Руководителю соц



бет26/42
Дата07.05.2023
өлшемі0,93 Mb.
#90889
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
медпрофпатфиз-1контрольно-измерит-каз

352. Аллергиялық әсерленістердің ІІ түрінің дәнекері

  1. оттегінің белсенді радикалдары

  2. лейкотриендер

  3. простагландиндер

  4. гистамин

  5. эозинофилдердің хемотаксистік жайты

353. Аллергиялық әсерленістердің цитотоксиндік түріне жатады
А) қондырымды тойтару әсерленісі
В) туберкулиндік сынау
С) есекжем
D) поллиноз
Е) аутоиммундық гемолиздік анемия
354.Иммундық-кешендік зақымдану түрі, даму негізінде жатады

  1. аутоиммундық гемолиздік анемияның

  2. аутоиммундық лейкопенияның

  3. аутоиммундық тромбоцитопенияның

  4. аутоимммундық гепатиттің

  5. васкулиттің

355. Аллергиялық әсерленістердің иммундық кешендік түріне тән

  1. IgE түзілуі

  2. ерімейтін иммундық кешендердің түзілуі

  3. сезімталдығы жоғарылаған Т- лимфоциттердің қатысуы

  4. лаброциттердің (мес жасушаларының) бетінде иммундық кешендердің бекуі

  5. қылтамырлардың тіректі мембраналарында иммундық кешендердің бекуі

356. Аллергиялық әсерленістердің III түрімен басымырақ дамитын ауруларға жатады
А) сарысулық ауру
В) иммундық агранулоцитоз
С) есекжем
D) туберкулин сынауы
Е) аутоиммундық гемолиздік анемия
357. Аллергиялық әсерленістердің III түрі бойынша дамитын ауруларға жатады

  1. поллиноздар

  2. атопиялық бронх демікпесі

  3. есекжем

  4. Квинке ісінуі

  5. Артюс ерені

358. Аллергиялық әсерленістердің IҮ түріне тән
А) қан тамырлары эндотелийінің зақымдануы
В) қан тамырларының тіректі мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы
С) тромбоциттер және нейтрофилдердің әсерленуі
D) плазмалық ферменттік жүйелердің әсерленуі
Е) гранулематозды қабынудың дамуы
359. Артюс ерені - бұл
А) аллергиялық әсерленістің III түрінің жайылған түрі
В) аллергиялық әсерленістің II түрінің жергілікті түрі
С) аллергенді тері ішіне алғаш еккенде пайда болады
D) қанда аллергеннің айналып жүруінің салдары болады
Е ) аллерген енгізген жерде гиперемия, ісіну, қан құйылу және өліеттену сияқты клиникалық көріністермен білінеді
360. Сарысулық ауру дамиды
А) организмге тағамдық өнімдер түскен кезде
В) организмге қарапайым химиялық қосындылар түскен кезде
С) бөтен тінді ауыстырып отырғызған кезде
D) аллергендердің дем арқылы түсуінің салдарынан
Е) организмге бөтен текті сарысуды немесе оның негізінде дайындалған дәрмектерді енгізуге жауап ретінде
361. Патогенезінде Т-лимфоциттердің маңызы жоғары аллергиялық әсерленістердің түрі

  1. цитотоксиндік

  2. жасушалардың қатысуымен өтетін

  3. иммундық кешендік

  4. анафилаксиялық

  5. реагиндік

362 Патогенезінде Т-лимфоциттердің маңызы жоғары аллергиялық әсерленістердің түрі

  1. анафилаксиялық

  2. жасушалардың қатысуымен өтетін

  3. реагиндік

  4. цитотоксиндік

  5. иммундық кешендік

363. Жасушалардың қатысуымен өтетін аллергиялық әсерленістердің дәнекерлері
А) гистамин
В) лейкотриендер
С) лимфокиндер
D) комплементтің белсенді бөлшектері
Е) простагландиндер
364. Аллергиялық әсерленістердің IV түрі бойынша дамиды
А) поллиноз
В) бронх демікпесі
С) Квинке ісінуі
D) есекжем
Е) бактериялық аллергия
365. Аллергиялық әсерленістердің IV түрі бойынша дамиды
А) сарысулық ауру
В) Артюс ерені
С) туберкулиндік сынау
D) поллиноз
Е) атопиялық бронх демікпесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет