Руководителю соц


«ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ



бет13/20
Дата16.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#116208
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Жүйке-27.06.10

«ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ
Мақсаты:

  1. Студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының өткен тақырыптар бойынша білімдерін бағалау

Бақылаудың мақсаты:

  1. Өткен материал бойынша білімдерін бекіту



Студенттер білімін бақылау сұрақтары:

  1. Жүйке жүйесі ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі

  2. Нейрожұқпа туралы түсінік. Менингиттің этиологиясы мен патогенезі.

  3. Мый қабықтарының зақымдану синдромының патогенезі.

  4. Ишемиялық инсульттың этиологиясы мен патогенезі.

  5. Геморрагиялық инсульттың этиологиясы мен патогенез.

  6. Инсульт кезінде нейрондардың зақымдалу патогенезі.

  7. Жоғарғы жүйке қызметінің бұзылысы, невроздар.

  8. Қозғалыстың нейрогенді бұзылыстары. Гипокинездік жағдайлар. Шала салданулар және салданулар, түсінігі, этиологиясы мен патогенезі .

  9. Гиперкинездік жағдайлар. Құрысулар, түсінігі.

  10. Эпилепсияның этиологиясы мен патогенезі

  11. Сезімталдықтың бұзылыстары, түрлері, даму тетіктері

  12. Ауыру сезімі, анықтамасы, түрлері, ауыру сезімінің этиологиясы мен патогенезі .




      1. СЫНАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

  1. Жүйке жүйесінің бүлінісін туындататын сыртқы этиологиялық жайт

  1. әлкогөлдік уыттану

  1. нейрондардың бауырлық комада зақымдануы

  1. мый ишемиясы

  2. гипогликемия

  3. уремия кезінде нейрондар зақымдануы

  1. Жүйкелік өткізгіштермен жүйке жүйесіне түседі

  1. стрептококктық экзотоксин

  2. менингококк

  3. пневмококк

  4. ішек таяқшасы

  5. құтыру вирусы

  1. Нейрон ішілік қосындылар түзетін вирустар

  1. цитомегаловирустар

  2. энтеровирустар

  3. құтыру вирустары

  4. ұшық вирусы

  5. полиомиелит вирусы

  1. Жұлындық трансмиссивті энцефалопатия себебі

  1. цитомегаловирустар

  2. энтеровирустар

  3. құтыру вирустары

  4. ұшық вирусы

  5. приондар

  1. Жүйке жүйесінің төзімділігін қамтамасыз етеді

  1. қарсы жүйелер

  2. аэрогемдік тосқауыл

  3. нейрондардың төмен дәрежедегі жасушаішілік регенерациясы

  4. жайылмалы қозу

  5. глиалдық жасушалардың төмен белсенділігі

  1. Тежелудің тапшылығы – бұл:

  1. трофогендер тасымалдануының бұзылуы және патотрофогендердің түзілуі

  2. нейронға афференттік серпіндер түсуінің азаюы

  3. ОЖЖ төменгі бөліктерінің ОЖЖ жоғарғы бөліктерінің бақылауынан шығуы

  4. постсинапстық құрылымдарға жүйкелік ықпалдың төмендеуі

  5. белсенділігі жоғары нейрондар тобы

  1. Денервациялық синдром – бұл:

  1. трофогендер тасымалдануының бұзылуы және патотрофогендердің түзілуі

  2. нейронға афференттік серпіндер түсуінің азаюы

  3. ОЖЖ төменгі бөліктерінің ОЖЖ жоғарғы бөліктерінің бақылауынан шығуы

  4. постсинапстық құрылымдарға жүйкелік ықпалдардың төмендеуі

  5. белсенділігі жоғары нейрондар тобы



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет