
екінші жартыжылдығында
қоғамдық көліктерде жол жүру
бағасын көтеру мәселесі күн
тәртібінен түспей келген-ді.
мамандардың пікірінше,
соңғы баға осыдан төрт
жыл бұрын бекітілген
екен. Алайда, жыл басында
жанар-жағар майдың бағасы
түскендіктен, тұрғындар
қоғамдық көліктердегі
жолкіренің көтерілуі негізсіз
деген де ой айтады. қалай
дегенде де, 2014 жылдың 8
жетоқсанындағы №1145 Тараз
қаласы әкімінің қаулысымен
Тараз қаласындағы жолау-
шылар мен багажды автомо-
бильмен тұрақты тасымалдауда жол жүру тарифі 60
теңге болып бекітілді. Сөйтіп, 3 қаңтардан бастап жол
ақысы қымбаттады. Жол жүру құны бірден 15 теңгеге
көтерілді. Оның қатарында бастауыш және жоғарғы сы-
нып оқушыларына (1-11 сынып) - 30 теңге, оқушылардың
айлық бірыңғай жүру билеті – 900 теңге, жоғары және
арнайы орта оқу орындарының студенттеріне – 55 теңге
болып анықталды. Бұл жерде жергілікті билік өкілдері об-
лыс орталығындағы автопарк өкілдері соңғы екі жылдың
көлемінде қоғамдық көлікте бағаны көтеру мәселесін
ұсынып келгенін жасырмады. Бұл жайға түсінік берген
Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Балабек Нарба-
ев: «Жалпы, автопарк өкілдері бізден тарифті 70 теңгеге
көтеруді сұраған болатын. Бұл айтыс-тартыстан соң,
яғни көпшілік тыңдаудан кейін 60 теңге болып бекітілді.
Сөйтіп, өткен жылдың қыркүйек айының соңындағы
мәслихат сессиясында 60 теңгеге келісім бердік. Ол
мәслихаттың шешімі болды. Ал, жалпы осыдан төрт
жыл бұрын осыған дейін қолданыста болған бағаны
бекіткенде, бензиннің бағасы мүлдем басқа етін» деді.
Дегенмен, қоғамдық көліктерде тегін жүруге төмендегі
санаттағы тұлғалардың құқығы сақталып қалыпты. Олар:
- Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектері;
- I топ мүгедектердің барлығына;
- II топтағы зағип мүгедектер;
- Көп балалы аналар: «Алтын алқа», «Күміс алқа»,
«Батыр ана», «I-ші дәрежелі Даңқты аналар», «II-ші
дәрежелі Даңқты аналар»;
- Жамбыл облысының және Тараз қаласының
құрметті азаматтары, облыс және қалалық ардагерлер
кеңесінің мүшелері;
- Ауған соғысының, Чернобыль Атом электростанци-
ясы апатын жоюға қатысушылары мен мүгедектері және
олардың жесірлері.
60 теңге
болуға ант етті. Содан соң, Жаңа жылдың
нышанын өз еншісіне зор сеніммен алды.
Аяз ата мен Ақшақар тараздықтарға келер
жыл барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға
жол ашып, тыныштық пен құт-берекеге,
мол табыстар мен жетістіктерге толы,
жайма-шуақ жыл болуын және мәңгілік
еліміздің келбеті сәнді, еңбегі мәнді бол-
сын деген ыстық ықыластарын жеткізді.
мерекелік кеш одан әрі өңірімізге таны-
мал өнер жұлдыздарының ән-шашуымен
жалғасты. Концерттік бағдарламаның соңы
арнайы дайындалған мерекелік отшашумен
аяқталды.
Облыс әкімі К.Көкірекбаев Жаңа жылмен құттықтады Суретті түсірген В.Алсуфьев
қала-қарбалас
3
// «ЖАмБыл - ТАрАз» // №1 (1236), 7 қАңТАр 2015 Жыл
Бүгінгі күні 9105 тараздық «Отау» ТВ қызметіне жүгініп отыр. Алайда, мамандардың пікірінше,
отандық телеарналардың таралымына сеп болып отырған бұл қызметті алушылардың қатары әлі де
болса аз көрінеді.
ҚаншалыҚты Қолжетімді?
