Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер Гельминтоз - құрттардың ағзаға еніп зақымдауы, көбінесе балалар арасында кең тараған. Құрттар балалар ағзасында токсиндер бөледі. Гельминттердің 3 түрі бар: нематодтар (жұмыр құрттар), цестодтар (таспа құрттар), трематодтар (жалпак құрттар). Гельминттер ішекті зақымдап, ішек гельминтозын шақырады және ішектен тыс (бауыр, өт, өкпе, бас миын, тері, қан және лимфатикалық тамырлар) зақымдап, ішектен тыс гельминтоз шақыруы мүмкін. Ішек гельминтозының клиникалық белгілері біріңғай: АІЖ қызметінің бұзылуы, жүйке жүйесінің бұзылуы, аллергиялық реакциялар, анемия. Препаратты таңдау копроовоскопиялық зерттеу нәтижесіне қарай белгіленеді. Қазіргі кезде клиникалық тәжірибеде көптеген дәрілер еңгізілген, олардың спектрі кең және тиімді болып келеді.
1. Нематодоздарда қолданылатын дәрілер. Нематодоздарға: аскаридоз (қоздырғышы аскарида (жылан құрт)), энтеробиоз (қоздырғышы бәсір), трихоцефалез (қоздырғышы власоглав), анкилостомидоз (қасық бас қоздырғышы), стронгилоидоз (қоздырғышы ішек кенелер). Нематодоздарды емдеу үшін: пиперазин, нафтамон (алькопар), левамизол (декарис), мебендазол (вермокс), медамин, пирантел (комбантрин, немоцид), пирвиний (ванквин), дитиазанин (тельмид), дифезилқолданылады.
Қазіргі кездегі нематодтарға қарсы дәрілердің улылығы төмен, АІЖ нашар сіңіріліп, арнайы диетаны қажет етпейді және іш жүргізетін дәрілер (препараттардың іш жүргізетін әсері бар) белгіленбейді, емдеу ұзақтығы 1-3 күн. Әсер ету механизмі құрттардың жүйке-бұлшық ет жүйесінің қызметін бұзып, құрттарда глюкозаның сіңірілуін қайтымсыз бұзады. Аскаридозда, энтеробиозда; трихоцефалезда; тениозда; анкилостомидозда қолданылады.
Рірегаzіпі аdіріпаs - пиперазин адипинаты: 0,5 таб.; 3-4таб. тәулігіне 2 рет (тамақтан 1 сағ. алдын немесе тамақтан 1 сағ. кейін); аскаридозда 2 тәулік; энтеробиозда 5 тәулік бойына қолданады. I апта үзіліспен 2-3 курс өткізеді.
Жанама әсері: жүрек айну, іш тұсының ауыруы, бас ауыру, бұлшық ет әлсіздігі және діріл байқалуы мүмкін.
ОЖЖ-ң органикалық зақымдалуында қолдануға болмайды. Нафтамон - (5,0 ұнтақты қант сиропында немесе 0,5 ішекте еритін 10 таб. таңғы астан 2 сағ. алдын) аскаридозда, энтеробиозда, трихоцефалезда және анкилостомидозда (стационарда) қолданылады.
Левамизол - 0,15 - 1 таб. ұйықтар алдында (1 аптадан кейін кайталау) аскаридозда, анкилостомидозда және стронгилоидозда қолданылады. Левамизолдың иммуностимуляторлық әсері бар.