Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер



бет3/3
Дата04.05.2023
өлшемі16,21 Kb.
#89848
1   2   3
Байланысты:
фарм

Аминоакрихин - улы, гименолепидозда қолданылады. Цестодоздарға қарсы дәрілермен емдеу стационар жағдайында жүргізіледі.
Ргаziquantel - празиквантель (Б): 0,6 таб. - 2 таб. (1 күн) тәулігіне 3 рет. Са2+ иондары үшін гельминттердің жасуша мембраналарының өткізгіштігін жоғарылатып, құрттардың бұлшық ет жүйесінің спастикалық салдануына алып келеді. Цестодозда, трематодозда және аралас инвазияда қолданылады. Жүрек айну, іш түсының ауыруы, бас ауыруы мүмкін. Цестодозды емдеу үшін мебендазол мен асқабақ дәндері қолданылады.
3. Ішектен тыс гельминтоздарда қолданылатын дәрілер.
Ішектен тыс гельминтоздарға трематодтар жатады: фасциолез (коздыргышы бауыр двуусткасы, бауыр, өтті зақымдайды), описторхоз (коздырғышы мысық, немесе сібір двуусткасы, бауыр, ұйқы безін зақымдайды), клонорхоз (қоздырғышы қытай двуусткасы, бауыр, ұйқы безін зақымдайды), шистосомоз (қоздырғышы шистосомдар, қан тамыр, қуық, ішекті зақымдайды). Филярий нематодтары филяриатоз тудырып, қан және лимфатикалық жүйені, тері асты клетчаткасын, көз ұлпаларын зақымдайды, бұл ауру тропикалық және субтропикалық елдерде таралған. Цестодоз таралуы: цистицеркоз (қоздырғышы цистицерк, бұлшық ет, ми, көзді зақымдайды) және эхинококкоз (қоздыргышы эхинококк, бауыр, өкпе, миді зақымдайды). Трематодоздарды емдеу үшін хлоксил және празиквантель қолданылады. Әсер ету механизмі: гельминттердің энергетикалық процестеріне әсер етіп, шистосоматозда (празиквантель), филяриатодозда (дитразин), тениоз, трематодозда (празикванталь).
Сhloxylum - хлоксил (Б): 2,0 ұнтақ; 1/2 стакан сүтпен әр 10 минут сайын (3-5 рет) таңғы астан 1 сағ. соң (2 күн), басқа да емдеу сызбалары бар. 4-6 айдан соң емдеу курсын қайталау қажет. Бауырдың гельминтоздарында: описторхозда, фасциолезда, клонорхозда қолданылады.
Жанама әсері: бауыр көлемінің ұлғаюы, бауыр тұсының ауыруы, протеинурия, жүрек ырғағының өзгеруі, жүрек тұсының ауруы, эозинофилия, аллергиялық реакциялар байқалады.
Жүрек, бауыр ауруларында, жүктілікте қолдануға болмайды.
Празиквантель - улылығы төмен, трематодозда және цестодозда тиімді. Филяриатозда дитразин (0,05 жэне 0,1 таб. тәулігіне 3 рет 10 күн бойына) қолданылады.
Жанама әсері: тері бөртпелері, қышыма, бас ауыру, жөтел, жүрек айну, бауыр мен көк бауырдың көлемі ұлғаюы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет