«рухани сабақтастық /Әл-фарабиден хакім абайға дейінгі/» ПӘні бойынша ауызша емтихан сұРАҚтарына жауап: 38. М. Х. Дулатидың «Тарих-и Рашиди»


Дулат Бабатайұлының шығармаларындағы әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар



бет19/46
Дата21.04.2023
өлшемі261,73 Kb.
#85468
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
Байланысты:
«ðóõàíè ñàáà?òàñòû? ?ë-ôàðàáèäåí õàê³ì àáàé?à äåé³íã³ » Ï?í³ áî 3

53. Дулат Бабатайұлының шығармаларындағы әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар.
Дулат Бабатайұлы өз шығармаларында мейірімділік пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін философиялық тұрғыдан талдап, өз өлеңдерінің арқауы етеді. Ақын шығармашылығындағы негізгі философия – сол замандағы әлеуметтік мәселелерге байланысты туындағын наразылықтар. Дулат Бабатайұлы отарлау саясатының қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, болмысына, өмір сүру салтына кері әсер еткендігіне қынжылады. Халықтың ауыр тұрмысын көре тұра, патша үкіметіне отарлау саясатын жүргізуге көмектескен ел ішіндегі арамза басшыларды өз өлеңдерінде қатты сынға алады.
Отарлау саясатына байланысты орыс шаруаларының қазақ жеріне қоныс аударуы ақынды қатты алаңдатып, әлеуметтік дүниетанымына үлкен әсерін тигізеді. Дулат Бабатайұлын елінің, жерінің және тілінің болашағы қатты алаңдатып, қазақ қоғамының тағдыры қатты қобалжытып, халқы үшін қабырғасы қайысып, өз күйінішін өлеңдерімен жеткізеді.
Дулат - жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Бұл - жыраулықтың төмендігінен, әлсіздігінен емес, заман талабынан туған бетбұрыс. 19 ғасырдағы қазақ поэзиясы үшін енді өлең арқылы ақыл-насихат дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам туралы жалпы философиялық толғаныстар аздық етеді. Еңдігі жердегі поэзиядан нақтылыққа көшіп, заманға ілесіп отыру, жалпы насихаттан гөрі сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге бару талап етіледі. Дулатты кейде, тіпті, жырау деп атағанымен және сырт қарағанда өлең-жырлары 7-8 буынды жыр өлшемімен келгенімен, ол жырау емесақын. Өйткені, құрылымдық және тақырыптық бітімі жағынан Дулаттың өлеңдері бұрынғы жырауларды былай қойғанда, тіпті кешегі Бұхар толғауларынан, одан қалды езімен тұстас ақындардың туындыларынан мүлде өзгеше құрылған дүниелер. 
Дулат Бабатайұлының өлеңдеріндегі философиялық толғаныстарға мән берсек, ол бейбітшілікті, ел ішіндегі тұрақтылықты, молшылықты қалады. Ақын Абылай хан басқарған дәуірді аңсап, оны қазақ халқының басынан өткен «Алтын заман» деп санады. Себебі, Абылай хан үш жүздің басын біріктіріп, жоңғарларды қазақ жерінен қуып, елін, жерін қорғап, халыққа бостандық алып берді деп, оны өз шығармаларында дәріптеп, нағыз басшы ретінде үлгі тұтқан. Шығармаларында осындай ел басына күн туғанда тайсалмай, елін, жерін қорғайтын нағыз батыр азаматтардың тұлғалық қасиеттерін дәріптейді.
Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыздың және шариғат заңдылықтарының бұзылуының себебін Дулат Бабатайұлы қазақ даласына басқа пиғылмен келген басқа дін өкілдерінің келуінен көреді. Қазақ халқының қалыптасып қалған көшпелі болмыс-тіршілігін өлеңдерінде жырлай отырып, жаңадан ене бастаған тұрмыс-салтына қарсы шығады. Қоғам өміріндегі болып жатқан өзгерістерді, кейбір әлеуметтік жағдайларды «Аягөз, қайда барасың?» атты өлеңінде жеткізеді:

«Сауыр жерден айрылып


Қазақ елі жұқарды. 
Сауыр емес, шап болды... 
Заманға сай адамы - 
Қу заманға сұм басшы 
Сорымызға тап болды...» - деп, сол заманды ғана емес, одан кейінгі замандағы қазақ халқының, оның қоғамының күй-қалпын суреттеп отырғандай.

Ақын адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастың бұзылғандығын айта келіп, адамдар азды, балалар ата-аналарын сыйлаудан қалып барады деп қынжылады.


Қорыта айтқанда, Дулат Бабатайұлының философиясы – елді, жерді, халық арасындағы бірлікті сақтап қалу, басқа жұртқа күш көрсетпеу және жас ұрпақты білімді, батыл, әділ, мейірімді, саналы, халқына адал қызмет ететін тұлға болуға шақыру, адамгершілікті, дұрыс тәрбиені насихаттау идеясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет