Эссе жазудың талаптары мен құрылымы кіріктірілген білім беру
бағдарламасы бойынша 8,10 сыныптарда қалыптасқан жазылым дағдыларына сүйене
отырып, эссе жазу қалыптастырылады.
Жазылым - тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген;
лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты
тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі
қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет
Эссенің мақсаты: Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық
ойлау дағдыларын дамыту.Оқушы өз мүмкіндігін басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен
атауын таңдайды. Эссе жазу оқушыны өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді,
ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп – салдар
байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің
ғылыми стилін үйренуге баулиды. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты
баяндалады. Эссе жазу бұл – дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген, сұраққа жауап
немесе тақырыпты ашу болып табылады. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысу, эсседе сөз
тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет. Эсседе барлық жазба
жұмыстардағыдай ішкі логика болуы тиіс. Эссе — бұл қандай да болмасын мәселе
бойынша ойланып-толғану. Эссе — бұл өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс,
сондықтан цитаттың аз болғаны дұрыс.
Эссенің жазылу жоспары: - Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)
- Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);
- Қорытынды (эссенің 10 % көлемі);
Кіріспе – тақырыпты таңдау себебі және мәні, логикалық және стилистикалық
байланысқан бірқатар құрылымдардан тұрады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында жауап
іздеген сұрақты дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын
дәлелдердің реттілігі қажет. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап
көмектесуі мүмкін:
«Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма?» ,
т.б.
Негізгі бөлім – таңдаған мәселе және негізгі сұрақты қарау теориялық және практикалық
негіздерін қамтиды. Осы бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен
қатар, бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа дәлелдер мен ұстанымдардың
негіздеу қажет.
Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан маңыздысы тақырыпшалар, олардың
негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе ой
толғаулар) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет. Қажет
болған жерде талдаудың құралы ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өз
тәжірибеісін де пайдалануға болады.
Қорытынды – тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені
қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да
анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу,
цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытынды эссені толықтыратын өте маңызды элементті ұстауы
мүмкін, басқа мәселелермен байланысын жоққа шығармай, зерттеудің (импликация)
қолдануына сілтеме сияқты. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не
деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы,
оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.