МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Патофизиология – 2. «ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ» модулі
МОДУЛЬДІҢ МАҚСАТЫ: студенттерді іргелі және клиникалық пәндердің біріктірілуі негізінде ересектер мен әр түрлі жастағы балалардың қалыпты және дерттік жағдайдағы жүйке жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін басты физиологиялық үрдістер және синдромдарды қалыптастыратын патофизиологиялық тетіктерді түсіне отырып қалыпты және патологиялық жағдайларды клиникалық зерттеу негіздеріне үйрету.
Патофизиология-2 модулінің мақсаттары: жүйке жүйесінің дерті кезінде дамитын , негізгі әйгіленімдер мен синдромдардың дамуының тетіктерін түсінуді үйрету.
ДӘРІС ЖИНАҒЫ № 1 тақырып. «Жүйке жүйесі қызметі бұзылуының жалпы этиологиясы және патогенезі. Мый қанайналымы бұзылыстарының патофизиологиялық тетіктері» Мақсаты:
Жүйке жүйесі қызметі бұзылуының жалпы этиологиясы және патогенезінің сұрақтарын меңгеру.