«рухани сабақтастық /Әл-фарабиден хакім абайға дейінгі/» ПӘні бойынша ауызша емтихан сұРАҚтарына жауап: 38. М. Х. Дулатидың «Тарих-и Рашиди»


Шортанбай Қанайұлының шығармаларында көрініс тапқан әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар



бет20/46
Дата21.04.2023
өлшемі261,73 Kb.
#85468
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
54. Шортанбай Қанайұлының шығармаларында көрініс тапқан әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар.
Шортанбай Қанайұлының ұлылығы — оның айтқанының заманнан заманға ұласып жатуында. Жыраудың сонау XIX ғасырда жазғандары бүгінгі жəне келер уақытқа дөп келгендей. Сондықтан да халық ақынды қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді.
Шортанбайдың тағы да бір ұтымды жағы: ол халықтың бай ауыз əдебиеті дəстүрінен қол үзбей, өзінің шығармаларында оны əрі молынан, əрі еркін пайдалана білуінде болып отыр. Сондықтан ақын өзінің көзқарасын, яки белгілі бір ұстаған идеясын көпшілікке əрдайым ұтымды жеткізуге ұмтылады, халыққа ұғымды тілмен сөйлеуге тырысады. Кезінде Шортанбай есімінің ел арасына кеңінен тарап кетуі де осыдан болса керек [6].
Қайталап айтсақ, ол əлеуметтік келелі мəселелерге ерекше көңіл бөліп, оларға өз шығармаларынан мол орын берді; заманасының көлеңке жақтарын көре де, тани да біліп, қатты сынға алды; кейбір жеке өлең-толғауларында сатира дəрежесіне көтерілді. Шортанбай өз шығармаларында заманның кескін-келбетін дəл басып, нақты көрінісін жасаған шыншыл ақын ретінде танылды. Өзінің болмыс-бітіміндегі көріпкелдік қасиетінің арқасында бұлыңғыр болашақты айна қатесіз болжай білген əулиелік қасиетімен ерекшеленді. Өлеңдерінің ою-өрнегін қиюластыра білген, мазмұн мен маңызды ұштастыра білген шебер ақын болды.
Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен баланыстырса, екіншісі Яссауи қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға-өсиетке негізделген "Диуани Хикметтен" үзінділер келтіріп, көкеге ой салар сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана емес, одан бергі Түркістандық өнерпаздар.
Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді.
Одан кейін Ақсу-Аюлы бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді төңіректеп, өмір кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет