Сұрақтар: 1. Лабораторлық көрсеткіштерде өзгерістерді көрсетіңіз. Зертханалық мәліметтердегі қалыптылықтан ауытқудың патогенезін түсіндіріңіз.
2. Мұндай зертханалық көрсеткіштер болатын патологияны анықтаңыз және дерттің патогенезін түсіндіріңіз.
3. Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйелердің бұзылуының белгілері бар ма, жауапты дәлелденіз?
4. Клиникалық көріністерге патофизиологиялық талдау жүргізіңіз.
5. Әріптермен белгіленген белгілерді, сәйкес медициналық терминдерді сипаттаңыз. Бұл белгілердің ықтимал себептері қандай?
Тапсырма № 2 72 жасар науқас А., денесінің сол жақ бөлігінің әлсіздігіне шағымданып, аурухананың қабылдау бөліміне түсті. Бұл көріністер тамақ қабылдау кезінде кездейсоқ пайда болған. Науқаста сөйлеу қабілеті қиындаған және сол аяғынмен сол қолын қозғалта алмайды. Анамнезінде науқаста артериялық гипертензия мен, ЖИА-мен ауыратыны және холестериннің деңгейі жоғары екендігі анықталды. Зерттеу барысында: АҚ 190/100 мм.с.б.б., сол жақтық айқын гемипарезі, сол жағында Бабинский рефлексі анықталды. Мыйдың компьютерлік томографиясында қан құйылу көріністері жоқ.
Лабораторлық көрсеткіштер