Меbendazolum - мебендазол (Б): 0,1 таб. - гельминтке қарсы спектрі кең, тиімділігі жоғары, энтеробиозда, трихоцефалезда, аскаридозда, анкилостомидозда, стронгилоидозда, ішек цестодозда, трематодозда, аралас инвазияда қолданылады. Энтеробиозда тек қана 1 таб., ал қалған жағдайда 1 таб. күніне 2 рет 3 күн бойына қолданылады. Аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.
Медамин - мебендазолға ұқсас, ішек нематодозында қолданылады.
Ругаntelum - пирантел (Б): 0,25 таб.; 5% 15 мл (3 ас қасық); 3 таб. таңертең 1 рет. Аскаридозда, энтеробиозда, анкилостомидозда, трихоцефалезда (сирек) тиімді. Жанама әсері: диспепсия, бас ауыруы, бас айналуы байқалуы мүмкін.
Пирвиний памоаты - энтеробиозда тиімді. Дитиазанин - трихоцефалез бен стронгилоидозда тиімді. Дифезил - тек трихоцефалезде қолданылады.
Барлық нематодқа қарсы дәрілерді жатырдың біріңғай салалы бұлшық ет тонусын жоғарылатуына байланысты жүктілікте қолдануға болмайды, ал қанға сіңірілгеннен кейін тератогенді әсер көрсетеді.
2. Цестодоздарда қолданылатын дәрілер.
Цестодоздарга тениоз (қоздырғышы қарулы (шошқа) таспа құрт), тениаринхоз (қоздырғышы қарусыз (өгіз) таспа құрт), дифиллоботриоз (қоздырғышы жалпақ құрт) және гименолепидоз (қоздырғышы ергежейлі таспа құрт).
Цестодоздарды емдеу үшін: фенасал (йомесан, никлозамид), аминоакрихин, празиквантель (азинокс, билтрицид) қолданылады.
Әсер ету механизмі: құрттардың жүйке-бұлшық ет жүйесін уақытша әлсіреуіне алып келеді.
Рһеnasalum - фенасал (Б): 0,25 таб,- таңертең аш қарынға бірден 8-12 таб. қабылдайды. Науқасқа көмірсу диетасын белгілеп, кешке тек шай мен жеміс шырындарын қабылдап, ал түнде клизма койылады.
Жанама әсері: жүрек айну, аллергиялық реакциялар, нейродерматиттің асқынуы байқалуы мүмкін.
Фенасал тениаринхозда, дифиллоботриозда, гименолепидозда қолданылады. Тениозда аз қолданылады, себебі цистицеркоз пайда болу қауіпі бар. Тениозды фенасал препаратымен емдеуде міндетті түрде қоса іш жүргізетін дәрілер белгіленеді.