Жаңа билеттер тапсырылды
Ерман ӘБдиЕв
Өткен жылдың соңында облыс әкімі
жанындағы БАқ жөніндегі қоғамдық кеңестің
соңғы отырысы өтіп, онда күн тәртібіне бірнеше
мәселелер шығарылып, жиынды облыс әкімдігі
ішкі саясат басқармасының басшысы рахия
Тұрмаханбетова жүргізіп отырды. Ал, жиынға
облыс, қала, аудандық басылымдардың бас
редакторлары және республикалық БАқ-
тардың аймақтағы меншікті тілшілері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойын-
ша «қазтелерадио» Ақ Жамбыл облыстық
радиотелехабартарату дирекциясының бас
маманы Антон Серегин хабарлама жаса-
ды. Оның айтуынша, бүгінгі күні елімізде
«Отау» ТВ спутниктік хабар тарату қызметіне
жүгінген абоненттердің саны 700 мыңға жетіп
жығылыпты. Ал, өткен жылдың 15 қарашасына
дейін аймақтағы абоненттердің саны 48 562-
ге жеткен. Бұл аталған жүйе іске қосылған
соңғы үш жылда жоғарыдағы көрсеткіш
«жаман» емес көрінеді. Дегенмен, спутниктік
хабар тарату жүйесінің қызметіне жүгінуші
жамбылдықтардың санын әлі де көтеру – күн
тәртібінде тұр. Сондай-ақ, 2011-2013 жылдар
аралығында әлеуметтік аз қамтамсыз етілген
ортаны осы жүйемен қамту мақсатында
облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 493
азаматқа спутник орнатылып беріпті. 2014
жылдың мамыр айында Ұлттық сандық теле-
арнаны Жамбыл облысында тарату аймағын
2014-2016 жылдары кеңейту мақсатында
бірнеше меморандумдарға қол қойылған. Оның
қатарында мемлекеттік мекемелер, орта білім
беретін мектептер, балалар үйі, қонақ үйлер,
аурухана мен емханаларда Ұлттық сандық
хабар тарату жүйесін іске қосу міндетелген.
Бүгінде өңірдегі 759 білім беру нысандарының
18-не, 57 денсаулық сақтау нысандарының 31-
не ғана Ұлттық оператордың жүйесі қосылған.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын
болады дейді маман.
- Әрине, «Отау» ТВ спутниктік жүйесін
қосатын аймақта бірнеше опертор бар. Бірақ
баға орта. Бүгінде әрбір ынта танытқан азамат
25 мың теңгеге Ұлттық сандық оператордың
қызметін орната алады, - деді Антон Серегин.
Осы жерде әңгімеге араласқан Тараз қаласы
әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Кен-
жебек Олжабай облыс орталығында әлеуметтік
аз қамтамасыз етілген ортаға спутникті тегін
орнатып беру мақсатында қала қазынасынан
қаржы бөлініп отырғандығын алға тартты.
Жиынды жүргізіп отырған рахия Сейтібекқызы
бұл мақсаттағы жұмыстар аудандарда және
білім, денсаулық сақтау басқармаларында
да жүзеге асуы керектігін баса айтты. Ал,
күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша
облыстық «Арай» жастар газетінің бас редак-
торы Гүлнұр Ембердиева басылымның 2014
жылы атқарылған жұмыстарына есеп берді.
Оның қатарында мемлекеттік тапсырыстың
орындалу барысы, газеттің бүгінгі тыныс-
тіршілігі сөз болды. Сондай-ақ, соңғы мәселе
бойынша Жамбыл облысы әкімдігі жастар
саясаты мәселелері басқармасының қаржы
және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Серік
Әлібеков басқарманың аймақтағы басылым-
дармен бірге жүргізген жұмысын баяндады.
Онда, әрине, мемлекеттік жастар саясатын
облыс жұртшылығы мен жастар арасында на-
сихаттауда БАқ-тың орны ерекше екендігіне
тоқталған бөлім басшысы алдағы жұмыс жоспа-
рымен де бөлісті. Ал, жиынды қорытындылаған
рахия Сейітбекқызы көпшілікті Жаңа жылмен
құттықтап, қоғамдық кеңес мүшелеріне алдағы
жылы бекітілген жұмыс жоспары бойынша
жұмыс жүргізуді міндеттеді.
Көпшілік
сенім артқан
басылым
Астаналық
сарапшылар
аймақтағы мерзімдік
басылымдардың арасында
қалалық «Жамбыл-Тараз»
газетінің өзіндік орны бар
басылым екендігін анықтап
берді.
арсен Байзақ
Астана қаласындағы «Исследовательский
институт «Общественное мнение» ЖШС
жыл басынан бергі аралықта облыс әкімдігі
ішкі саясат басқармасының тапсырысымен
«Аумақтардағы бұқаралық ақпарат
құралдарының қажеттілік деңгейін анықтауға
бағытталған кешенді әлеуметтік зерттеу»,
«Облыстағы этносаралық ахуалдың жағдайы
мен динамикалық факторларын зерттеу»,
«мемлекеттік қызмет көрсету сапасын
зерттеу» тақырыптары бойынша кешенді
әлеуметтік зерттеу жүргізген болатын. Аталған
мекеме өткен жылдың соңында «Нұр Отан»
партиясы облыстық филиалының мәжіліс
залында өткен семинарда БАқ қажеттілігі,
этносаралық және конфессияаралық қарым-
қатынасты бағалауға, мемлекеттік қызметтің
сапасын анықтауға бағытталған әлеуметтік
зерттеулердің қорытындыларын жариялады.
Астаналық өкіл, әлеуметтану магистрі
Айнұр мәжитова басқосуға жиналған облыс
әкімдігі басқармалары, Тараз қаласы мен
аудан әкімдіктері ішкі саясат бөлімдері және
облыстағы қазақстан халқы Ассамблеясы мен
аумақтық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері
алдында жасаған хабарламасында әлеуметтік
зерттеу нысандары бойынша облыстағы
қалыптасып отырған жағдайды баяндап берді.
Ол әлеуметтік зерттеуге облыстың қалалары
мен ауылдық елді мекендерінде тұратын,
жасы 18-ден асқан әрқилы ұлттың өкілдері
құрайтын, білім деңгейі мен мамандықтары
әркелкі мың респонденттің арасында тоқсан
сайын жүргізілген әлеуметтік сауалнама
қорытындыларын негіз етіп алынғандығын,
ақпарат жинаудағы және іріктеудегі қолданылған
әдістердің әлемдік стандарт талаптарына толық
сәйкес келетіндігін жеткізді. Оның айтуынша,
респонденттерге «қазақстан мен облыста
болған қоғамдық-саяси оқиғалар туралы
ақпаратты қандай бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы алғанды жөн санайсыз?» деген сауалға,
сауалнамаға тартылған оқырмандардың 38
пайыздан астамы қажетті ақпаратты облыстық
және қалалық газеттерден алатындығын айтып,
жауап қайтарған. Ал сол оқырмандардың 13
пайызға жуығы өздерінің облыстық «Ақ жол»
газетінің тұрақты оқырманы екендігін атап
көрсеткен. Егер өңірде таралатын мемлекеттік
бұқаралық ақпарат құралдары арасында таралым
саны ең көп «Ақ жол» газетінде 12,4 пайызға,
Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінде –
6,2 пайызға, «Арай» газеті – 4,7 пайызға тең
екендігін ескерсек, облыс орталығындағы он
мыңға жуық оқырманы бар «Жамбыл-Тараз»
газетінің қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі
ауқымды екендігін байқауға болады. Сондай-
ақ, әлеуметтік зерттеу барысында тек газет-
журнал оқырмандары арасында жүргізілген
сауалнамаға қатысушылардың 70 пайыздан
астамы өздеріне тиімді болғандықтан, мерзімдік
басылымдарды жаздыртып алатындығын, 25
пайызға жуығы газет киоскілерінің, ал 5 пайызға
жетер-жетпес бөлігі газет таратушылардың
қызметіне жүгінетіндігі белгілі болған.
респонденттердің дені аумақтық мәні бар
басылымдардың арасынан облыстық «Ақ жол»,
Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз», облыстық
«Арай», сондай-ақ аудандық газеттер – «Шу
өңірі», «Кордайский маяк», «Жаңа өмір», «меркі
тынысы» сияқты газеттерде жарияланған
ақпараттарға анағұрлым сенім артатындығын
білдірген. Сауалнамаға қатысушылардың
басым көпшілігі облыстағы бұқаралық ақпарат
құралдарының жұртшылыққа қоғамдық-
саяси сипаттағы ақпараттарды жеткізуде,
қоғамдық пікір қалыптастыруда үлкен рөл
атқаратындығын атап көрсеткен. Бүгінгі
күні өзекті мәселелердің бірі – мемлекеттік
органдардың қызмет көрсету сапасы. Әлеуметтік
зерттеудің мақсаты - органдардың қызмет
көрсету сапасын анықтау. зерттеу қорытындысы
бойынша респонденттердің 82,2 пайызы қажетті
мемлекеттік қызметті алғандығын көрсетсе, 17,8
пайызы қызметті қолданбағандығын білдірген.
Олардың мемлекеттік қызметті қолданбау
себебі туындамаған. респонденттердің 94,2
пайызы өздеріне қажетті мемлекеттік қызметті
бекітілген уақытта алғандығын білдірсе, 95,4
пайызы қызметтің сапасы мен ақпараттылығына
қол жетімділігін жеткізген.
Тұрсынбек СұлТаНБЕКОв
Филиалдың ұйымдастыруымен «қазақстан
Журналистер одағына» мүшелікке өткісі
келетін бұқаралық ақпарат құралдарының
қызметкерлері мен қоғамдық автор-тілшілердің
ұсыныстарын қабылдау ісі де жолға қойылды.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыстық
«Ақ жол» газетінің редакциясында тиісті
талап тұрғысынан көрінген осындай тоғыз
әріптесімізге «қазақстан Журналистер
одағының» куәліктері салтанатты түрде та-
быс етілді.
Басқосуды басылымның бас редакторы,
«қазақстан Журналистер одағы» қоғамдық
бірлестігі облыстық филиалының төрағасы
Көсемәлі Сәттібайұлы ашып, құттықтау сөз
сөйледі.
- Облыстық филиалдың құрамын жаңадан
жасақтап, жұмысын жандандырып жатырмыз.
Жаңа жыл мерекесі алдындағы бүгінгі қуаныш
Жаңа құраммен іске кіріскен «қазақстан Журналистер
одағы» қоғамдық бірлестігінің
облыстық филиалы аз
уақыт ішінде журналистер қауымы жиі-жиі бас қосатын
орталыққа айналып үлгерді.
- осы сөзіміздің дәлелі. Өңірдегі
біздің филиал арқылы куәлікке
қол жеткізген сіздер алғашқы
қарлығашсыздар. Алдағы уақытта
қатарымыз бұдан да толыға түсетін
болады. Баршаңызды «қазақстан
Журналистер одағының» мүшесі
атануларыңызбен және Жаңа жыл
мерекесімен құттықтаймын, -деді
Көсемәлі Сәттібайұлы.
Жаңа куәлікке ие болғандар
қатарында облыстық «Ақ жол»
газеті бас редакторының орын-
басары Фариза Әбдікерімова, «қарахан»
журналының редакторы Сәмен құлбарақ,
Жамбыл аудандық «Шұғыла» газеті бас
редакторының орынбасары Байтанағали
Төлентаев, осы газеттің бөлім меңгерушісі
Дүйсенбек Орманов, «Балалық шақ-Детство»
газетінің бас редакторы Гүлнәр Есмахано-
ва бар. Ал қазақ радиосының облыстағы
меншікті тілшісі Бақытжан Советұлы, Жамбыл
аудандық «Шұғыла» газетінің бас редакторы
Сансызбай махамбетқұлов, қордай аудандық
мұражайының жауапты қызметкері Дүкенбай
Сегізбаев, дәрігер Сейтқасым Тәжбенов ескі
куәліктерін жаңалағандар қатарында.
Басқосуда Сәмен құлбарақ, Сейтқасым
Тәжбенов, Гүлнәр Есмаханова сөз алып,
о бл ы с т ы қ ф и л и а л д ы ң ж ұ м ы с ы н а
ризашылықтарын білдірді.