4. ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАР ТІЗІМІ
1. Дене жүктемесі сынауларымен жүрек – қантамыр жүйесінің икемделіп – бейімделу мүмкіншіліктерін (ауруалды) анықтау
Студент Мартине сынауын жүргізіп, алынған деректерді талдай және бағалай білуі қажет.
2. Дене жүктемесі сынауларымен тыныс алу жүйесінің икемделіп – бейімделу мүмкіншіліктерін (ауруалды) анықтау
Студент Штанге және Генче сынауларын жүргізіп, алынған деректерді талдай және бағалай білуі қажет.
3. Экзогендік гипоксияның үлгісін алу
Студент экзогендік нормобариялық және гипобариялық гипоксияның үлгісін алып, байқалған өзгерістердің (зақымдану және икемделу серпілістері көріністері) патогенезін түсіндіруі керек.
4. Гемдік гипоксияның үлгісін алу
Студент гемдік гипоксияның үлгісін алып, байқалған өзгерістердің (зақымдану және икемделу серпілістері көріністері) патогенезін түсіндіруі керек.
5. Артериалық гиперемияның үлгісін алу
Студент бақаның тілінде артериялық гиперемияның үлгісін алып, қанайналым өзгерістерінің патогенезін түсіндіруі керек.
6. Артериалық гиперемияның үлгісін алу
Студент қоянның құлағында артериялық гиперемияның үлгісін алып, сыртқы көріністерінің патогенезін түсіндіруі керек.
7. Веналық гиперемияның үлгісін алу
Студент бақаның тілінде веналық гиперемияның үлгісін алып, қанайналым өзгерістерінің патогенезін түсіндіруі керек.
8. Ишемияның үлгісін алу
Студент қоянның құлағында ишемияның үлгісін алып, сыртқы көріністерінің патогенезін түсіндіруі керек.
9. Май эмболиясының үлгісін алу
Студент ішек шажырқайында май эмболиясының үлгісін алып, қанайналым өзгерістерінің патогенезін түсіндіруі керек
10. Қабынудың үлгісін алу
Студент қабынудың үлгісін алып (Конгейм тәжірибесі), қанайналым өзгерістерінің және лейкоциттердің эмиграциясының патогенезін түсіндіруі керек.