Рубежка Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсының пәні мен міндеттері. Тарих – адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым. Тарих сөзі көне грек тіліндегі «сұрастыру»


Қазақстан азамат соғысы кезінде. «Әскери коммунизм» саясаты



бет19/22
Дата01.12.2022
өлшемі119,92 Kb.
#54150
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Рубежка аза станны азіргі заман тарихы курсыны п ні мен мінд (1)

24. Қазақстан азамат соғысы кезінде. «Әскери коммунизм» саясаты.
Азамат соғысы – мемлекет iшiндегi халықтың әлеуметтiк күресiнiң ең өткiр формасы, қарсы жақтардың негiзгi мәселелерді шешу және билiк үшiн iшкi күштердiң (азаматтар соғысы) күресi немесе бір ел ішіндегі таптар және әлеуметтік топтар арасындағы мемлекеттік билік үшін қарулы көтерілістің шиеленіскен түрі.Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты. Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — казак атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.

Көтерілістің негізгі себептері




1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 
2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 
3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 
4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 
5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 
6. Орыстандыру саясаты. 

Көтерілістің мақсаты:
Отаршылдық күшпен басып алған жерлерді қазақтарға қайтару
қоқандықтар тепкісіндегі қазақтарды азат ету
тонауды тоқтату, қазақ жеріндегі патша бекіністерін жою,
алым-салық жинауды тоқтату,
қазақ ауылдарындағы жазалаушы отрядтардың бассыздығын тыю
Көтерілістің қорытындысы
1916 жылғы көтеріліс Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары
мен Наурызбай Қасымовтар бастаған көтеріліс жолындағы күрестiң жалғасы едi.. Жеңiлiске ұшырағанына қарамастан 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының ұлттық сана сезiмiнiң ояна түскенiн айқын көрсетті. Отарлық құлдықтың жылдарынан соң қазақтар бiрiншi рет ұлттық мүдделердiң ортақтығын, отарлық экспансияға қарсы тұруға қабiлеттi күш екендiгiн сезiндi. Қаруланып қарсы тұрудың барысында билiк құрылымы, басқару аппараты мен қарулы күштер қалыптасты. Қазақ халқының бiрлiгi мен оның этникалық бiр тұтастығы ұлттық мемлекеттiлiктi
қалпына келтiру мақсаты қойылды. Бұл жағдай 1916 жылғы оқиғаларды ұлт-азаттық көтеріліс ретiнде бағалауғамүмкiндiк бередi.

Әскери коммунизм – азамат соғысы жылдарында жүзеге асырылған Кеңес мемлекетiнiң әлеуметтiк-экономикалық саясаты. Ол капиталистiк элементтердi тез арада күшпен ығыстыру арқылы социалистiк қоғамды құру мүмкiндiгiн көздедi.


«Әскери коммунизм» саясаты атанған белгiлi экономикалық саясат елдегi материалдық ресурстардың барынша шектеулiгi кезiнде бұрын соңды болып, шетелдiк соғыс интервенциясы, Азамат соғысы мен оқшаулану жағдайларының аса қажеттiгiнен қалыптасты. Ақшалай жалақының ор нына коммуналдық қызмет, транспорт т.б. үшiн карточкалық «паек» берiлдi. «Әскери коммунизм» саясатының бейнесі– азық-түлiк салғырты болды. Азамат соғысы мен «шаруалар соғысының» апатты салдарлары, осы кезеңге тура келген табиғи апаттар, тиiмсiз экономикалық саясат, ауыл шаруашылығын аса ауыр жағдайға әкеп соқтырды. Соғысқа дейiнгi уақытпен салыстырғанда жыртылатын жер екi еседен аса, жиналған астық үш еседен аса азайды..Ақтардың тарапынан малды үнемi реквизициялау , жұт, мал басының шұғыл кемуiне әкеп соқты. Бұл жылдар iшiнде малдың барлық түрлерiнiң саны 10,5 миллионнан астам басқа кемiдi. Осылайша артық өнімді ғана емес, күнкөрiске қажеттi астықты, тiптi тұқымдық қорды да тәркілеу басталды. Қазақтардың мал шаруашылықты облыстарында шаруаларға ет салғыртымен қоса астық салғырты салынып салықтар жиналды. Бұл мiндеттемелердi орындау үшiн шаруалар малдарын сатып, орнына астық сатып алуға мәжбүр болды. Қалаларда бұрынғыша азық-түлiк тапшылығы сақталды. Ең ауыр салдары – Қазақстандағы 1920 жылғы жаппай аштық болды.
Әскери коммунизм
Азық- түлiк салғырты енгiзiлдi
Жекеше кәсіпорындар мемлекет қарамағына алынды
Өнiмдей айырбас-бөлу жүйесi жүзеге асты
Жалпыға бiрдей еңбек жойылды
Ақшалай жалақы орнына Карточка паек берілді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет