19. Мұхаметжан Тынышбайұлы Алматы обл, Найман тайпасының Садыр руынан шыққан қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері. Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Гимназия директоры Вахушевтың атынан стипендия алып, Петербор теміржол транспорты институтына қабылданады. 1906ж Ресейде тұңғыш Мемл.Думаға шақырылды, осындай тарихи оқиғалардың ортасында жүрген Мұхамеджан саяси күрестің әліппесін үйрене бастады. Мұны жас қайраткер тез меңгерді, ол 1905ж қарашада автономияшылардың бірінші сьезіне қатысып, халқының ауыр жағдайға тап болу себебін және одан құтылудың жөн-жобасын ұсынады. Осындай ашық пікірінен соң патша тыңшылары Мұхамеджанның артынан аңди бастайды. 1907ж екінші Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады, солай ол биік саясатқа көтеріледі, алайда сол Думаны патша қуғындап таратады. 1907ж 3 маусымдағы жарлықта қазақ сынды шет ұлттарды Думаға сайлану құқынан айырады, бұл жағдай қазақ зиялыларының ашу-ызасын тудырған. Осы жағдайдан кейін қайта кәсіби қызметіне кірісіп кетеді. 1917ж желтоқсан айында жарияланған Алаш автономиясы үкіметінің он бес мүшесінің бірі болады. Кеңес үкіметі Алаш зиялыларының іс-әрекеттерін назарда ұстап, 1937–38ж жаппай жазалауға ұшыратты. М.Тынышбаев 1930ж 3 тамызында кеңес билігі тарапынан саяси қуғындауға түсті, ол бес жылға сотталып, Воронежге жер аударылады. Айдауда жүргенінде Москва-Донбас темір жол құрылысында жұмыс істейді. Кейін ауырып, елге оралғанымен 1937ж қараша айында қайта тұтқындалып Ташкент түрмесінде «Халық жауы» деген атпен атылады.1959ж 29-қыркүйегінде Мұхаметжан Тынышбаев
20. «Үж жүз» партиясы және оның көсемі Көлбай Тоғысов. «Үш жүз» партиясы — Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Əйтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Төгісов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» гәзеті, оған Төгісов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Партияда әрдайым идеялық күрес жүрді. 1917 ж. қараша-желтоқсаны күрт тербеліс, шатасқан және қарама-қайшы шешімдер қабылдау кезеңі болды. Оның қызметі екі кезеңнен тұрады. Біріншісі-1917 жылғы қараша мен желтоқсан айын қамтитын ұйымдастыру кезеңі, Қазанның азаттық идеяларының ықпалы арқылы ұсақ-буржуазиялық революциялық-демократиялық ұйым ретінде пайда болды және қалыптасты. Осы кезеңде оның төрағасы М. Әйтпенов болды. Ол түркі-татар халықтарының мүдделерін қорғауды ұсынды. Тарих ғылымдарының докторы В. Григорьевтің мәліметінше, партия саны шамамен 1000 адам болған, оның ішінде Омбы қаласында — 450 адам, Петропавлда — 200 адам. Оның әлеуметтік құрамы: мұғалімдер, оқушылар, фельдшерлер, мекеме қызметкерлері, сондай-ақ ұсақ малшылар, шаруа-егіншілер, бұталар, жұмысшылар өкілдері. Оған феодалдық-бай шыңының кейбір өкілдері уақытша мүше болды.Екінші — ұзақ кезең-қаңтар айынан 1918 жылдың ортасына дейін, бұл кезеңде партия Қ. Төгісовтың басшылығымен кеңес өкіметіне жақындады. "Үш жүз" қазақ социалистік партиясының бағдарламалық тезистері 1917 жылы 24 желтоқсанда "үш жүз"газетінде жарияланды. Жалпы олар шашыраңқы болды, оларда большевиктер партиясының бағдарламасымен сәйкестік аз болды.