Тапсырма № 12 К есімді 12 жастағы науқас ер бала, уақтылы туылған, жасына сәйкес өсіп жетілген. Үш жасар кезінде қызылшаға қарсы сарысуды енгізгеннен кеін клонико- тоникалық тырыспа ұстамасынан кеін ауыра бастаған. Кеінгі жылдары аталғн ұстамаларға ұқсас ұстамалар айына 1-2 рет қайталанған. Клиникаға тексерілу үшін түсті. Тексеру барысында ішкі ағзаларда патология анықталмады. Жүйке жүйесінің ошақты бұзылысы жоқ. Көз түбі өзгермеген. Клиникада 3 минутқа созылған ұстама байқалды. Ұстама кезінде бет-әлпеті қызыл- күреңденіп көгеруге дейін барды (цианоз), ауыз қуысынан қыл түсті қан аралас көбік бөлініп шықты, көз қарашығы кеңейген, жарыққа жауап қайтармайды, аяқ қолдарында клонико- тоникалық ұстама байқалды. Ұстамадан кейін ұйықтады. Келесі күні тілінде тістер іздері көрінді ЭЭГда екі жарты шарда да бірен- сараң үстік толқындар байқалды. Краниограммада патология анықталған жоқ
Сұрақтар: Қандай ауру туралы ойлауға болады?.
Көрсетілген аурудың этиологиясы мен патогенезің түсіндіріңіз
Сабақ № 2. (5 сағат)
«Эндокринопатиялардын жалпы этиология мен патогенезі. Гипо- және гипертиреоздардың патофизиологиялық тетіктері. Гипергликемиялық және гипогликемиялық команың патогенезі».
Сабаққа дайыналуға сұрақтар: Эндокринопатиялардың этиология мен патогенезі.
Қалқанша безінің ауруы бар науқасты радиоиммундық әдіспен зерттегенде қан сарысуында тироксин (Т4), трийодтиронин (Т3) деңгейлері азайғандығы, ТТГ-ң өзіндік деңгейі жоғарылағандығы анықталды.